Сценарий «Күздің сыйлықтары»



Дата18.10.2023
өлшемі17,63 Kb.
#186469
түріСценарий
Байланысты:
Күз сценарий

«Алтын күз» мерекесіне арналған сценарий


«Күздің сыйлықтары»

Қатысушылар: Үлкен адамдар: Күз, Қоян, Түлкі.
Балалар: Қыздар жапырақтар, ұлдар саңырауқұлақтардың, жемістердің, көкөңістер.
(Балалар көңілді музыка ырғағымен залға кіреді де, жартылай шеңбермен турады)
Жүргізуші: (күзгі орманға көңіл аударады).
Қарандаршы балалар, күзгі орман қандай әдемі!
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан, алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Балалар Күз ханшайымды шақырайықшы.
Балалар: Күз, күз, кел, кел!
Жүргізуші: Міне, Күз де келе жатыр, бізбен бірге мерекені тойлауға.
(Салтанатты музыкамен Күз келеді, айналып, билеп, қолында себет бар, балалар шапалақтайды)
Күз: Мен, Алтын күзбін!
Мерекеге келдім,
Күзгі сыйлықтарды,
Балаларға әкелдім, деп, себетті ортаға қояды.
Мынау менің күзгі сыйлықтарым. Мына себеттің ішінде жеміс жидектер бар, олар деңсаулыққа пайдалы.
Жүргізуші: Балалар, Күз Ханшайымға рахмет айтайықшы.
Балалар: Рахмет сізге Алтын күз!
Ән «Себетті біз аламыз»
Күз ханшайымы: Әндерін маған ұнады.
Жапырақтарды алындар,
Би билендер, барындар.(балаларға жапырақтарды таратады)
Би «Жапырақтар» (бәрі билейді)
Күз: Сары, қызыл жапырақ,
Бір, екі, үш, төрт.
(жүріп санайды)
Жел соғады уылдап,
Ұшып кетті жапырақ. (би соңында балалар жапырақтарды шашады да орындыққа отырады)
Жүргізуші: Алтын күз! Орындыққа отырыңыз, бізбен бірге балалардың өнерлерін тамашалаңыз.
Тақпақтар
Жүргізуші: Алтын күз! Біздің балалар ойын ойнағанды ұнатады.
Күз: Олай болса ойнайық.
Ойын «Күз сыйлықтарын жинау»
(Балалар екі топқа бөлінеді, әр топта себет бар, ортада жеміс-жидектер мен көкөңістер жатады, балалар тез жинау керек, қай топ тез жинайды)
Күз: Жауды жабыр гүлдерге, ағаштарға, тауларға.
Жаңбыр, жаңбыр соқпашы, ойнайықшы тоқташы.
Жүргізуші: Бізде бар үлкен қолшатыр, кәне қолшатырдың астына тұрып, Алтын күзге әнімізді шырқайық.
(Балалар қол ұстасып ортаға жартылай шеңбер жасайды)
Ән «Кап-кап, тук, тук, тук»
Күз: Балалар, бізге біреу келе жатыр
(қоян залға жылап, секіріп кіреді)
Жүргізуші: Не болды қоян, неге жылайсын?
Қоян: Жаңбырдын астында қалып қойдым, тонып су болдым, құлағым, мұрным тонып қалды. Ай-ай!
Жүргізуші: Кел қолшатырдың астына, күз мезгілі суық, жылы киіну керек.
Міне саған қолғап, жылы тон (кигізеді)
Күз: Жылыну үшін би билеп, ойын ойнау керек. Солай ғой балалар?
Балалар: Ия!
Ойын «Қолшатыр»
(Балалар көңілді музыкамен билейді, жаңбырдың дыбысын естігенде үлкен қолшатырдың астына тығылады, ойыннан кейін қол ұстасып орындарына отырады)
Жүргізуші: Күз: Ал қояным, жылындын ба?
Қоян: Иә жылындым, рахмет!
Бірақ қыс келгенде одан да суық болады, не істеймін, үйім жоқ?
Күз: Ол үшін сен үй салу керексін.
Қоян: Қалай мен жалғыз өзім үй салам, кім маған көмектеседі?
Жүргізуші: Балалар, кім қоянға көмектеседі?(үш, төрт бала шығып, қоянмен бірге үй салады)
Жүргізуші: Қоян, саған үй ұнады ма?
Қоян: Иә, ұнады, рахмет сендерге балалар, енді мен қысқы аязда да тонбаймын.
(үйдің ішіне кіріп, терезеден қарайды да, ортаға түлкі шығады)
Түлкі: Тук-тук-тук! Кім осы үйде түрады?
Ай, ай жіберші мені, құйрығым тонды.
Қоян: Мен осы үйде тұрамын! Ал сен не істеу білесің?
Мен міне ағаштан түскен жапырақтарды сыпырамын, үй тазалаймын
(сыпырғышпен сыпырады)
Қоян: Кір түлкі үйге, бірге тұрамыз.
(Түлкі үйге кіреді де, қоянды ұстағысы келеді, қоян қашады)
Жүргізуші: Балалар, қоянға көмектесейік, түлкіні қуып шығайық.
(Балалар орындарыннан турап түокіге айтады)
Балалар: Түлкі кет! Түлкі кет!
(Түлкі қашып кетеді)
Қоян: Рахмет сендерге балалар, түлкіден құтқардындар!
(Бәрі би билейді қоянмен)
«Көңілді би»
Күз: Міне керемет, қоянға көмектестіндер, өнерлерін көрсеттіндер, жарайсындар балалар. Сендермен өте көңілді, бірақ менің қайтатын уақытым келді. Сау болыңдар!
Жүргізуші: Балалар Алтын күзбен қоштасайық.
Балалар: Сау болыңыз!
Жүргізуші: Балалар, біздің де қайтатын уақытымыз келді. Күз ханшайымның сыйлықтарын алып, топқа барайық.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет