Семинар сабағын өткізуге арналған әдістемелік нұсқау Семей 2014ж



Дата17.02.2017
өлшемі181,11 Kb.
#9556
түріСеминар
Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университеті

«Географияны оқыту әдістемесі» пәні бойынша семинар сабағын өткізуге арналған әдістемелік нұсқау

Семей 2014ж

Семинар сабағын өткізуге арналған әдістемелік нұсқау 4 курс 5В011600 «география» мамандығының студенттеріне арналған

Тарих кафедрасы және география кафедрасы

Құрастырған:_____________________________________



1-тақырып. Географияны оқытуда пәнаралық және курсаралық байланыс.
Сабақтың мақсаты: Географияны оқыту курсында басқа пәндермен курсаралық өзара байланысының ерекшеліктерін сипаттау
Негізгі сұрақтары:

  1. Географияны оқыту барысында пәнаралық байланысты пайдалану әдістері

  2. Географияны оқыту барысында курсаралық байланысты пайдалану әдістері

Тапсырма: Бұл әдiстеме курсы студенттердiң педагогика ғылымына, әдiстерін ойлауды, iскерлiктi жүйемен ұйымдастыруда, iскерлiктi жоспармен үнемдеп пайдалануды, ғылыми жұмысқа, географияны әдістемеге сай оқыту жолдарын қалыптастырады. Сондықтан студенттердің жан – жақты яғни педагогикамен, психологиямен, тарих және т.б. курстармен өзара байланыса отырып жұмыс жасау жолдарын сипаттау.



Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: Географияны оқыту әдістеме курсы студентерді педагогикалық ғылымға, әртүрлі топпен жұмыс істегенде тәсілдерді ойлауға, алуан түрлі міндеттерді әдіспен шешуге педагогикалық іскерліктерін, педагогикалық мамандану жүйесінде жүргізуге тек географияны оқыту әдістеме дұрыс бағыт бере алады. География пәнін мектеп курсында оқытудағы негізгі мақсат: оқушылардың адамның өмір сүру ортасы ретіндегі географиялық ортаға қатысты көзқарастары, принциптері мен тәртіп нормалары жүйесін және алған білімдерін өмірдің түрлі жағдайларында қолдана білу. Географияны оқыту әдістемесі басқа ғылымдармен: география, дидиктика, психология, философия т.б. байланысы. Географияны оқыту әдістемесінің практикамен байланысы. Әдістеме ғылымының зерттеу әдістері. Зерттеудің теориялық әдістері: жүйелілік талдау, типологиялық тәсіл, тарихи, салыстыру, математикалық тәсіл. Әдістер: мектеп практикасын оқып үйрену, алдыңғы қатарлы әдістерді қарастыру, педагогикалық эксперимент жасау.

Есеп формасы: семинар (ауызша)

№2 Семинар



2-тақырып. Географиялық білімдер мен біліктіліктердің қалыптасуы.
Сабақтың мақсаты: Студенттердің білімдер мен біліктіліктердің қалыптасуындағы негізгі принциптерімен танысу.

Негізгі сұрақтары:



  1. Географиялық түсініктердің қалыптасуы.

  2. Себеп – салдар байланыстарын зерттеу.

  3. Географиялық заңдылықтар туралы білімдердің қалыптасуы.

Тапсырма: Географиялық түсініктердің қалыптасуындағы және оның себеп – салдар байланыстарын зерттеу арқылы географиялық заңдылықтар туралы білімдердің қалыптасуы бойынша білімді игеру.



Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: Білім беру мен тәрбиенің жалпы зандылықтарын дидактика пәні зерттейді. Жеке оқу пәндерінің әдістемелерінің дамуының басты себебі — дидактиканың ортақ зандылықтарының бұл мектеп пәндерінің білім беру мен оқытуының нақгы ерекшеліктерінен алшақ болып тұруы табылады. 
Географияны оқыту процесінің бірнеше ерекшелігі бар, оның басты себебі, жоғарыда айтылғандай - дидактиканың жалпы зандылықтары оқыту процесінен алшақ болуы, ол география ғылымның тек қана зерттеу әдісін, маңызын, проблемасын, пәнін көрсетеді. Сондықтан, мысалы, географияны оқыту әдістемесінің негізгі міндеттерінің қатарына төмендегі проблемалар жатады: біріншіден, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты тиімді пайдаланудың табиғи – ғылыми негіздері туралы білімдерді сараптау; екіншіден, ғылыми географиялық зерттеудің маңызы мен проблемасына сәйкес келетін білімнің калыптасу әдісін зерттеп дайындау. Географияда картаның және картографиялық әдістің маңызы үлкен болғандықган, көптеген әдістемелік зерттеулер, картографиялық кұралдар жүйесін құрастыруға және олардың географияны оқыту процесінде қолдану жолдарын сипаттау.

Есеп формасы: семинар (ауызша)

3-тақырып. Географияны оқыту методикасының әдістері мен әдістемелік тәсілдері.
Сабақтың мақсаты: Географияны оқыту әдістемесінде сабақты жүргізу барысында қолданылатын әдістер мен тәсілдер түрлерімен таныстыру.
Негізгі сұрақтары:

  1. Географияны оқыту методиксының әдістерінің түрлері мен ерекшеліктері

  2. Мектепте географияны оқытудың ғылыми, психологиялық –педагогикалық және дидактикалық негіздері

Тапсырма: Оқыту әдіс – тәсілдер – оқыту мақсаттары тиімді іске асуын қамтамасыз етуі керек; әрбір педагог кез келген білім беру мекемесінде пайдалана алатындай болу керек; оқытудың жаңа технологияларының психологиялық мәні – оқыту үрдісін жоспарлау керек немесе оқыту психологиялық бағытталған болуы қажет



Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: Жалпы білім беру жүйесіне енгізілген жаңалыққа оқушыладың білімін тексеруде:

- топпен жұмыс істеуді ұйымдастыру

- оқушының өзін – өзі тексеруі

-  оқушылардың бірін – бірі тексеруі

-  оқытудың модельді жүйесі

-  дарынды балалармен жұмыс істеудің жаңаша әдіс – тәсілдерін қолдану жатады. Осы әдіс тәсілдерді тәжірибе жүзінде қолданып, анализ жасау.

Білім беру жүйесіндегі негізгі талап – сабақта білім берудің жаңа технологиясы әдістерін қолдана отырып, халықтық педагогикамен ұштастыру және оқушыларды өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей алатын  деңгейге жеткізу.

Есеп формасы: Семинар (ауызша)

4-тақырып. География пәнінен мектеп оқулықтарының сипаттамасы.
Сабақтың мақсаты: Мектеп оқулықтарына қойылатын негізгі дидактикалық талаптар жүйесімен танысу арқылы Қазақстан Республикасындағы жаңа стандартқа сай география оқулықтарының ерекшеліктеріне тоқталу.
Негізгі сұрақтары:


  1. Мектеп оқулықтарына қойылатын негізгі дидактикалық талаптар

  2. Қазақстан Республикасындағы жаңа стандартқа сай география оқулықтарының ерекшеліктері

  3. География оқулықтарының мәтіндік және мәтіндік емес компоненттері

  4. Географиядан мектеп оқулықтарының құрылымдық – функционалды талдаудың негіздері

Тапсырма: ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Осыған орай, әр бір оқытушының алдына қоятын мақсаты бұл ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы студенттерге заман талабына сай білім беру негізінде оқулықтарға құрылымдық – функциональды жағынан талдау жасау.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: Оқыту құралдары - мұғалімге оқытуда көмектесетін аспаптар мен тұп деректер, яғни оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға көмектесетіндердің бәрі. Оқыту құралдарына мұғалімнің сөзі, оқулықтар, оқу құралдары, кітаптар, анықтамалық әдебиет, оқу жабдығы мен көрнекі құралдар, оқу киносы, радио, дыбыс таспасы, теледидар, т.б. техникалық құралдар, бағдарламалық оқытудың арнаулы құралдары - бағдарламалық оқулықтар, оқу құралы, үйрететін машиналар жатады. Осылардың барлығының өзіндік еркшеліктеріне жекелей сипаттама бере отырып, талдау керек. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау негізінде оқулықтардың маңыздылығына тоқталу.

Есеп формасы: Семинар (ауызша)

5-тақырып. Географиялық заңдылықтар туралы білімді қалыптастыру.
Сабақтың мақсаты: Географиялық заңдылықтар білімі процесінің негізгі кезеңдерінің сипаттама бере отырып, оқушылардың білімді игеруіндегі ерекшеліктерге және географиялық заңдылықтарды ашу әдістерін қарастыру.
Негізгі сұрақтары:

  1. Географиялық заңдылықтар білімі процесінің негізгі кезеңдерінің сипаты

  2. Оқушылардың білімді игеруіндегі ерекшеліктер

  3. Географиялық заңдылықтарды ашу әдістері

Тапсырма: Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат-еліміздегі білім беруді халықаралық деңгейге көтеру және білім сапасын көтеру, жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғам қажеттілігін өтеу, оны әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру болмақ. Сондықтан осы бағыт бойынша атқарылып жатқан негізгі методологиялық негізге сипаттама.



Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: География сабағын әңгіме, баяндау, тек түсіндіру арқылы оқыту айтарлықтай нәтиже бермейді. Баланы таң қалдыруды ұмытпа: “Даналыққа ұмтылу таң қалудан басталады” дегендей, оқушылардың оқу материалын оқып-үйрену кезінде таным белсенділігі жоғары болатын сабақтар білім мен біліктілікті сапалы түрде меңгеруді қамтамасыз ете алады. Тиянақты білім беру, оқу үрдісін жандандыру түрлі әдіс-тәсілді таңдай білуге, қолда бар көрнекілікке, құрал-жабдыққа, т. б. көптеген себептерге байланысты. Көрнекілік сабақтың танымдық құндылығын арттырады. Сондықтан Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» болғандықтан, географиялық заңдылықтарды ашу әдістері негізінде оқушылардың білімін қалыптастыру жолдарына сипаттама беру.

Есеп формасы: Семинар (ауызша)

6-тақырып. Карта және онымен жұмыс істеу әдістері.
Сабақтың мақсаты: География сабағында карталарды пайдалану жолдарын игеру және картаны пайдалануда қолданылатын әдіс – тәсілдерді меңгеру.
Негізгі сұрақтары:

  1. География сабағында карталарды пайдалану жолдары

  2. Картаны пайдалануда қолданылатын әдіс – тәсілдер

  3. Географиялық карталар түрлері мен ерекшеліктері

Тапсырма: Географиялық карта түсінігін қалыптастырып, олардың түрлеріне сипаттама. Карта түрлерін әр сабақ барысында қолдану әдіс – тәсілдерімен және оның ерекшеліктерін қарастыру.



Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: Географиялық білімнің маңызды көзі - географиялық картаны оқып, үйрену, географиялық сипаттағы мағлұматтарды ала білу дағдыларын дамыту, қалыптастыру болып табылады. Бүгінде мектепте географиялық карта жоқтың қасы. Ал география сабақтарын картасыз елестету мүмкін емес. Картасыз өткен сабақта тек теориялық білім ғана алады, практикалық тұрғыда ол оның ешбірін жүзеге асыра алмайды.
«Көзбен көріп, қолмен ұста» дегендей, әр сабақта картамен жұмыс оқушының карта бетіндегі географиялық нысандардың есте сақталуына ықпал етеді. Мүмкіндігіне қарай оқулықтармен қоса, атластар мен жұмыс дәптерлері да бірге берілсе, оқушының картамен, кескін картамен жұмыс жасауына үлкен жағдай туғызудағы маңызына талдау жасау.

Есеп формасы:Семинар (ауызша)

7-тақырып. Географияны оқытуда көрнекі құралдарды қолдану.
Сабақтың мақсаты: Географияны оқыту құралдарын пайдалану жөніндегі оқытушылардың озат іс – тәжірибелерін анықтау жолдарын, техникалық оқыту құралдары комплектісін сипаттау және оларды орналастыру, оқыту құралдарын жасау процесінде еске алынатын негізгі факторларға тоқталу.

Негізгі сұрақтары:



  1. Географияны оқыту құралдарын пайдалану жөніндегі оқытушылардың озат іс – тәжірибелері

  2. Техникалық оқыту құралдары комплектісі, оларды орналастыру

  3. Оқыту құралдарын жасау процесінде еске алынатын негізгі факторлар

Тапсырма: Құралдар кешені көбіне оқыту құралдарының мынадай үш түрінен таңдап алынады:

- материалды ұсыну құралдары;

- материалды бекіту құралдары;

- тексеру құралдары;

Осы үш кешен түріне талдау.



Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: Оқыту түрінде нақ құралдар жүйесі қолданылады, себебі оқытудың үш кезеңінің әрқайсысында әр түрлі оқыту құралдары негізгі немесе технологиялық болып табылады. Бірінші кезеңде, яғни жаңа білімдерді беруде оқулық, оқу құралы, оқулық емес кітап немесе оқулық емес кітаптар жинағы технологиялық құрал рөлін атқарады. Бұл кезеңде оқушы берілген мәліметті меңгереді. Екінші кезеңде, яғни оқу қабілеттері мен дағдыларын шыңдауда оқулық, есептер жинағы, басылып шыққан жұмыс дәптері және тағы басқа дидактикалық материалдар технологиялық құрал рөлін атқарады. Бұл кезеңде оқушы қабілеттері мен дағдыларын шыңдауға мүмкіндік алады. Үшінші кезеңде, яғни білім деңгейін тексеруде оқулық, қағазға басылып шыққан бақылау жұмыстары, арнайы дидактикалық материалдар және тест тапсырмалары сияқты оқыту құралдары бақылау тапсырмалары мен сұрақтары ретінде технологиялық құрал рөлін атқарады. Осы үш кезеңді ұштастыру жолдарын қарастыру.

Есеп формасы: Семинар (ауызша)

8-тақырып. Географияны оқыту үрдісінде оқушылардың білімін, іскерлігін тексеру және бағалау жүйесі.
Сабақтың мақсаты: Мектептегі география курсында оқушылардың танымдық мүмкіншіліктеріне талдау жасау. Оқушылардың білімін тексерудің түрлері мен географиялық білімнің нәтижесін бағалау көрсеткіштері мәселесіне тоқталу.
Негізгі сұрақтары:

  1. Мектептегі география курсында оқушылардың танымдық мүмкіншіліктері

  2. Оқушылардың білімін тексерудің түрлері

  3. Географиялық білімнің нәтижесін бағалау көрсеткіштері мәселесі

Тапсырма: Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты оқушылардың танымдық мүмкіншіліктері мақсаты мен мазмұнының өзгеруі әдістер жүйесін жаңартады. Қазіргі кезде әдістер жүйесінің ондаған жіктелісі бар, олардың біреулерінің тәжірибелік, ал екіншілерінің теориялық маңызы басымырақ.Сипатына қарай топтастырылған танымдық мүмкіншіліктері әдістері: сендіру, жаттықтыру, мадақтау және жазалау, іс-әрекетті ұйымдастыру, оқушының тәртібіне ықпал ету әдістері. Оларға жекелей сипаттама беру.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: Оқушылардың таным әрекеттері сипатына қарай ажыртылатын географияны оқыту әдістері: түсіндірмелі көрнекілік, репродуктивті, проблемалық баяндау, ішінара іздену және зерттеу. Әрбір әдістің міндеті оқытушы мен оқушылардың іс әрекеттері, географияны оқыту процесінде қолдану мүмкіндігі. Әрбір оқыту әдістерінің ерекшеліктері мен олардың өзара байланысы туралы талдау жасау.

Есеп формасы: Семинар (ауызша)

9-тақырып. Географияны оқытудағы жаңа технологиялар.
Сабақтың мақсаты: Географияны оқытудағы инновациялар түрлерін ажырату. Географияны оқытуда жаңа технологиялардың сипаттамасы және ерекшеліктеріне тоқталу. Жаңа технологиялардың қолданылу сипаты мен маңызын қарастыру.
Негізгі сұрақтары:

  1. Географияны оқытудағы инновациялар

  2. Географияны оқытуда жаңа технологиялардың сипаттамасы және ерекшелігі

  3. Жаңа технологиялардың қолданылу сипаты мен маңызы

Тапсырма: Кеңiнен қолданылатын "оқыту технологиясы”, "бiлiм беру технологисы”, "оқу процесiнiң  технологиясы”, терминдерiн оқу–тәрбие процесiн ұйымдастыру және басқару деген ұғыммен байланыстыра келе, олардың түрлері мен ерекшеліктерін ажырату.



Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: Оқыту технологиясы – бұл оқытушылар мен оқушылардың қызметiн құру. Мұнда оқушылардың өнiмдi қызметiн ұйымдастыруға мүкiндiк беретiн оқыту жағдайларына (нысандарына, әдiстерiне, тәсiлдерiне, құралдарына) басымдық берiледi.Соңғы жылдары педагогикалық технологиялар ұғымы оқу–тәрбие жүйесiн басқару және жобалау құралдары мен процестерiнiң: оның мақсаттары мен мiндеттерiнiң, мазмұнының, әдiс–тәсiлдерiнiң жиынтығы ретiнде түсiнiледi.

Педагогикалық технология барлық басқарылатын компоненттер:

1.     Бiлу, түсiндiру, пайдалану, бағалау, түсiну, қолдану, жасау, атап көрсету және т.б.

2.     Қайта құру, болжау, сауал, қою, қайта ұйымдастыру, топтастыру, жүйелеу, жеңiлдету және т.б.

3.     Белгiлеу, қорытынды жасау, мәнерлеп оқу, айту және т.б.

4.     Пiкiрiн айту, қолдау, ынтымақтаса қызмет ету және т.б.

Осы сынды компоненттерге жекелей сипаттама бере отырып, олардың жүзеге асуы жолдарына ауызша талдау жасайды.

Есеп формасы: Семинар (ауызша)

10-тақырып. Географиядан дәстүрлі емес сабақтар.
Сабақтың мақсаты: Дәстүрлі емес сабақ түрінің сабақ откізуде алатын орны мен сабақ түрінің ерекшелігі, қазіргі таңда қолданылу сипатын қарастыру.
Негізгі сұрақтары:


  1. Дәстүрлі емес сабақ түрінің сабақ откізуде алатын орны

  2. Дәстүрлі емес сабақ түрінің ерекшелігі, қазіргі таңда қолданылу сипаты

Тапсырма: Дәстүрлі емес сабақ түріне түсінік бере отырып, оның дәстүрлі сабақ түрінен ерекшелігі мен құрылымының сипатына тоқталу керек.



Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: Интеграциялық сабақ пән аралық байланысты жетілдіру мақсатына байланысты пайда болған. Мұндай сабақтарда бір тақырыпты түрлі пәндерден беретін мұғалімдер оқытады. Кіріктірілген сабақтың негізгі мақсаты - оқу материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту. Оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша біріктіріп беру оқушылардың жан-жақты тұтас, терең және берік білім алуына мүмкіндік жасайды. Сондықтан жыл сайын әрбір мұғалім пәндердегі ұқсас оқу материалдарын біріктіріп, яғни пән аралық байланыс принципін қолданып, интегралдық жоспар жасайды. Ондағы материалдарды дер кезінде сабаққа пайдаланып, тиімді етіп іске асырады. Панорамалық сабақ. Панорамалық сабақты өткізудегі негізгі мақсат - озат мұғалімдердің өзінің ұстаздық зертханасын ашып, сабақ беруі, яғни әдістемесін көпке тарату. Панорамалық сабақты өткізу үшін мұғалімге қойылатын ең бірінші талап оның сабақ берудегі өзгеге ұқсамайтын өзіндік әдісінің болуы. Мұғалімнің оқыту процесінде ең көп сүйенетін әдісі қандай, оның тиімділігі неде? Тыңдаушылар соны біліп, сезуі керек. Панорамалық сабақтарға қойылатын талаптардың бірі - мұғалімнің өткізген сабағын өзі талдап беретіндігі. Панорамалық сабақ бір тақырыпты өтуге, яғни тек бір сабақ арқылы оның көп жылғы игі тәжірибелерін көпке танытады. Сайыс сабақ сабақтың атына байланысты сыныпта екі команда білімдері бойынша сайысқа түседі. Мысалы: есеп шығару, сөйлем талдау. Алдын ала оқушылардың өзінен қазылар алқасы құрылады. Мұғалімнің көмегімен қай команданық жеңгені анықталады. Екі команданық капитандарының жарысы ұйымдастырылып, олардың да жауаптары салыстырылады. Тағы басқа түрлі сабақ құрылымдарын талдау.

Есеп формасы: Семинар (ауызша)

11-тақырып. Географияны оқытудың материалдық базасы.
Сабақтың мақсаты: Географияны оқытудың материалдық базасының кешегі мен бүгінгі сипатына талдау. Оқытушы мен оқушылардың жұмыс орындарын жабдықтауға қойылатын талаптар туралы қарастыру.
Негізгі сұрақтары:

  1. Географияны оқытудың материалдық базасының кешегі мен бүгінгі сипаты

  2. Оқытушы мен оқушылардың жұмыс орындарын жабдықтауға қойылатын талаптар

  3. Географиялық алаң, оның маңызы; жабдықтар, оларды географиялық алаңда орналастыру.

Тапсырма: Географияны оқыту барысында оның жан – жақты материалдық базасы жағынан жабдықталуы мүмкіншіліктерін анықтау. Оқу материалын блокпен немесе модульмен беру көптеген географиялық, экологиялық, экономикалық проблемаларды біртұтас беруге мүмкіндік туғызады.



Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: География сабағына қажетті көрнекілік, жаңаны тану ретінде де, ой немесе әңгімені елестету үшін де, аңғарымдылығын дамыту үшін де, материалды еске сақтау үшін де қолданылады. Көрнекілік құралдар оқу үрдісінің барлық кезеңдерінде қолданылады: жаңа білімді хабарлаған кезде, кейде мұғалім жаңа білімді хабарлауы орнына (мысалы, кинофильмді көрсету, тәжірибе жасау); білімді орнықтыру жәнеіскерлік пен дағдыны қалыптастыру кезінде үйге берілген тапсырмаларды орындаған кезде сызбаларды сызу, кестелерді жасау, суреттемелерді орындау және т.б.; меңгеруді бақылаған кезде (мысалы, карта, кесте бойынша айтып беру, аспаптар құрлысын түсіндіру). Көрнекілік ол материалдық базаның негізгі жабдықтары ретінде тану.

Есеп формасы: Семинар (ауызша)


12-тақырып. Мұғалімнің сабаққа дайындағына қойылатын талаптар.
Сабақтың мақсаты: Мұғалімнің география сабағын жүргізу сипатына талдау жасау. Сабаққа дайындығын тексеру үшін қойылатын талаптар ерешелігін анықтау.
Негізгі сұрақтары:

  1. Мұғалімнің география сабағын жүргізу сипаты

  2. Сабаққа дайындығын тексеру үшін қойылатын талаптар ерешелігі

Тапсырма: Оқытуды ұйымдастыру формалары:



  • Оқытуды ұйымдастыру формалары 

  • Сабақ – оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы.

  • Сабақ, оған қойылатын талаптар.

  • Сабақтың типтері мен құрылымы.

  • Мұғалімнің сабаққа әзірленуі, оны жоспарлауы – бойынша талдау.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: Сабақты жоспарлау және мұғалімнің  оны дайындау кезеңдеріне ауызша талдау жасау керек.

1. Бөлім немесе тақырып бойынша сабақтар жүйесін жасау, құрастыру;

2. Бағдарлама негізінде, әдістемелік құралдар, оқулық және қосымша әдебиеттер бойынша сабақтың үш мақсатын анықтау;

3. Сабақтағы оқу материалының тиімді мазмұнын анықтау, оны бірқатар тірек бөлімге бөлу, дидактикалық өңдеу;

4. Сабақта оқушы түсініп, есте сақтауы тиіс негізгі материалды бөліп алу;

5. Сабақтың оқу міндеттерін тұжырымдау;

6. Сабақ құрылымын жасау, оның типін, тиімді әдістер мен тәсілдерін анықтау;

7. Пәнаралық байланыс пен сабақта оны пайдалану әдістерін анықтау;

8. Сабақтың барлық кезеңдеріндегі, әсіресе стандартты емес жағдайларындағы оқушы мен мұғалімнің барлық іс-әрекетін жоспарлау;

9. Сабақтың дидактикалық құралдарын таңдау;

10. Техникалық оқу құралдары мен құрал-жабдықтарды тексеру;

11. Мұғалімнің тақтаға сызып, жазатындары мен оқушылардың тақтада немесе дәптерлерінде орындайтын ұқсас жұмыстарын жоспарлау;

12. Сабақтағы оқушылардың өзіндік жұмысының түрі мен тиімді көлемін анықтау;

•13. Үйде және сыныпта алған білімді бекіту, білімді жинақтау және жүйелеу түрі мен әдісін таңдау;

•14. Білім, білік, дағдысы олардың қалыптасу деңгейіне сәйкес әдістермен тексерілетін оқушылардың тізімін жасау, үй тапсырмасының түрі мен көлемін анықтау;

•15. Сабақты қорытындылау түрін ойластыру;



Есеп формасы: Семинар (ауызша)
13 – тақырып. География кабинеті оған қойылатын талаптар.

Сабақтың мақсаты: География кабинетінің негізгі элементтері, олардың сипатына талдау және география оқытушысының география кабинетіндегі шаруашылық ұйымдастыру жұмысы және оның компоненттері мен кабинет құрудың негізгі кезеңдеріне сипаттау


Негізгі сұрақтары:

  1. География кабинетінің негізгі элементтері, олардың сипаты

  2. География оқытушысының география кабинетіндегі шаруашылық ұйымдастыру жұмысы және оның компоненттері

  3. Кабинет құрудың негізгі кезеңдері

Тапсырма: География кабинетінің жабдықталуы ережесіне талдау. Кабинет жабдықтары түрлерін анықтап, олардың кабинет үшін маңыздылықтарына сипаттама беру.



Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау: География кабинеті және оның оқу тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудағы маңызы қазіргі таңда өте зор болып табылады. Карта, сызба нұсқа және қабырға суреттерін сақтауды ұйымдастыру керек. Технмкалық оқыту құралдары  комплекстісі, оларды орналастыру қажет. География оқытушысының география кабинетіндегі шаруашылық ұйымдастыру жұмысы және оның компоненттерінің орындалуын қадағалап отырады. Кабинент құрудың негізгі кезеңдерін орындау арқылы жүзеге асырып отырады. География кабинетін оқу және сыныптан тыс жұмыстар жүргізуде пайдалану үшін жоғары деңгейде безендіріліп, пәнге сай құралдармен безендірілуі тиіс жұмыстрына ауызша талдау жасау.

Есеп формасы: Семинар (ауызша)
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет