Сценарийі Хабарлаусыз: Көрініс «Аққулар ұйықтағанда» Сахнада ақын жайлы слайд. «Есіңе мені алғайсың»



Дата04.01.2022
өлшемі15,2 Kb.
#109470
түріСценарий
Байланысты:
сценарий мукагали


«Мұқағали-мәңгілік ғұмыр»ә

ақиық ақынның дүниеге келгеніне 90 жыл мерейтойына орай ұйымдастырылған әдеби-сазды кеш сценарийі
Хабарлаусыз:

Көрініс «Аққулар ұйықтағанда»
Сахнада ақын жайлы слайд. «Есіңе мені алғайсың» әні (баяу ойналып тұрады)

1-жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен қымбатты студенттер! «Барлығы да, Поэзия, сен үшін»,–деп əдебиет патшалығының ғажайып ханзадасы һəм бірегей сардары ретінде салтанат құрған Мұқағали Мақатаевтың құдіретті өлеңдері халқының жүрегінде. Шындығында, Мұқағали бойындағы тамаша талантын жұртына арнаған.


2-жүргізуші: Ендеше, бүгінгі кешіміз Хантәңірдің мұзбалағы, ақиық ақын, тау тұлғалы талант, дарынды дарабоз, «Ғасыр ақыны» атанған, миллион сырлы сезімнің иесі – Мұқағали Мақатаевқа арналады. «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» атты әдеби-сазды кешке қош келдіңіздер!!!
Күй: «Көңіл толқыны»

Орындаушы:


1-жүргізуші: Абаймен үндес Мұқағалидай перзенті бар халық –шынымен бақытты халық. Иә, Мұқағали – ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Оны біреулер «көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дауыстарға толы жұмбақ ақын» десе,

2-жүргізуші: кейбіреуі:«Жоқ ол – қара өлеңнен қаймақ қалқыған қарапайым ақын, өлеңін бәріне түсінікті тілде жеткізген таңғажайып ақын» дейді. Өзінің 1834 өлеңімен миллиондаған, тіпті миллиардтаған жүректі жаулап алып, бірде жылатқан, бірде қуантқан Мұқағалиды ақын емес деп көріңіз..!

1-жүргізуші:

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, жұртым, елеңдестің.

Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,- деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей жалғасын тауып келеді.

Ақиық ақынның жыр шумақтарына кезек береміз:

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
1-жүргізуші:

Ән сал жаным,

Әніңмен тербет мені.

Бір сәтке тынсын тірлік жер-көктегі ,—

деп ақын жырлағандай , ақын өлеңіне жазылған әнге кезек берейік.

«Отыздан асып барамын» әнімен ____________________________________________________________________________________________________________________


1-жүргізуші: : «Поэзия, менімен егіз бе едің»– деп ақын өзі жырлағандай, Мұқағали өлең жазып қана қоймай, өз өлеңдерін шебер оқи алған ақын. Ол біраз уақыт Қазақ радиосында диктор болып та қызмет етеді. Оның дауыс ерекшелігін, оқу мәнерін қазақтың Левитаны атанған Әнуарбек Байжанбаев жоғары бағалап, өз қол астына алады. Ендеше Қазақ радиосының «алтын қорында» сақталып қалған ақынның өз дауысына құлақ түрелік.
(Мұқағалидың дауысымен өз өлеңдері оқылады)
1-жүргізуші:Сезім тебіреністері жүрек түкпірінен орын алып, ойлантпай қоймайды.Кеше жыр болса, бүгінгі күні әнге айналған толғаныс теңізінің толқындарына құлақ түрсек.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


1-жүргізуші:

Ұстап мінген тұлпардың тұяқтысын,

Талмай жазған ән-жырдың шуақтысын.

Өз халқыңның мұң-зарын, арман әнін,

Бәрін жазып кеткен сен сияқтысың.
Ән: «_______________________________________________________». Орындайтын ______________________________________________
2-жүргізуші: Мұқағали-мәңгілік өмір! Ақын мұрасы,маржан поэзиясы-мәңгілік,болашақ ұрпақтың еншісі,қастерлеп қадірлейтін мұрасы, ақын көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары өлең құмар халыққа таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек. Ақынның сөзі өлмесе, өзі де өлмегені.
1-жүргізуші:

Шын жыр үшін туылған шалқар едің,

Шындық үшін туылған арқалы едің.

Шындығыңды ұмытар кейбіреулер,



Шын жырыңды ұмытпас дарқан елің,- деген жыр ақиық ақынның 90 жыл мерейтойына орай ұйымдастырылған әдеби-сазды кешімізді аяқтаймыз.
2-жүргізуші: Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп рахмет. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет