Сценарий: " Бар мейіріміміз балаларға "



Дата30.11.2022
өлшемі14,94 Kb.
#160484
түріСценарий
Байланысты:
1 маусым балаларды қорғау күніне арналған сценарий




1 маусым балаларды қорғау күніне арналған сценарий:
“Бар мейіріміміз балаларға “



1 Маусым – Халықаралық балалар күні (Бар мейіріміміз балалар)

«Бар мейіріміміз балаларға» атты лагерьдің ашылу салтанаты




Бақшаға біз гүл ексек,
Балдырғаным, сен үшін,
бақытыңды жыр етсек,
Балдырғаным, сен үшін
Жігіт болар, күні ертең
Балдырғаным, гүл еркем
Бақытты бол, өсе бер,
Құтты болсын мерекең!


Армысыздар, құрметті, ұлағатты ұстаздар мен ата – аналар және оқушылар!
Бүгінгі «Қаражал негізгі мектебі» жанынан ашылып отырған «Айгөлек» күндізгі тынығу лагеріне қош келдіңіздер!


1 – маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бар мейіріміміз балаларға» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Арманы бір, үні бір
Аға ардақты, іні гүл
Бақыт туын көтерген
Балалардың күні бұл
Балалар бүгін сендердің мерекелерің «Қандай күн?»
«1 – маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні»(хормен)

– Балаларды қорғау дегеніміз – әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз.


Бұлтсыз күн, ашық аспандай, нұрын шашқан күн сәулесіндей біздің балаларымыз бейбіт өмір сүрсе екен, олардың жүректерін қайғы мұң шалмаса екен!


Қымбатты балалар! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Отбасынан басталған бақытты балалық шақтарың Отанның мықты азаматтары болуға жетелеуін тілейміз.


«Бар мейіріміміз балаларға!» атты ертеңгілігімізді бастамас бұрын құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Табылдыбек Жұмажанұлына береміз.
Келесі сөз кезегін бүгігі қуанышымызды бөлісіп, мерекемізді құттықтауға арнайы келген қонағымыз, ауылымыздың белді азаматы Самкенов Кеңес ағаға береміз.


Тілектері орындалсын ананың.
Кешегі өткен арамыздан жыр төгіп,
Өздеріңсің жалғастырар бабамның.
Біз өнерсіз баламыз ба?!
Көрсін аға апалар
Көрсін әке , аналар
Ырза болсын балалар - деп мерекелік іс-шарамызды бастаймыз.


Ән көмейден төгілді
Қайғы бұлты шегінді
Балалармен дүние
Көрікті де көңілді – балалар мерекесіне арнап 1-сынып оқушыларының орындауында « » қабыл алыңыздар.


Жан иірімі біле білсең би деген
Кімдерің бар биді ұнатып сүймеген
Қазағымның би өнерін паш етіп
Алдымызда балалармыз билеген


Спорттық би «флешмоб» биі бір топ бишілер
Ән айтайық қосылып,
Сәбилердің бұл күні
Мақтап кетсін осы жұрты
Балалар деп үлгілі


«мектебім» әні орындайтын Талғат Айару



Денсаулық ол – күлуің,
Көңіл күйің жадырай.
Денсаулық ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.


« Би» орындайтын 1-сынып оқушыылары


Өнерлі өрге жүзер талаптанып,
Қыран биік самғайды қанат қағып.
Адам үшін парызымыз ғой өнер іздеу
Жүрген соң адам деген атақты алып
Талайлардың шырқалады жыр әні,
талайлардың жүрегі нұр құшады.
Бүгінгі күн туған жер аспанында,
Ән қалықтап күй мен жыр бірге ұшады,- дей отырып кезекті әнге береміз.
«Кішкентай отаным» 8-cынып оқушысы Танцура Василиса.


Құшағымыз қызыл гүл
Гүлмен келсін келер күн
Балалардың күлкісі
Көркі сәні әлемнің


«көңілді Вальс» 5,6,7,8 –сынып оқушылары.

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын
Осылай болсын, әрбір күнің әр айың
Қадамдарың сәтті болсын, балалар
Тілектерің қабыл болсын ағайын!
Осымен

1 маусым балаларды қорғау күніне арналған «Бар мейіріміміз балаларға» атты іс- шарамыз аяқталды,қош-сау болыңыздар!!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет