Дереу, бірақ ЖТӘ аяқталған кейін бес тәуліктен кешіктірмей оларды жүргізу барысында алынған барлық материалдарға құпиялауға жататын ведомстволық мәліметтер тізбесіне сәйкес құпиялылық белгісін қоя отырып, мөрленген түрде ЖТӘ бөлімшесі уәкілетті органның қызметкеріне жібереді, ол сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізген адамға береді. Материалдар адамға мемлекеттік құпиялар туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес құпиясыздандырылғаннан кейін ғана беріледі.
Материалдарға ЖТӘ жүргізу туралы қаулы қоса тігіледі.
ЖТӘ жүргізу барысында адамның тергеліп жатқан қылмысқа қатыстылығы, сондай-ақ қылмысты басқа адамдардың жасағаны туралы мәліметтер алынған кезде ол туралы қаулы шығарған адамға дереу хабарлайды, ол осы мәліметтерді сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізетін адамға жазбаша түрде хабарлайды.
ЖТӘ бойынша жүргізілетін қылмыстық іс өзге адамның өндірісіне берілген жағдайда, ол туралы ЖТӘ нәтижелерін беру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін ЖТӘ бөлімшесіне хабарланады.
Қаулыны орындаушы бөлімшенің лауазымды адамы шығарған жағдайда оның функциялары немесе өкілеттері басқа адамға берілген кезде ЖТӘ бөлімшесіне хабарланады.
ЖТӘ нәтижелері туралы орындаушы бөлімше уәкілетті прокурорға ол аяқталғаннан күннен бастап екі тәуліктен кешіктірмей хабарлайды.
2) ЖТӘ бойынша жүргізілген қылмыстық істің нөмірі;
3) қандай ЖТӘ және қандай мерзімдерде жүргізілгені;
4) ЖТӘ жүргізу туралы тапсырманы орындаған бөлімше;
5) тергеп-тексерілетін іске қатысы бар нақты деректердің алынған-алынбағаны, олардың қысқаша сипаттамасы және оған ЖТӘ нәтижелерінің берілген-берілмегені қамтылуы тиіс.
Хабарлама екі данада жасалады, оның біреуі желімделген конвертте, адресатты көрсете және "Жеке өзіне" деген белгі қоя отырып, Қазақстан Республикасындағы іс жүргізу талаптарына сәйкес ҚҚЕ бөлімшесі арқылы уәкілетті прокурорға жіберіледі.
ЖТӘ нәтижелелерін зерттеуді және бағалауды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін адам ЖТӘ аяқталысымен ҚПК-нің 238, 239-баптарында көзделген талаптарды сақтай отырып, дереу жүзеге асырады.
ҚПК 237-бабының көзделген және ЖТӘ-нің аралық нәтижелерін алу қажет болған жағдайларда қаулыны шығарған адам материалдарды беру үшін қажетті мерзімдер мен датаны көрсете отырып, ЖТӘ бөлімшесіне сұрау салуды ресімдейді. Материалдарды беру құпиялық шараларын сақтай отырып, жүзеге асырылады. Әрбір сұратылған жағдайда ЖТӘ нәтижелелерін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін адам ҚПК-нің 238, 239-баптарында көзделген тәртіпте зерттейді.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізген адам қылмыстық іс бойынша қорытынды шешім шығарған сәттен бастап алты айдан кешіктірмей ЖТӘ нәтижелерімен таныстырмай ЖТӘ жүргізілген адамға хабарлама жолдауы тиіс.
Жазбаша хабарламада жүргізілетін ЖТӘ-нің түрі және оны өткізу уақыты қамтылуы тиіс.
Бұл мерзімді тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының дәлелді өтінішхаты бойынша бір жылға дейін ұзартады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам ҚПК-нің 240-бабының 1-1-бөлігінде көзделген жағдайларда тергеу судьясының алдында оған қатысты жүргізілген жасырын тергеу әрекеттері туралы адамға хабарламау туралы өтініш білдіреді.
Тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының дәлелді өтініші бойынша оған қатысты жүргізілген жасырын тергеу әрекеттері туралы адамға:
1) террористік немесе экстремистік қылмыстар туралы қылмыстық іс бойынша;
2) қылмыстық топ жасаған қылмыстар туралы қылмыстық іс бойынша;
4) егер хабарлау құпия негізде және астыртын нысанда қызметті жүзеге асыратын адамдардың және өзге де адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төндірсе хабарламауды келісуі мүмкін.
Хабарлау мерзімін ұзарту қажеттілігі туындаған жағдайда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам хабарлау мерзімі аяқталардан үш тәулік бұрын мерзімді ұзарту туралы тергеу судьясына дәлелді өтініш дайындайды. Бұл ретте ұзарту мерзімі алты айдан аспауы тиіс.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жұмыстан босатылған, ауысқан, іссапарға жіберілген немесе еңбек демалысында болу кезінде оның тікелей басшысы оларға қатысты ЖТӘ жүргізілген адамдарға хабарлауға бағытталған шаралар қабылдайды.
Оған қатысты ЖТӘ жүргізілген адамға хабарлау (хабарламау) туралы шешім қабылданған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін адам уәкілетті бөлімшеге шешім туралы алдын ала хабарлайды.
Уәкілетті бөлімше бес жұмыс күні ішінде нақты негіздеме ұсына отырып, қандай да бір шешім қабылдаудың мақсатқа сайлығы туралы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін адамға хабарлайды.