БөЖ 1 Қазіргі Қазақстандағы саяси режим түрін анықтау және өз таңдауын дәлелдеу. «Саяси режим»



бет1/3
Дата13.12.2021
өлшемі33,34 Kb.
#100020
  1   2   3
Байланысты:
саясаттану БӨЖ 1,2,3


БӨЖ 1 Қазіргі Қазақстандағы саяси режим түрін анықтау және өз таңдауын дәлелдеу.
«Саяси режим» ұғымы саяси билік проблемаларымен тікелей байланысты. Саяси режим (тәртіп) дегеніміз – мемлекеттік билікті жүзеге асырудың тәсілі, қоғамдағы азаматтардың еріктері мен құқықтарының деңгейі. «Саяси режим» деген түсінікті «мемлекетті басқару түрлерімен» шатыстырмаған жөн, себебі демократиялық мемлекет жағдайындағы саяси тәртіптің де әртүрлі сипаттары бар. Бұл ұғым мемлекет басқарудың түрін емес, оның сапасын айқындайды, қоғамның саяси өміріне сипаттама береді.

Саяси тәртіп түсінігінің шеңберіне мемлекеттік билікті қалыптастыратын тәсілдер, сол үшін қолданылатын құралдар, саяси биліктің іс-қимылдарының түрлері және т.б. жатады. Саяси тәртіп ұғымымен танысу барысындағы ерекше байқалатыны - мемлекеттегі билік жүйесін қалыптастыру мәселесі. Билік сайлау арқылы қалыптасады ма, әлде өзара сыбайластықпен тағайындала ма? – деген сұрақ. Мысалы, кейбір жағдайда сөз жүзінде мемлекет жүйесіндегі барлық басшылар сайланады деп айтылғанмен, іс жүзінде оларды жоғарғы органдағылар бекітеді немесе жариясыз түрде тағайындап отырады. Бұл шенеуніктердің іс жүзінде билікке қатысты мәселені бір-бірімен келісіп өз мақсатына сәйкес шешуіне ықпал етеді. Бұндай іс-әрекет көп жағдайда қоғамдағы азаматтардың еріктері мен құқықтарына қайшы келіп мемлекеттік биліктің заңдылығына (легитимдігіне) нұсқан келтіреді, демократияға кедергі жасайды.

Қоғамның саяси өмірінде сыбайластық, жағымпаздық қаншалықты орын алса, мемлекет соншалықты ескірген саяси тәртіпке айнала бастайды. Саяси білімдер әдебиетінде саяси тәртіптерді демократиялық және демократияға қарсы (антидемократиялық) деп үлкен екі топқа бөледі. Демократиялық немесе саяси әртүрлілік (плюрализм) тәртібі дегеніміз –саяси билік органдарының халықтың бақылауында болуын қолдайтын қоғамның саяси және экономикалық құрылысының түрі. Саяси әртүрлілік коғам мүшелерінің құқығы мен бостандығын жоғары бағалаушы саяси тәртіп. Бұл режимде мемлекеттік биліктің көзі толығымен халық болып саналады.

Саяси әртүрлілік тәртібінің негізгі белгілері: -заңсыз үстемдік етуші биліктің қоғам өмірінен аластатылуы; -қоғамның саяси жүйесінің жалпыадамзаттық құндылықтар жолын ұстануы; -экономикадағы демократиялық принциптердің орнығуы; -азматтарды әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуы; -қоғам мүшелерінің мәдени-рухани дамуына толық жағдай жасау. Адамзат тарихында орын алатын монархиялық, тоталитарлық билік тұсында және авторитаризм кезеңінде демократиялық тәртіптің орнатылуына мүмкіндік болған жоқ. Әлем халықтары демократияға соңғы кезеңдерде ғана жете бастады.Сол себептен қазіргі кездегі саяси тәртіпке сипаттама жасау үшін 55 демократиялық емес саяси тәртіптердің тарихи түрлерін білудің маңызы зор.

Адамзат тарихында саяси тәртіп бірнеше түрлерден және кезеңдерден өтті.Саяси тәртіп көп жағдайда бір қалыпта емес, аралас түрде кездеседі.Солардың ішіндегі негізгі үш түрін атауға болады. Олар империя, тоталитарлық және авторитарлық режим.

Империяның негізгі белгілері: -жер көлемінің орасан зор болуы; -құрамындағы халықты күшпен бір орталыққа бағындырып отыратын биліктің орнығуы; -әрдайым өз жерін кеңейтуге бағытталған саясат ұстануы; -саяси орталық пен шет аймақтардың өзара шиеленісте болуы; -орталық саяси биліктің қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделері мен сұраныстарын ескермеуі; -мемлекеттің әртүрлі мәдени және этностық құрамнан тұруы.

Империялар ерте заманнан бастап қалыптасты, ал қазіргі уақытта олар таза күйінде кездеспейді. Тарихтан белгілері: Рим империясы, Қытай, Латын, Осман империялары, Араб халифаты, Британ, Ресей империялары, КСРО. Империялардың ең ұзақ өмір сүргені Рим империясы(б.з.д.27жылдан б.з.1453жылға дейін). Империялар тарихын терең зерттеген ойшыл, ғалым— Цицерон болды. Империя жөнінде ол былай деген: «Империяның ыдырауы айқын, себебі империя барлық уақытта орталық билік пен бағынышты халықтардың арасындағы қайшылыққа негізделеді». Цицеронның осы пікірінің ақиқат екенін тарих дәлелдеп отыр.

Бүгін әлемде таза күйінде кездесетін империя жоқ және адамзаттың интелектуалдық сана-сезімінің жоғары дамуына байланысты ол тарихқа қайта оралмауы тиіс.

Тоталитарлық тәртіп дегеніміз –қоғамның барлық саласындағы әрбір адамның өмірі мемлекет тарапынан толық бақылауға алынған мемлекеттіксаяси құрылым түрі. Экономика саласында жеке меншікке шек қою; саяси салада қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар қалыптастыруға тиым салу; бір ғана басқарушы партияға мүше болуға мәжбүр ету; рухани салада бір идеологияға бейімделу т.с.с.

Тоталитарлық тәртіптің негізгі белгілері: - қоғамдағы саяси-әлеуметтік тәртіптің күшпен орнатылуы; - әлеуметтік топтардың бостандығының шектелуі; - мемлекеттік немесе жалғыз басқарушы партияның идеологиясының жүргізілуі; - бейімделушіліктің (конформизм) қалыптасуы: іштей келіспесе де, билік басындағы адамдардың ығына жығылып, бейімделу.

Авторитарлық тәртіп дегеніміз - қоғамдағы толық жетілмеген демократияға негізделген жеке адамның немесе саяси биліктің бір тармағына сүйенетін мемлекеттік-саяси құрылым. Авторитарлық тәртіп көбінесе өтпелі кезеңде қалыптасады, әсіресе қоғам тоталитарлық тәртіптен демократиялық тәртіпке ауыса бастаған жағдайда қалыптасады. Себебі осындай кезеңде алда тұрған мақсаттарды демократиялық тәсілдермен (сайланбалы органдармен) ғана іске асыру қиындыққа түседі. 56 Мысалы, ТМД елдерінің көбінде орын алған авторитарлық тәртіп, жеке тұлғаның билігі немесе атқарушы биліктің күшеюі осы әлеуметтікэкономикалық қиындықтарға тікелей байланысты.

Авторитарлық тәртіптің негізгі белгілері: - жеке адам билігінің немесе саяси биліктің бір тармағының күшеюі; - қоғамдық саяси ұйымдардың құқықтары мен еркіндіктерінің шектелуі; - мемлекеттік жүйедегі қызметкерлердің билікпен мүдделес саяси партиялармен бірігуі; - парламент ролінің шектелуі немесе кейбір жағдайда жойылуы. Мемлекеттің саяси өмірінде авторитарлық тәртіп көбінесе монархияға, бір адамның шексіз билігіне ұқсас болады. Қазіргі кезеңде негізінен бұл көптеген дамушы мемлекеттер үшін объективті процесс, өтпелі кезеңге қажет саяси тәртіп болып саналады. Сонымен, саяси тәртіп саяси биліктің және саяси жүйенің сапасын анықтап, қоғамның саяси өміріне сипаттама береді. Қорыта келгенде, әлемдік тарихи тәжірибе – демократиялық билік негізінде қоғам құру, қоғамдық өмір салаларына демократиялық ұстаным енгізу ең дұрыс шешім болып табылатынын көрсетеді.

Демократиялық билік орнату үшін төмендегідей негізгі міндеттер атқарылуы қажет, олар: - билікті бөлу және бөлісу (заң,атқару, сот билігіне ажырату), олардың бір-біріне үстемдік етпеуі және бір-бірімен сыбайластыққа бармауы; - меншік түрлерінің теңдігі мен еркіндігін қамтамасыз ету; - азаматтардың заң алдындағы теңдігін қалыптастыру, азаматтық қоғам орнату.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет