№1 семинар тақырыбы: Фольклор жанрларының теориясы және халық прозасын саралау мәселелері
1.Фольклор жанрларының теориясы
Фольклор мен жазба әдебиет. Ауызша сөз өнерінің табиғаты, шығарманың туу, таралу және сақталу ерекшеліктері, мезгілі мен мекені. Ауызша айтудың дәстүрлілігі мен формулалығы, стильдік кестесі. Шындықты бейнелеудің көркемдік әдістері. Ауыз әдебиеті - ұжымдық шығармашылықтың жемісі. Оның шығу, айтылу, даму процесіндегі коллективтіліктің көрінісі және түрлері. Жеке шығарманъң коллективтілік аясындағы сипаты. Дәстүрлілік пен коллективтік. Көпнұсқалылық және оның фольклордағы коллективтілік пен ауызша айтылуға байланыстылығы. Вариант /нұсқа/ және версия. Фольклордың өзгермелілігі.
Ауыз өдебиетінің әлеуметтік маңызы. Халықтық және жалпы адамзаттық құндылықтары. Идеялық, тәрбиелік, эстетикалық, танымдық қызметтері. Фольклор халық өмірінің барлық саласын сол халықтың рухани түсініктеріне, ұлттық ерекшеліктеріне қарай бейнелейді. Фольклордың өміршеңдігі, ескірмес құндылығы - халықтың рухани тарихының өзгеше тәсілмен сипатталған айнасы екендігінде, елдің үміті мен арманын, тарихи, әлеуметтік құбылыстар туралы түсінігі мен бағасын көрсете алатынында.
2.Халық прозасын саралау мәселелері
Халықтың ауызша сөз өнерін зерттейтін ғылым фольклортану /фольклористика/. Фольклордың тарихы мен теориясы туралы түсінік. Халық өнерінің түрлері және олардың ішінде фольклордың алатын орны. Фольклортанудың әдебиеттану, тіл, этнография, тарих, археология, философия ғылымдарына қатысы.
Фольклордың көп қырлы бітімі мен синкреттілігі, әдеп-ғұрып, наным-сенім, өнердің өзге түрлерімен байланысы. Халықтық сипаты. Ауыз әдебиетінің табиғаты мен қоғамдық маңызын танудағы атақты ғалымдар мен ойшылдар пікірі.
Фольклордың ерекшеліктері. Ондағы сөздің жетекші қызметі. Фольклор - ауызша сөз өнері. Оның тұтас көркемдік жүйесі, жанрлары, поэтикалық тәсілдері мен құралдары. Ауыз өдебиетінде шындықты бейнелеу өзгешелігі, көпқабаттылығы /полистадиялығы/.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
Халық прозасын саралаудың мәселелері
Халықтың ауызша сөз өнерін зерттейтін ғылым фольклортану /фольклористика/. Фольклордың тарихы мен теориясы туралы түсінік. Халық өнерінің түрлері және олардың ішінде фольклордың алатын орны. Фольклортанудың әдебиеттану, тіл, этнография, тарих, археология, философия ғылымдарына қатысы.
Фольклордың көп қырлы бітімі мен синкреттілігі, әдеп-ғұрып, наным-сенім, өнердің өзге түрлерімен байланысы. Халықтық сипаты. Ауыз әдебиетінің табиғаты мен қоғамдық маңызын танудағы атақты ғалымдар мен ойшылдар пікірі.
Фольклордың ерекшеліктері. Ондағы сөздің жетекші қызметі. Фольклор - ауызша сөз өнері. Оның тұтас көркемдік жүйесі, жанрлары, поэтикалық тәсілдері мен құралдары. Ауыз өдебиетінде шындықты бейнелеу өзгешелігі, көпқабаттылығы /полистадиялығы/.
Фольклор жанрларының теориясын қалай түсінесің
Фольклор — ағылшын сөзі. Ол — халық творчествосы, халықтың ауызша тудырған көркем шығармасы, халық даналығы деген үғымды береді. Фольклор дүние жүзіндегі халықтардың бәрінде бар. Ал халықгың ауыз адебиетін зерттейтін гылымды фольклористика деп атайды.
Ауыз өдебиетінің әлеуметтік маңызын ата.
Ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы.
Фольклордың өміршеңдігі, ескірмес құндылығы дегенді қалай түсінесің?
Фольклордың өміршеңдігі, ескірмес құндылығы - халықтың рухани тарихының өзгеше тәсілмен сипатталған айнасы екендігінде, елдің үміті мен арманын, тарихи, әлеуметтік құбылыстар туралы түсінігі мен бағасын көрсете алатынында.
Достарыңызбен бөлісу: |