4 тақырып: «Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізудің тәртібі, шарттары және түрлері». Семинар №2 Сұрақтарға жауап: 1. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізудің мерзімі және түрлері
Жасырын тергеуәрекеттерін жүргізу мерзімдері
Санкциялануға жататын жасырын тергеу әрекеті отыз тәуліктен аспайтын мерзімде жүргізіледі.
Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді жалғастыру қажет болған кезде оларды жүргізуге бастамашы болған орган мерзім аяқталардан үш тәулік бұрын оны отыз тәуліктен аспайтын мерзімге ұзарту қажеттігі туралы уәжді қаулы шығарады және оны санкциялау үшін тергеу судьясына жібереді. Тергеу судьясының санкциясы алынғаннан кейін қаулы жасырын тергеу әрекетін жүзеге асыратын уәкілетті органға орындау үшін жіберіледі. Тергеу судьясы жасырын тергеу әрекетінің жүргізілуін ұзартуды санкциялап, бұл ретте қаулыда көрсетілгеннен аз мерзім белгілеуі мүмкін. Жасырын тергеу әрекетін жүргізуді жалғастыруға қажеттілік болмаған кезде, тергеу судьясы қаулыны санкциялаудан бас тартады және жасырын тергеу әрекеті тоқтатылады.
Жасырын тергеу әрекетін одан әрі жүргізуге қажеттілік жойылған кезде, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы оның жүргізілуін өзі дербес тоқтатады.
Жасырын тергеу әрекеті тәуліктің кез келген уақытында және оның бүкіл жүргізілу мерзімі ішінде үздіксіз жүзеге асырылуы мүмкін.
Жасырын тергеу әрекеттерінің түрлері.
1) адамды немесе орынды жасырын аудио- және (немесе) бейнебақылау;
2) электр (телекоммуникация) байланыс желілері арқылы берілетін ақпаратты жасырын бақылау, ұстап қалу және түсіріп алу;
3) абоненттер және (немесе) абоненттік құрылғылар арасындағы қосылулар туралы ақпаратты жасырын алу;
4) компьютерлерден, серверлерден және ақпаратты жинауға, өңдеуге, жинақтауға және сақтауға арналған басқа да құрылғылардан ақпаратты жасырын түсіріп алу;
5) пошта жөнелтілімдерін және өзге де жөнелтілімдерді жасырын бақылау;
6) орынға жасырын кіру және (немесе) оны тексеру;
7) адамды немесе орынды жасырын байқауға алу;
8) алып тасталды - ҚР 03.07.2017 № 84-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9) жасырын бақыланатын сатып алу;
10) жасырын ендіру және (немесе) қылмыстық әрекетті имитациялау жүзеге асырылады.