Мемлекеттік (саяси-құқықтық) режимнің түсінігі дегеніміз – қоғамдағы мемлекеттік билікті іс жүзіне асыру жолдарының әдістерінің жиынтығы.Саяси режим саяси жүйенің де, қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның да мәнді сипаттамасы.Саяси режим тұлғаның саяси шынайылықты және оның проблемаларын түсінуіне шешуші ықпалын тигізетін саяси еркін қалыптастыра отырып, белгілі бір деңгейде тұлғаның әлеуметтік-саяси белсенділігін шектейді. Сондықтан да, саяси режим – абстрактілі категория емес, ол шынайы әлеуметтік-саяси мазмұнға ие. Ол сонымен бірге адамның ішкі дүниесін, оның құндылық бағдарларын қалыптастырады.Саяси режим саяси жүйенің құрылымдық элементтеріне, олардың саяси басымдылықтарына, биліктік әсер етудің әдістерін, құралдарын таңдауына ықпал етеді.Саяси режимнің қызмет етуі қоғамның саяси мәдениетіне, адамдардың саяси тәжірибесіне, халықтың діліне айтарлықтай әсер етіп, тұлғаның қандай да бір саяси режимді қалауын қалыптастырады.
Саяси режим деп саяси билікті жүзеге асыруға қолданатын әдіс-тәсілдердің жиынтығын және қоғамдағы еркіндік деңгейін айтамыз.Саяси режимдер қоғам, мемлекет және тұлға арасындағы байланысты жүзеге асырады. Осы байланыстың әлеуметтік өмірдің басты субъектілерінің арасында қалай және қандай тәсілдердің, құралдардың, күштердің көмегімен қандай ұйымдасқан формада жүзеге асатыны-өте маңызды мәселе. Бұл жағдайда біз қоғамды, мемлекетті, тұлғаны өзара әрекеттесуші субъектілердің жүйесі ретінде көре аламыз. Мұндағы субъектілер дербес элементтер және олардың арасындағы өзара әрекеттесудің өзіндік тәсілі "саяси режим" ұғымымен белгіленеді.
Саяси режим – мемлекеттің, қоғамның және жеке адамның арасындағы қарым-қатынастардың сипатын анықтайтын мемлекеттік билік органдарының қызмет-әдістерінің жиынтығы.Саяси режимдер түрлі тарихи жағдайларға байланысты мынандай типтерге жіктеледі:
• Демократиялық саяси режим;
• Тоталитарлық саяси режим;
• Авторитарлық саяси режим.