Сценарий. Б.Момышұлына арналған «Ерлік пен елдіктің үлгісі» тақырыбындағы ақындар айтысы.
Мақсаты: - Б.Момышұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білім беру, адамгершілікке, ізгілікке баулу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, батырлық пен ерлікті, жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған даралығын насихаттау.
Өтетін орны: №29 мектеп
Өтетін уақыты: 2021 жылдың 07 сәуірі сағат 10:00 де
Кіріспе бөлім:
Жүргізуші:
-Армысыздар, қадірменді қауым. Б.Момышұлына арналған «Ерлік пен елдіктің үлгісі» тақырыбындағы ақындар сайысына қош келдіңіздер!
Айтыс - қазақ музыкасы дін мен дәстүр тұсауынан босатылған уақытта пайда болды және өздігінен халық шығармашылығы іспетті дами бастады. Сайыс алғырлықты, терең ойды, жылдамдықты талап етеді. Айтыс – халық арасында ақын деп аталатын екі суырып салма жыршы арасындағы сайыс. «Сөзбен айқасу бәрінен де күшті» деп халық бекер айтпаса керек. Айтыс кезінде ақындар кез келген еркін тақырыпты өлеңмен өрнектейді. Фольклордың басқа нысандарынан ерекшелігі – айтыс жиналған халықтың алдында өткізіледі.
Бүгінгі айтыс тақырыбына қысқаша сипаттама беру үшін Сырым Әділбеков шақырамыз.
Айтыс ұлттық өнер, қашанда ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен дана халық аталы сөздің қасиетіне бас иген. Сондықтан бабалар мұрасын жалғастыра отырып торқалы тойға өз үлесімізді қосуды жөн көрдік. Бұл айтыс бізде бүгін бірінші өткелі тұр. Ең алдымен осы бастаманы қолдап, қорықпай, жүрексінбей үміттерін үкілі домбыраларына байлап ел алдына шыққалы тұрған жастарға үлкен алғысымды айтқым келеді. Ақ жол, сәттілік тілеймін. Көш жүре түзеледі, артық кемі болса айып етпей қабылдауларыңызды сұраймын.
ІІ.Негізгі бөлім.
Жүргізуші:
Ендеше, сөз байлығын, музыкалық мәдениетті дамытатын айтысымыздың қатысушыларын қошеметпен қарсы алыңыздар.
Ескегенов Даниял №275 мектеп –
Кәрібаев Асылжан №109 мектеп-
Жаулыбаева Қаламқас №183 мектеп –
Жалғасбаев Еркебұлан №85 мектеп
Смайылұлы Бекқанат №29 мектеп –
Орынбасаров Ердаулет №250 мектеп-
Бижанова Жібек №106 мектеп –
Карабдинов Қайсар №250 мектеп-
Абдуллаев Арман №105 мектеп –
10.Серік Аягөз №28 мектеп-
11.Қайыржанұлы Санжар №107 мектеп –
12.Амантай Дияс №269 мектеп -
Келесі кезекте ақындарымызға әділ баға беріп, жеңімпазымызды анықтап беретін қадірменді әділқазыларды таныстырып өтейін:
1.__________________________________________________________________
2.__________________________________________________________________
3.__________________________________________________________________
4.__________________________________________________________________
5.__________________________________________________________________
6.__________________________________________________________________
7.__________________________________________________________________
Жүргізуші: «Аз сөйлесең де саз сөйле» деп қазақ атам бекер айтпаған. Сайыскерлер, ойларыңызды жинақтап жұртқа паш ететін кез де келді.
Алдын ала өткізілген жребийлік таңдау бойынша сайыскерлеріміз жұпталған болатын және өнерін көрсету реттілігі де анықталған болатын. Сол реттілік бойынша менің шақыруыммен сахнаға шығып отырасыздар. Ендеше , іске сәт!
Бірінші кезекте өнерін көрсететін жұп
Ескегенов Даниял №275 мектеп – Кәрібаев Асылжан №109 мектеп. Қарсы алыңыздар!
Рахмет. Ортаға екінші жұпты шақырамыз.
жүргізуші: «Шешендік күші – шындық» дегенді ұстанған сынды бұл жұп. Ендеше бағаларына назар аударайық. Жанатқа беретін бағаларыңыз?
Мөлдіреген Мөлдір қыздарыңызға қандай баға бересіздер?
Көп рахмет. Келесі жұпты сахна төріне шақырамыз.
Асубаева Перизат пен Кыдырбек Дарын.
Жүргізуші: Қадірменді әділқазылар кезек өздеріңізде, ақындарымыздың өнеріне баға берсеңіздер
ІІІ. Марапаттау кезеңі.
Сөз әділқазылар алқасына беріледі.
Мадақтамалар мен сыйлықтарды табыс ету.
Бас жүлде -
І орын –
ІІ орын –
ІІІ орын –
Қалған қатысушыларға әділқазылардың шешіміне сәйкес келесі номинациялар берілді:
Жүргізуші:Құрметті айтыскерлер, жеңістеріңіз құтты болсын!
Өнерді бағалап келген қауым, Б.Момышұлына арналған «Ерлік пен елдіктің үлгісі» тақырыбындағы ақындар сайысы өз мәресіне жетті. Бастама айтысымыз әрі қарай жалғасын тапсын, ақындарымыз өз өнерлерімен тәнті ете берсін. Елімізге амандық, заманымызға тыныштық тілей отырып сіздермен келесі айтыста кездескенше қош айтысамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |