ДӘРІС № 26 Тақырыбы: Саяси қысым жағыдайында Дәрістің мазмұны: 1.Мәдениет қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдерін саяси қудалаудың жалғасуы. 2.Сталиннен кейінгі кезенде жазықсыз жапа шеккендерді ішінара ақтап алудың басталуы. 3.Ұлтзиялыларын қудалаудың жаңа толқыны.
Орталықта болып жатқан кез келген науқан ұлттық республикадаәлдеқайда соны серпінмен қайталанып отырды. 1946 жылы БК(б)П Орталың Комитетінің “Звезда”, Ленинград” журналдары туралы қаулылары шығып, бірқатар көркемөнер қайраткерлерінің қуғынға ұшырауы Қазақстандағы ұлт зиялыларын қудалаудың жаңа толқынына жол ашты. Республиканың партия комитеттеріөз жұмыстарын БК(б)П Орталық Комитетінің аталған қаулыларының бағытында ғана жүргізетін болды. Бұлшараларадамдарды тағы да өз араларынан “жау” іздеугеитермеледі. Әдебиет, өнер және ғылым қайраткерлеріне негізсізсаяси айып тағу басталды.Қазақстан БК(б)П Орталық Комитетінің 1947 жылы шыққаг “Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрескел саяси қателер туралы” қаулысымен қазақ халңының Қазан төнкерісіне дейінгі кезеңдегі, әсіресе XX ғасыр басындағы рухани мұрасын ғылыми зерттеуге шек қойылды. “Біз ӘРБІР ұлттық мәдениеттен оның демократиялық және социалистік элементтерін аламыз, соларды ғана аламыз және де мұны, сөз жоқ, буржуазиялық ұлтшылдыққа қарсы пайдаланамыз” деген В.И.Лениннің сыңаржақ ҚАҒИДАСЫН бетке ұстаған бұл қаулы өткеннің рухани мұраларын талқандап, оның ең мәнді, сүбелі дегендерін қоқысқа лаңтырып тастауға жол ашып берді. Өткен ғасырларда жасалған мәдениет туындыларын ғылыми тұрғыдан байытуға, жаңа заманға сай өңдеп, қайта пайдалануға ұмтылыстың бәрі саяси қателік және ұлтшылдық
сипаттағы бұрмалаулар деп жарияланды. Мұның арты әдеттегідей даурықпа айғайға, қазаң зиялылары арасынан ұлтшылдар” мен“байшылдарды”іздеу науқанына ұласты.
Ғылыми мекемелерде, университеттер мен институттарда, әдебиетшілер мен өнер адамдарының арасында қайтадан 1930 жылдапрдағыдай жағдай қалыптасты. Зиялылар арасында күдік өршіді, олардың бойларын үрей биледі. Мәскеуде “Дәрігерлер ісі”, Ленинградта “Ленинград сі" деп аталған саяси күйрету шаралары жүріп жатқан кезде, Қазақстанда “Бекмаханов ісі” қолға алынды. Дарынды тарихшы, ғалым Ермұхан Бекмаханов — 1943 жылы Алматыда жарық көрген Қазақ КСР тарихы” атты көлемді еңбектің негізгі авторларының бірі. Тарихшының аталған кітаптағы Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалысты туралы материалдары мен 1946 жылы КСРО Ғылым академиясында қорғаған докторлық диесертациясы негізінде жазылып, "XIX ғасырдың 20—40-жылдарындағы Қазақстан" деген атпен жарияланған монографиясы сынға алынды.
Сынаушылар Е.Бекмахановтың еңбектерін орысқа қарсы жазылған және онда Ресейге қарсы ұлттық көтгрілістер дәріптелген деп айыптады. Авторға Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалысты ақтау тұрғысынан көрсеткен буржуазияшыл-ұлтшыл идеологияны дәріптеді деген кінә тағылды. 1950 жылдың желтоқсанында “Правда” газетінде ‘Қазақстан тарихы мәселелерін маркстік-лениндік тұр ғыдан баяндайық” деген мақаланың жариялануы Е. Бекмахановты ресми түрде саяси айыптаудың басы болды. 1951 жылғы сәуірде Қазақстан БК(б)П Орталық Комитеті осы мақалаға байланысты қаулы қабылдап, оны дұрыс деп бағалап, автордың “буржуазияшыл-үлтшылдық көзқарастарын” айыптады. Қазақ КСР Жоғарғы Сотының қылмысты істер жөніндегі коллегиясының үкімімен Е.Бекмаханов 25 жыл мерзімге бас еркіндігінен айырылып алыс лагерьлердің біріне айдалды. Дегенмен Мәскеу мен Ленинградтағы кейбір ірі ғалымдардың араласуымен Е.Бекмаханов 1954 жылы ақталып шықты.
1940 және 1950 жылдардың басында әділетсіз саячси айыптауға ұшырамаған қазақ зиялылары аз болды. Олардың қатарында республикаға белгілі қоғамтанушы ғалымдар, жазушылар, мәдениет қайраткерлері — Л. Жұбанов, Қ. Жұмалиев, Б. Сүлейменов, Е. Ысмайылов. I. Кеңесбаев, С. Мұқанов, тағы басқалар болды. Ірі ғалым Ә. Марғұланның көзқарасы ғылымға жат деп танылды. Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті Қ.Сәтбаев, дарынды жазушы Ю.Домбровский Қазақстанды тастап кетуге мәжбүрболды. Қазақтық ұлы жазушысы М.Оус.н ж ке де Отанынан тыс жерден баспана іздеуге тура колді Биология, медицина және геология ғылымдары сала ларында жемісті еңбек етіп жүрген көптеген ғалымдарға космополит”деген айдар тағылды. Олардың кейбіреулері республиканың ғылыми-зерттеу мекемелері мен жоғары оқу орындарын тастап кетті.
Қоғамда болып жатқан құбылыстарға қатысты өзіндік ,пікіp айтып, өзгеше ойлағаны үшін қудаланғандар басшылықтың орта және төменгі буындары арасынан да,қарапайым мұғалімдер, заңгерлер, дәрігерлер арасынан да мол кездесті.Ендігі уақытта қоғамның даму барысындағы келеңсіз құбылыстарды шұқып көрсетушілерді, өзінше ойлайтындарды бұрынғыша ашық жазалауға болмайтын еді.1950 жылдардан бастап жазалау әдістері біраз өзгерді: бұл кезде партия қатарынан шығарып, қызметтен қуу, оған бой бермегендерді психиатриялық ауруханаларға тығу Етек ала бастады.«Хрущев жылымығы». Сталиннің жекебасына табынушылықты айыптаған КОКП-ның XX съезінен кейін Қазақстанның бірқатар мемлекет қайраткерлері Асфендияров, О.Жандосов, О.Исаев, Л.И.Мирзоян, МЕңдешев, М.Масанчи, Н.Нұрмақов, А.Розыбақиев,Сейфуллин, т.б. есімдері қайта атала бастады.Сталин қайтыс болғаннан кейінгі кезеңде социалистік қоғамының қайшылықтары, олардың мәні, тарихтағы жеке адам және халық бұқарасының орны, социализмді құрудағы теория мен тәжірибенің арақатынасы сияқты іргелі мәселелерді талқылауға жол ашылып, баспасөзде пікірталас орын алды. Өткенге сын көзбен қарау, қоғамды алаңдатып отырған күрделі мәселелерге жауап іздеу партияның ірі жиындарының мінберінен көтеріле бастады.Бұл қоғамда ауқымды өзгерістер жасау қажеттігінен туындаған заңды құбылыс еді. Дегенмен мығым басқару аппаратының, кертартпалығынан бұл ұмтылыстар кең қанат жайып кете алмады.миллиондаған адамның құқығын аяққа басып, жазықсыз жандарды жәбірлеген саяси қайраткерлердің көпшілігі билік басында қала берді. Саяси қуғынның құрбаны болғандарды ақтау тиянақты жүргізілмеді. Билік иелері басталған демократиялық үдерістерді аяғына дейін жеткізбей, үзіп тастап отырды. Бірқатар адамдар лагерьлерден босатылып, ақталғанымен, әлі де жүздеген мың адамдар абақтының тар қапастарында қала берді. Өткен жылдардың ауыр қасіреттері — Қазан төңкерісінің мәні, Азамат соғысының себептері мен салдары, ұжымдастыру кезіндегі жаппай қырғын сияқты тарихи құбылыстарға сыңаржақ баға беру мен шындықты көрінеу бұрмалау жалғаса берді. Сталиннен кейін билікке келгендер өз жерінен жазықсыз қуылған шешен, ингуш, қалмақ балқарларды отанына қайтарғанымен, корейлердің, немістердің, қырым татарларының, месхет түріктерінің құңыңтарын ңалпына келтіруден бас тартты.
Бақылау сұрақтар:
1. Сталиндiк тоталитарлық әкiмшiлiктi тұтастай халықтарды жер аударуға итермелеген не деп ойлайсыңдар?
2. Айдаумен келiп, Қазақстан жерiне қоныстанған халықтарды қазақтар қалай қарсы алды?
3. Саяси қудалаудың қандай жаңа тәсiлдерi ойлап шығарылды?
4. Осы сабаққа қысқаша қорытынды жазыңдар. 1940—1950 жыл- дар iшiнде қуғын көрген мәдениет қайраткерлерiнiң есiмдерiн дәптерлерiңе жазып қойыңдар.