Семинардың тақырыбы : «Жалпыадамзаттық құндылықтар-мектептің біртұтас педогогикалық үдерісінің негізі»



Дата05.06.2017
өлшемі85,74 Kb.
#17637
түріСеминар
Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың жоспары
Мектеп: Бекі бастауыш мектебі

Семинарды тыңдаушылардың саны : 10

Мерзімі :08.10. 2016ж

Мұғалім: Абжатова Жұмагүл. Абжатовна.
Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың тақырыбы:

«Жалпыадамзаттық құндылықтар-мектептің біртұтас педогогикалық үдерісінің негізі»




Мақсаты: Қазіргі әлемдегі рухани-адамгершілік білім берудің басымдығының мәнін аша отырып, жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:

1.Рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық- педогогикалық негіздермен таныстыру.


2. Өзін –өзі тануды оқытудың аксиологиялық аспектілерінің мәнін ашу.

3. Өзін- өзі тану пәнін басқа пәндермен интеграциялау жолдарымен таныстыру..



Ресурстары: (материалдары, көздері)

Жоспар:

1.Қазіргі әлемдегі рухани- адамгершілік білім берудің басымдылығы.

2.Өзін- өзі тану рухани- адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық-педогогикалық негіздері.

3.Өзін- өзі тануды оқытудың аксиологиялық аспектілері.

4.Өзін- өзі тану пәнін басқа пәндермен интеграциялау.

5.Топтық шығармашылық жұмыс.

6.Мұғалімдерге арналған сауалнама.

7.Үйге тапсырма

8.Топпен ән айту

9.Қорытынды.



Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі .Амандасу

Тыныштық сәті

Нұрға бөлеу

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте шұғылалана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, балаларыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз…

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет






Жоспар (жоспардың әрбір пунктін 3-5 сөйлеммен ашу)
1.Қазіргі әлемдегі рухани –адамгершілік білім берудің басымдылығы.

Дағдарыстар



Жеке тұлғалық дағдарыстар

а) зияткерлік

б)эмоционалдық

в) тәндік



Қоғамдық дағдарыс

а) экономикалық

б) мәдени

в) отбасылық

г) білім беру

Экологиялық дағдарыс

а) климаттық

б) ресурстық

в) табиғи

Балалардың бойында адамгершілік қасиеттерді тәрбилелеу мәселесін жөнді бағаламау барлық қоғамда әлеуметтік, саяси, тіпті экономикалық дағдарыс түрінде көрініп тұр.Қазіргі кезеңде адамзат дамуында жаһандық мәселелер тіршіліктің барлық деңгейлерінде түрлі дағдарысқа тірелді. Жеке тұлғалық дағдарыс (зияткерлік,эмоционалдық,тәндік). Қоғамдық дағдарыстар( экономикалық, мәдени, отбасылық, білімділік,) Экологиялық дағдарыстар ( ресурстық, табиғи, климаттық ).Осының бәрі адамзатқа дамудың жаңа жолын іздестіруді талап етеді.Осы дағдарыстардан шығу жолы адамға рухани- адамгершілік білім беру. Қазіргі кезеңде жаһандық мәселелерді шешудің жетекші орталығы «Рим Клубы» болып саналады.Ол 1968 жылы ашылды. Ол өз қатарында әлемдік деңгейдегі әйгілі ғалымдар мен саясаткерлердің басын біріктіріп отыр.Өзін –өзі тану рухани –адамгершілік білім беру бағдарламасы Қазақстанда мемлекеттік дәрежеде жүзеге асуда.Бұл «Метапән». Оның негізін қалаушы С. А. Назарбаева.

С.А. Назарбаева: «Өзін- өзі тану» білім беру бағдарламасының авторы : «Мейірбандық пен Сүйіспеншілік жүректен жүрекке жетіп,әлемге шапағат нұрын төге берсін..» деп айтқан .


2.Өзін- өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық – педогогикалық негіздері.

Рухани –адамгершілік адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық сияқты жеке қасиеттерді қамтиды . В. А. Сухомлинский: «Мұғалім жақсы сабаққа өмір бойы дайындалады. Біздің мамандығымыздың рухани және философиялық негізі де осында: оқушыларға білім ұшқынын шашу үшін мұғалім өз бойына телегей – теңіз нұр жинауы керек»,- деген. Өзін – өзі тану сабағы –бірлескен асқақ өмірдің айрықша кезеңі. Өсіп келе жатқан бала мұғалімнің ісі мен сөзі және ойымен нұрланады , өзінің шынайы табиғатын ашады,шабыттана отырып, өзінің рухани сыйын әлемге таратады.



Сана арқылы оқыту түпкі сана, жоғарғы сана. Жан-тән-рух.
2.Өзін-өзі тану» рухани –адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негіздері.

Жалпыадамзаттық құндылықтар -тұлғаға рухани-адамгершілік білім берудің негізгі өзегі болып табылады.

Ақиқат, дұрыс әрекет,ішкі тыныштық,сүйіспеншілік, қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз білімді адам деп айтуға болады.Адамның кемелденуге деген талпынысы оның ізгілікке деген өсуін білдіреді.Адамның кемелденуге деген талпынысы оның ізгілікке деген өсуін білдіреді. Жалпыадамзаттық құндылықтарды адамның бойынан жарыққа ізгілікке апарады.Осы бес құндылықты мәуелі ағашқа теңесек, мәуелі ағаштың тамыры –мәңгілік құндылықтар оны ақиқатқа теңейміз.оны сүйіспеншілікпен суарсақ дұрыс әрекет болады.Ағаш діңі түзу өседі. Әрекетіміз дұрыс болса ішімізде тыныштық орнайды.мәуелі ағаш бүршік жарады.Ішімізде тыныштық орнаса біз ешқашан қиянат жасамаймыз.Яғни ағаш жемісін береді.яғни рухани деңгейге жетеді. Кемелденеді.Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау- бұл мәңгілік бес құндылық уақытпен өзгермейтін құбылыс.Адамның руханияты мен мәдениетінің жиынтығы, даналығы.

3.Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік Бағдарламасының және басқа пәндердің интеграциясы.

Интеграциялау жолдары:

1.Ұлы ғалымдардың өмірінен және ғылымның даму тарихынан шабыттандыратын мысалдар келтіру.

2.Қазіргі ғылымның жаңалықтарымен таныстыру.

3.Әр оқу пәнінің мазмұнынан жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау.

Жанды білім биікке самғайтын қанаттар, жансыз білім аяқтағы кісендер.Зияткерлік (сыртқы) білім санадан орын алады. Рухани адамгершілік(ішкі) жүректен орын алады. «Өзін- өзі тану»рухани- адамгершілік білімнің басқа пәндермен интеграциясы- ол, ең алдымен мектептегі білімді жандандыру, оның рухани –адамгершілік болмысын жарыққа шығару, ол біртұтас білім, барлық пәндерді мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жинақтау , жалпы біз оқытатын пәндердің барлығының біртұтас екенін білдіреді.


Талдау



4.Бейнематериал: «Сүйіспеншілік пен Өмір»

5.Топтық шығармашылық жұмыс топқа бөлу

Сүйіспеншілік тобы Құндылықтарға постер қорғау

Ақиқат тобы « Шындық шыңға жеткізер» оқиға әңгімелеу

6.Мұғалімдерге арналған сауалнама

Әр мұғалімге сауалнама беріледі, жауаптары жазылады



.Үй тапсырмаcы

Интеграцияланған сабақ жоспарын жасау



«Сүйіспеншілік гүлі» ойыны

Мұғалімдерге гүл түрінде қиылған түрлі- түсті қағаз беріледі. Сол гүлге өздерінің бойындағы ең жақсы қасиеттерін жазады,сосын құндылық ағашына орналастырады.



9.Топпен ән айту

«Мейірімді болайықшы ағайын»

Сөзі: С. Қали

Әні : Қ. Махан

Көктем етіп көркейтсе де маңайын,

Көріп жүрміз өкпешілдің талайын.

Өшігуді кояйықшы өзгеге,

Кешірімді болайықшы, ағайын!
Көк нөсерін көл етсе де жауындар,

Көк пен жерді сел етсе де дауылдар,

Пейілдерді пенделікпен тарылтпай,

Мейірімді болайықшы , бауырлар!

Болашаққа қол ұстасып барайық,

Ақиқаттың ауылын іздеп табайық.

Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз,

Кішіпейіл болайықшы, халайық!

Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп,

Сонда дағы бөлінумен шаршап ек,

Өзімізге қалайтұғын нәрсені,

Тілейікші өзгеге де, болса деп!

Ұлттың қамын жүректермен ұғынып,

Жұрттың жүгін көтерейік жұмылып.

Қаратайық, Құбылаға жүздерді,

Таратайық адамзатқа жылылық!


10.Жиналыстың қорытынды сәті.

Жақсы болыңыздар

Жақсы нәрсе туралы ойлаңыздар

Жақсы нәрсе айтыңыздар

Жақсы нәрсе тыңдаңыздар

Жақсы нәрсе көріңіздер

Жақсы нәрсе жасаңыздар

Бақытқа жеткізер жол –осы?

Бүгінгі семинардан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар.Бала біздің болашағымыз , бақытымыз ! Ендеше , осы балаларға жанды білім беріп, жағымды қасиеттерді бойларына сіңіре білейік.




Мұғалім: _ __________Ж. Абжатова.


Директор: __________Ш. Бердібеков.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет