«Астана Медицина Университеті» АҚ
«Жалпы гигиена» кафедрасы
Тақырыбы: «Кәсіби улануларды тіркеу және есепке алу»
Орындаған: Сейдіманап.Р.
Группа: 221ОМ
Қабылдаған: Бурумбаева М
2020
Кәсіби аурудың тексеру мен тіркелу реті және нәтижелері бойынша шешім қабылдау
1. Осы Кәсіби аурулар мен улануларды тіркеу, тексеру, есепке алу және олар бойынша есеп беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) кәсіби аурушаңдықты, улануды тіркеу, тексеру және есептеу және есеп беру тәртібін айқындайды.
2. Кәсіби ауруларды және улануды есептеу жүйесі, кәсіби ауруларды жағдайына талдау жасай отырып, өндірістік зиянды факторлардың адам денсаулығына ететін әсерін болдырмау шараларын ұйымдастыруға, сондай-ақ олардың алдын алуға бағытталған жетілдірілген бағдарламаны практикаға енгізуге арналған.
3. Кәсіби аурулардың және уланудың тізімі (бұдан әрі - тізім) бойынша кәсіби аурулар мен улану оқиғаларын есепке алу және оған байланысты тексерістерді жүргізу осы ереженің 1-қосымшасына сай жүргізіледі.
4. Тез өрбіген кәсіби ауруларды және улану диагнозын азаматтарға амбулаториялық-емханалық және стационарлық, медициналық көмек көрсеткен ұйымдар, ал созылмалы кәсіби ауруларды (улануды) - кәсіби патология орталықтары (бұдан әрі - Орталық) немесе кәсіби аурулар клиникасы анықтайды.
5. Орталықта бағытты, кәсіби тұрғыдан патологияны (бұдан әрі - кәсіби патология) сараптау комиссиясы құрылады. Кәсіби патологиялық сараптау комиссияның құрамының жалпы саны 3 адамнан кем болмауы керек.
6. Кәсіби патологиялық сараптау комиссиясы кәсіби ауру және улану диагнозын қоюға арналған материалдарды:
1) медицина ұйымының жолдама қағазы;
2) аурудың медициналық (амбулаториялық, стационарлық) картасынан алынған, оның ішінде жұмысқа алынар алдындағы, одан соң кезеңді медициналық тексерістерден өткендігі туралы және зертханалық, функционалдық тексерістер туралы толық мағлұмат;
3) тұрған орындарынан алынған эпикриздерінің көшірмесі;
4) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес толтырылған еңбек ету жағдайының санитарлық-эпидемиологиялық сипаттамасы;
5) белгіленген тәртіп бойынша расталған еңбек кітапшасының көшірмесі сияқты құжаттар болған жағдайда ғана қарайды.
7. Кәсіби патологиялық сараптау комиссиясы келесі шешімдерді қабылдай алады:
1) кәсіби факторлардың әсерінен пайда болатын ауруларды, оның ішінде кейіннен болатын түрлерін;
2) кәсіби факторлардың әсерінен пайда болатын аурулары;
3) өндірістік зиянды факторлар әсер ету салдарынан пайда болатын жеке белгілердің болуы ("К" тобы);
4) кәсіби аурудың өршуі (тоқтаусыз өрбуі);
5) кәсіби аурудың өршуінің тоқтауы немесе кері жүруі;
6) кәсіби ауру жоқ дегізетін кәсіби аурудың қалдық белгілері (ұзақ уақыттан кейінгі салдары), аурудың салдары;
7) қайталай тексерістер жүргізу арқылы қосымша мағлұматтарды жинау (көрсетілсін);
8) жоғарғы дәрежеде мамандандырылған медициналық көмек алу және тереңдетілген тексерістер жүргізу үшін кәсіби патология клиникасында тексеріліп, кеңес алуды қажет етеді.
8. Кәсіби патологиялық сараптау комиссиясының қорытындысында кезекті емдеу-профилактикалау шаралары көрсетіліп, диспансеризацияға алу, медициналық тұрғыдан қалпына келтіру мәселелері шешілуі керек.
9. Егер аурудың пайда болуын анықтауда қиындықтар кездесетін болса және ауырған адаммен келіспеушілік болған жағдайда, қолдағы материал республикалық кәсіби-патологиялық сараптау комиссиясында қаралуға жіберіледі.
10. Кәсіби аурудың диагнозын анықтауға керекті негізгі құжат (атқаратын жұмысына немесе кәсібіне байланысты) ретінде тізім болып саналады. Тізімде зиянды, қауіпті және өндірістік қолайсыз факторлардың әсер етуінің арқасында пайда болатын аурулар қарастырылған. Тізімде атқарылатын жұмыстар мен өндірістердің тізімі берілген.
11. Тез өрбитін кәсіби аурулар мен улануларға зиянды және қауіпті өндірістік факторлар қанықпаның шектеу шегінен немесе рұқсат етілген деңгейден көп есе жоғары болып, бір реттен кейін (бір жұмыс ауысым ішінде) кенеттен пайда болған аурулар жатады.
12. Созылмалы кәсіби ауруларға (улануға) зиянды заттардың, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлардың көп уақыт бойы әсер етуінің салдарынан пайда болған аурулар жатады. Созылмалы ауруларға (улануға) тез өрбіген, сондай-ақ созылмалы кәсіби аурулардың жақын арадағы немесе көп уақыт өткеннен кейінгі салдары (жүйке жүйесінің, жүрек қан тамырларының, гепатобилиарлы және басқа да жүйелердің өндірістік уларымен улануының салдарынан пайда болатын тұрақты органикалық өзгерістер) жатады. Еске сақтайтын бір жағдай кәсіби аурулардың пайда болуы зиянды және қауіпті заттармен жұмысты тоқтатқаннан кейінде (кеш пайда болатын силикоздар, бериллиоздар, қуықтың папилломалары, қатерлі ісіктер) пайда болуы мүмкін. Кәсіби ауруларға мынандай аурулар да жатады. Ондай аурулар кәсіби аурулардың фонында немесе олар пайда болатындай жағдай жасаған аурулар (асбестоз, силикоз немесе шаң бронхитының негізінде пайда болған өкпе обыры) жатады.
13. Кәсіби ауру және улану диагнозын қойғанда, аурудың клиникалық формаларының ерекшеліктері, әсер ететін этиологиялық фактордың және атқаратын жұмыстың, өндірістік орта мен еңбек үдерісінің жағдайы және зиянды және қауіпті жұмыс жағдайындағы жұмыс өтілі еске алынады. Егер өндірістік орта жағдайына тексеріс жүргізілмесе, ол кәсіби ауру немесе улану деп диагноз қоюға кедергі бола алмайды. Мұндай да ғылыми әдебиеттің, модельдеудің және осыған ұқсас өндірістік жағдайларға ұқсату арқылы диагноз қоюға болады.
14. Егер аурудың себептері әртүрлі факторлардың салдарынан пайда болған болса, оның ішінде кәсіби факторлар орын алса, онда мұндай ауру кәсіби деп саналынады.
15. Күрделі сараптау мәселелерін шешу үшін кәсіби аурулар және улану диагнозын қоюда қарама-қарсы пікірлер орын алғанда Денсаулық сақтау министрлігі арқылы сараптаудың республикалық кәсіби патологиялық тартыс комиссиясы құрылады.
Республикалық кәсіби патологиялық тартыс комиссиясының құрамына мыналар кіреді: комиссия төрағасы, тұрақты мүшелері (3 адамнан кем емес) және комиссияның жауапты секретары болуы керек. Керек болған жағдайда комиссия жұмысына Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік тұрғыдан қорғау министрлігінің, кәсіподақтың басқа да ұйымдардың өкілетті адамдарын жұмысқа тартуға болады.
1) Республикалық кәсіби патологиялық тартыс комиссиясының төрағасы болып, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас кәсіби патологы болып істейтін, кәсіби-патология бойынша медицина ғылымдарының докторы деген ғылыми дәрежесі бар, жоғарғы біліктілігі бар кәсіби патолог дайындалуы керек.
2) Республикалық кәсіби патологиялық тартыс комиссиясының мүшелері болып, кәсіби патология жөнінде жоғарғы біліктілігі бар тәуелсіз мамандар медицина академиясының, университетінің, дәрігерлерді жетілдіру институтының және ғылыми-зерттеу орталықтарының кафедраларында жұмыс істейтін қызметкерлер тағайындалады.
3) Республикалық кәсіби патологиялық тартыс комиссиясының секретары ретінде жоғарғы білікті кәсіби патолог-дәрігер тағайындалады, ол түскен және шыққан материалдарға тиісті есеп және тіркеу жүргізеді.
16. Республикалық кәсіби патологиялық тартыс комиссиясы мынандай құжаттарды талқылайды:
1) бағыттау қағазын (республикалық кәсіби патологиялық тартыс комиссиясына жіберілген хаттарды, өтініштерді және басқа да өтініш материалдарын қарайды);
2) күрделі, тартыс тудыратын орталықтағы кәсіби патологиялық сараптау комиссиясының шешімін қарайды;
3) стационарда емделген аурудың аурунамасын;
4) тұрған жерінен алынған амбулаториялық картаның негізгі нұсқасын;
5) тұрған жерінен алынған эпикризді;
6) жұмысқа алынар алдындағы және кезеңді медициналық тексерістердің мәліметтерін;
7) жұмыс істеу жағдайының санитарлық-эпидемиологиялық сипаттамасын;
8) белгіленген тәртіп бойынша расталған еңбек кітапшасының көшірмесін;
9) сұранысқа сай алынған қосымша құжаттарды.
17. Республикалық кәсіби патологиялық тартыс комиссиясы мынандай шешімдерді шығарады:
1) пайда болған ауру кәсіби факторлардың әсерінен пайда болған, бұған кейіннен пайда болған аурулар да жатады;
2) пайда болған ауру кәсіби факторлардың әсерінен пайда болмаған;
3) кәсіби аурулардың қалдық түрін (кейіннен пайда болған) анықтаумен қатар бұрынғы болған кәсіби аурудың жоқтығын анықтауға дейін;
4) белгіленген уақыттан кейін (мезгілі көрсетілгенде) қосымша мәліметтерді (түрі көрсетілсін) тапсырғанда қайта қарауды қажет етеді;
5) кәсіби патология клиникасы жағдайында мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қажет етіп, соңынан қайта қарауды талап еткенде тереңдете жүргізілген тексеріске немесе кеңес беруге жіберіледі.
18. Медициналық тұрғыдан қалпына келтіруге берілген ұсыныстары бар, республикалық кәсіби патологиялық тартыс комиссиясының қорытындысы ауруға жеке беріледі.
19. Тез өрбіген кәсіби аурулармен уланудың әрбір жағдайына осы ауруды анықтаған немесе ауру бар-ау деп күдіктенген дәрігер арқылы жедел хабарлама (N 318/Е үлгісіндегі) толтырады. Хабарлама 12 сағаттың ішінде тиісті аумақтың санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің мемлекеттік органының басшысына (жұмыс берушіге) жіберіледі.
20. Аурудың диагнозын анықталғанда немесе өзгергенде, оны анықтаған медицина ұйымы жаңа шұғыл хабарламаны толтырып, оны 24 сағат ішінде ауру жұмыс істейтін орынның санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің мемлекеттік органының және ұйымның басшысына жібереді. Мұндай жағдайда өзгерген (нақтыланған) диагноздың аты жазылып, оның қойылған айы, күні көрсетіледі.
21. Жедел хабарлама жіберген медицина ұйымы бағыттау қағазынан басқа, шұғыл түрде санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органына телефон арқылы хабарлап немесе әрбір төмендегідей жағдайды электронды поштамен хабарлайды:
1) еңбек ету қабілеті жоғалған аурулардың саны 2 және одан көп болған жағдайда тез өрбитін кәсіби ауруды (улануды);
2) ауырған адамның кәсіби қызметіне байланысты күйдіргі, сарып, тырысқақ, құтырма аурулары анықталғанда.
22. Созылмалы кәсіби ауру (улану) туралы алғашқы рет анықтағанда хабарлама беру. Ауруға нақты диагноз қойылғаннан кейінгі 3 күннің ішінде санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органына немесе ұйымға (жұмыс берушіге) және медициналық ұйымға хабарлама жіберіледі.
23. Кәсіби аурудың (уланудың) әрбір жағдайы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіппен арнайы тексеруге жатады.
24. Тексеріс барысында мыналар анықталынуы керек:
1) кәсіби аурудың (уланудың) пайда болу жағдайы немесе оның себептері анықталынуы керек;
2) ауру пайда болған жұмыс орнына (жұмыс аумағында, өндірістік учаскеде, цехта) тексеріс жүргізіледі;
3) керек болған жағдайда зиянды өндірістік факторларды зертханалық жолмен, құрал-саймандарды қолдану арқылы тексеріс жүргізіледі;
4) жұмыс атқарушының жұмыс істеу жағдайына санитарлық-эпидемиологиялық баға беріледі;
5) ұйымға берілген санитарлық-эпидемиологиялық тексеріс актілері, зертханалық тексерістердің қорытындысы, жұмыс орнын аттестациялау жағдайы, жұмысқа алынар алдындағы және кезеңді медициналық тексерістердің материалдары тексеріліп, еңбек ету жағдайы мен оны қорғауды жақсартуға бағытталған санитарлық-сауықтыру шаралар тексеріледі.
25. Тұрақты жұмыс орнынан (оқудан) тыс жерге жіберілген адамдарда кәсіби аурудың және уланудың пайда болу жағдайын тексеруді кәсіби ауру (улану) орын алған нысандарды бақылайтын санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары жүргізеді.
26. Кәсіби аурулар мен улану орын алғанда, оларды тіркеу және есепке алу жұмыстарын ауырған (зақымданған) адамның негізгі жұмыс орнындағы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органы жүргізуі керек.
27. Кәсіби аурумен ауырған адамдарға диспансерлік бақылау жұмысын осы салада жұмыс істейтін медицина ұйымы жүргізуі керек.
28. Тапсырма берілген ұйым 1 ай мерзім ішінде сұралған құжаттардың көшірмесін жіберулері керек.
29. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің және медициналық ұйымдардың мемлекеттік органдарында (кәсіби патология орталықтарында) кәсіби аурумен ауырғандар кәсіби ауруларды (уланғандар) тіркейтін (N 320/е нысандағы) жорналға тіркелінуі керек.
30. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары кәсіби аурумен (уланумен) ауырғандардың есептеу (N 317/е нысандағы) картасын жүргізіп, ондағы мәліметтер автоматтандырылған түрде талдалынуы керек.
Кәсіби аурулар мен улануларды
тіркеу, тексеру, есепке алу
және олар бойынша есеп беру
ережесіне 2-қосымша
Кәсіби аурулар мен улануға күдікті жағдайда
жұмыс істеушілердің еңбек жағдайларына
санитарлық-эпидемиологиялық сипаттама жасауға
қойылатын талаптар
1. Жұмысшылардың еңбек жағдайларына жасалған санитарлық-эпидемиологиялық сипаттама, аурудың кәсіби жұмысына байланысты туындағанын негіздеп шешетін негізгі құжаттардың бірі болып табылады.
2. Санитарлық-эпидемиологиялық сипаттама сол аумақтағы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органымен жасалады және сұранымға қарай беріледі: медицина ұйымының басшысына, ауру адам жұмыс істейтін, қызмет көрсетуші ұйымның басшысына, кәсіби патология орталығының басшысына; ауырған адамға жұмыс берген жеке және заңды тұлғаға.
3. Еңбек жағдайының санитарлық-эпидемиологиялық сипаттамасы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органының бланкісінде үш дана етіп толтырылып, оған бас маманның қолы қойылады, директордың (бастықтың) қолымен бекітіледі және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің (басқарманың) мөрін қою арқылы расталады.
4. Санитарлық-эпидемиологиялық сипаттаманың бірінші данасы сұраным берген ұйымға, сұраным келіп түскеннен кейін 15 күннің ішінде беріледі. Екінші данасы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органының іс қағаздарында сақталады. Сұранымды ауырған адамның бұрынғы жұмыс орнына қатысты басқа мекен-жайдағы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарына қайта жіберу керек болған жағдайда сипаттаманы жасау мерзімі созылады, бірақ сұраным түскен күннен бастап есептегенде бір айдан артпауы керек. Сипаттаманың үшінші данасы ұйымға жұмыс берушіге жіберіледі.
5. Еңбек жағдайының санитарлық-эпидемиологиялық сипаттамасында сипаттама берілетін жұмысшының кәсіби тобында кәсіби аурулардың бар немесе жоқ екенін атап өту қажет болып табылады.
6. Өндірістік ортаның зиянды факторларымен жанасып жұмыс істеуді тоқтатқаннан кейін ауру пайда болған жағдайда (кейіннен туындаған силикоз, кейбір ісік аурулары және басқалары) және еңбек жағдайы туралы мәліметтер болмағанда (цехты, учаскені, ұйымды жойғанда, қайта жаңартқанда), аурудың туындауының негізі, зиянды факторлармен жұмыс істейтін кәсібіне байланысты екенін растайтын басқа құжаттар беріледі.
7. Цехты, учаскені, ұйымды жойған, ауырған адамның еңбек жағдайын жаңартқан жағдайда, еңбек жағдайына берілетін санитарлық-эпидемиологиялық сипаттаманың орнына әдебиеттік мәліметтерге және басқа мекемелер жүргізген зерттеулердің қорытындыларына (ғылыми зертханалар, еңбек жағдайына жүргізілген сараптамалар) сілтеме жасалады.
8. Санитарлық-эпидемиологиялық сипаттамада жазылуға тиіс:
1) жұмыскердің аты, жөні;
2) туған жылы;
3) мамандығы;
4) лауазымы;
5) нысанның деректемелері;
6) жұмыс өтілі: жалпы, осы мамандықта, осы цехта (учаскеде, бөлімде, шеберханада);
7) еңбек үрдісі факторларының сипаттамасы;
8) өндірістік ортаның негізгі және қосымша зиянды факторларының сандық сипаттамасы;
9) жұмыс барысын суреттеу;
10) бұрын өндірістік ортаның қандай зиянды факторларымен қатынаста жұмыс істеген (факторлар тізбесі, қай мекемеде, жұмыскердің сөзі бойынша немесе қолда бар материалдар негізінде қатынасу ұзақтығы);
11) ауысым бойы зиянды факторлардың әсер ету уақыты;
12) жеке қорғану құралдары және оларды пайдалану.
9. Жұмыскердің жұмыс барысын суреттеу еңбек гигиенасы жөніндегі бас маманның тікелей жұмыс орнында таныстыруы негізінде жүргізіледі және әкімшіліктен, жұмыскердің өзінен алынған мәліметтер ескеріледі.
10. Зиянды өндірістік факторлардың тізбесі және олардың сандық сипаттамасы ағымдағы санитарлық қадағалау жүргізетін санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органының материалдары, зертханалық және аспаптық зерттеулердің қорытындысы негізінде жүргізіледі. Қажет болған жағдайда өндірістік зертханалардың зертханалық және аспаптық тексерулер қолданылады. Тексерістер қорытындысы, тексеру мерзімін көрсетіп, зиянды факторлардың деңгейіне өлшеулер жүргізген ұйымға сілтеме жасай отырып беріледі. Қосымша басқа да материалдар пайдаланылуы мүмкін, оның ішінде тексеріліп отырған учаскедегі жұмысшылардың кәсіби аурулармен ауыру фактілерін тексеру актісі, әкімшілік өкілімен немесе сол учаскеде жұмыс істеушілермен расталған, ауырған жұмыскерлермен берілген мәліметтер.
11. Өндірістік ортаның зиянды факторларына берілетін сандық сипаттама осы кәсіптегі жұмысының мүмкіндігінше жұмыс өтілінің үлкен кезеңіне динамика түрінде берілуі керек. Өндірістік орта мен еңбек үрдісінің негізгі жетекші факторы болып, жұмыскердің денсаулығына ең үлкен қауіп тудыратын фактор есептеледі. Қосымша факторлар тізіліп жазылып және мүмкіндігіне қарай саны жағынан бағаланады.
12. Зертханалық және аспаптық тексерулер болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарымен ауырған адамның жұмыс орнында қосымша өлшеу жұмыстары жүргізіледі.
13. Зиянды фактордың әсер ету уақыты ауысым бойы есепке алынуы (хронометраж) керек. Егер зиянды фактордың әсер ету уақыты әр ауысымда бірдей болмаса, онда уақыттың басқа бөлігі іріктеп алынады - жыл немесе ай.
14. Сипаттамада қолданылатын жеке қорғану құралдары тізіліп жазылады. Тиісті жағдайларда жеке қорғану құралдарын қолдану тәртібін бұзушылық атап көрсетіледі (әсер етуші факторға жеке қорғану құралдарының пайдалануға сәйкес келмейтінін, қолдану ережесінің бұзылуын).
15. Сипаттама жұмыскердің еңбек жағдайының қолданыстағы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың талаптарына сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы қорытындымен және өндірістік ортаның зиянды факторларының туындаған кәсіби аурумен (уланумен) байланысын анықтаумен аяқталуға тиіс.
16. Сипаттамадағы өндірістік ортаның және еңбек үрдісінің зиянды факторлары бөлімінде жекеленген зиянды факторлардың сапалық сипаттамасы атап көрсетіледі.
17. Шу - тұрақты, импульсты; жергілікті діріл - үзік-үзік, импульсты (екпінді), жоғарғы-төменгі жиілікте; жалпы діріл (жұмыс орнындағы діріл) - көліктік, көліктік-технологиялық, технологиялық; ультрадыбыс - әуелік, жанасушы, тұрақты, импульсті; инфрадыбыс.
Ескерту:
1) дыбыс үшін - дыбыстың баламалы деңгей дециБелл А-мен беріледі: тұрақты емес шуға берілетін қосымша сипаттама дыбыстың дециБелл А-мен берілетін максимальды деңгейі болып табылады;
2) діріл үшін (жергілікті және жалпы) - дірілжылдамдығының немесе дірілжеделдетудің түзетілген мәні немесе олардың логарифмдік деңгейі дециБеллмен;
3) инфрадыбыс үшін - дыбыс қысымының баламалы деңгейі немесе ең жоғарғы октавалық жиілікті көрсетумен, нормадан асып кету дәрежесі дециБеллмен;
4) ультрадыбыс үшін - қондырғының жұмысшы жиілігі және нормадан асып кетуі децибеллмен.
Патологиялық үрдістің өрбуін тереңдететін факторлар төмендегілер болып табылады: шу үшін - жұмыстың күрделілігі; жергілікті діріл үшін - жұмыс кезінде салқындау, қолды сулау (судың, ерітіндінің температурасын, салқындау уақытын көрсетіп); жалпы діріл үшін - жоғарғы ылғалдықта қыздырушы микроклимат.
18. Шаң-тозаң.
Шаң-тозаңға сапалық сипаттама бергенде мыналар атап көрсетіледі: сипаты мен құрамы, табиғи немесе жасандылығы, минералды немесе органикалық, біркелкі немесе аралас, талшықты және басқадай; химиялық заттардың газы және буларының бар екені; дисперстік құрамы; конденсацияның немесе дезинтеграцияның аэрозольдары, шаңның минералдық, химиялық құрамы және басқ. физикалық-химиялық қасиеттері.
Жұмысшы аумағындағы ауаның шаң-тозаңдануының сандық көрсеткіштері кесте түрінде беріледі:
19. Химиялық заттар, биологиялық факторлар.
Жұмыс аумағындағы ауаның ластануына берілетін сапалық сипаттамада төмендегілер көрсетіледі: жұмысшының тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін орнындағы қолданылатын шикізаттарды, аралық және ақырғы алынатын өнімдерді, реакциялар және олардың өзгеруін (тотығу, гидролиз және басқ.) есепке ала отырып жасалатын, бөлінетін зиянды заттардың тізімі.
Орташа ауысымдық қанықпаны құрамында орташа ауысымдық қанықпа үшін шектелген шегі бар заттар үшін өлшейді.
Кәсіби тері ауруларына күдік болған жағдайда жұмысшының жанасып жұмыс істейтін құрауыштардың (ерітінді, желім, шайыр, қорытпа және басқ.) толық тізімін беру керек.
20. Иондамайтын сәуле көзі.
Иондамайтын сәуле көзінің сипаттамасы кесте түрінде беріледі:
21. Микроклимат: температура, салыстырмалы ылғалдық, ауа қозғалысының жылдамдығы, жылу бөлудің қарқындылығы.
Сапалық сипаттамаға мынадай суреттемелер кіреді: тұрақты немесе тұрақты емес әсер етуі; жылу бөлу көздері.
Сандық сипаттаманың құрамына рұқсат етілген мәннің шегінен асып кеткен көрсеткіштердің тізбесі, олардың көлемі, әсер ету уақытының ұзақтығы кіреді.
Жұмыс ашық алаңда жүргізілген жағдайда орташа айлық минимальды және максимальды температура, ауаның салыстырмалы ылғалдығы, желдің жылдамдығы, сол жердегі жылдың суық (желтоқсан-ақпан) және жылы (маусым-тамыз) кезеңдері кезінде болатын тікелей күн сәулесінің радиациялық қарқындығы туралы анағұрлым нақты мәліметтер келтіріледі.
22. Еңбек үрдісінің факторларына мыналар жатады: жұмыс орнын ұйымдастыру, физикалық жүктеме, көзбен көру жүктемесі, жұмыс істеу және демалу режимінің факторлары.
Жұмыс орнын ұйымдастыру факторының сипаттамасы: жұмыс істеу кейпі (еркін, мәжбүрлі); мәжбүрлі кейіпте болу уақыты (ауысым уақытынан пайыз есебімен); дененің еңкеюі (болмайды, мәжбүрлі түрде болады); дененің еңкею бұрышы (градустары); еңкею саны (операция бойы, ауысым бойы).
Физикалық жүктеме факторының сипаттамасы: қолмен тасымалдайтын жүктің салмағы (килограмм); жүк қайдан тасымалданады (еденнен, жұмысшы бетінен); жүкті көтеріп тасымалдау қашықтығы (әрқайыссын жекелеп); операция бойы, ауысым бойы жүкті көтеру жиілігі; ауысымдық жүк айналымы (тонн); негізгі басқару органдарына түсетін күш.
Көзбен көру жүктемесі факторына сипаттама: оптикалық құралдармен немесе оларсыз жұмыс істеу; айырып қарайтын ең кішкентай нысан, мм;
Жұмыс істеу және демалу режиміне сипаттама: жұмыстың ауысымдылығы; түскі үзілістің ұзақтығы, мин; регламенттелген үзілістер, ауысымдағы олардың ұзақтығы.
ҚОРЫТЫНДЫ
Кәсіби аурулар адамның еңбекке қабілеттігін жоғалтуға әкелетін үлкен дерт болып табылады. Сондықтан бұл мәселе өзектілігі өте жоғары дәрежеде.
Зиянды және қауіпті факторларды талдағанда, физикалық жүктеме мен өндірістік аэрозольдердің әсерінен болатын аурулардың басым болатыны анықталды. Бұл факторлардан невроздар, радикулиттер, тірек қимыл аппаратының аурулары, пневмокониоз, силикоз, биссиноз, кәсіби бронхит, эмфизема, жоғарғы тыныс алу жолдарының күрт дистрофикалық аурулары және т.б. аурулар дамиды. Республика бойынша Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында кәсіби аурулардың көрсеткіштері өте жоғары дәрежеде.
.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V050003760_
Достарыңызбен бөлісу: |