Саяси лидерлік және оның типтері



Дата11.05.2022
өлшемі65,61 Kb.
#142679
Байланысты:
Әлемдік саясат

Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар

Халықаралық қатынас

  • Халықаралық қатынас – бұл экономикалық, саяси, диполматиялық, әлеуметтік, құқықтық, әскери және гуманитарлық байланыс пен әлемдік қауымдастықтың негізгі субъектілері арасындағы қатынастар жиынтығы.
  • Халықаралық қатынастарға ықпал ететін факторлар: әлемдік экономикалық жағдай; әскери стратегиялық жағдай; жеке мемлекеттердің ықпалы, табиғи ортаның әсері; шикізат және табиғи ресурстар жағдайы.
  • Халықаралық қатынастардың негізгі субъектілері: халық; мемлекет; мемлекетаралық ұйым; әлемдік, регионалдық саяси үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар.

Қазіргі халықаралық қатынастар

  • Қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастың дамуының негізгі тенденциялары: әлемнің тұтастығы мен өзара тәуелділіктің артуы; халықаралық қатынаста көпұлтты жүйенің пайда болуы; әлемдегі әлеуметтік әр тектіліктің сақталуы; қарама - қайшылықтар мен шиеленістерді шешуде саяси құралдардың ролінің артуы; проблемаларды шешудің дәстүрлі жолдарымен әлемдік дамудың шынайылығы арасындағы қарама – қайшылықтардың шиеленісуі; бірдіндеп геосаяси кеңістіктің капитал, тауар, қызмет түрлері бар біріккен аймақты құруы.

Сыртқы саясат

  • Сыртқы саясат – бұл халықаралық аренада өз мүддесі мен қажеттіліктерін іске асырудағы мемлекет пен басқа да қоғамның саяси институттарының қызметі.
  • Сыртқы саясаттың мақсаты: саяси курстың өткізілуі мен елдің сыртқы экономикалық дамуын қолайлы жағдаймен қамтамасыз ету; сыртқы саяси міндеттерді жүзеге асырып, халықаралық байланыс жүйесін қамтамасыз ету.

Сыртқы саясат

  • Сыртқы саясатты жүзеге асырудың формалары: мемлекеттер арасында дипломатиялық қатынастар орнату; халықаралық ұйымдар негізінде немесе соған мүше ретінде мемлекеттік өкілдіктердің ашылуы; мемлекет, партия өкілдерімен әр түрлі дәрежеде жиі және үнемі байланысты жүзеге асыру.

Сыртқы саясат

  • Мемлекеттің сыртқы саясатындағы әдіс - тәсілдер: үнемі информация алмасуды іске асыру; әр-түрлі дәрежеде ресми түрде қарым қатынас пен алмасу, екі жақты және көпжақты шарттар мен келісімдер дайындау; мемлекеттердің ішкі және сырқы саяси іс-әрекеттерін немесе олардың одақтасуының даму мүмкіндіктеріне көмектесу; толық немесе жартылай блокадаға дайындалу және жүзеге асыру; сырқы саяси жағдайда қолайлы әскери іс - әрекет жүргізумен қамтамасыз ету және соғысқа дайындық.

Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалар

  • Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалар – бұл адамзаттың әлеуметтік дамуымен байланысты, өмірлік қажетті проблемалар жиынтығы.
  • Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалардың айрықша белгілері - барлық мемлекеттердің, адамзаттың өмірлік қажеттіліктері қозғалады; адамзаттың позитивті дамуына қатер төндіреді; өз шешіміне барлық мемлекет пен халықтың ұжымдық күш салуын талап етеді.

Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалар

  • Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалардың негізгі топтары:
  • Халықаралық қатынас саласымен байланыстылар: бейбітшілікті сақтау мәселесі, әлсіз дамыған мемлекеттердің экономикалық артта қалу қиындықтарын жеңу, халықаралық терроризммен күрес.
  • Қоғам мен жеке адамның өзара қарым – қатынасымен байланысты: аштық пен күрес, білім мен денсаулық саласының маңызды мәселелерінің шешімі, адамзат өмір сүруінің рухани саласын қорғау.
  • Табиғат пен адамның өзара қарым – қатынасымен байланысты: экологиялық, энергетикалық, шикізаттық, азық – түліктік және дамографиялық.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет