1
2
3.
3
|
Сабаққа дейінгі кезең
Сабақ кезіндегі кезең
Мағынаны тану
|
1.Сыныпты топқа бөлу.
Әр қатысушылардың алдына жеке бағалау парақшасы беріледі.
2.Ой қозғау. «Қанша шар немесе қанша куб» бар?
3.Қызықты тест тапсырмаларын орындау.
1.Түрлі геометриялық денелердің алдынан қараған көрінісі берілген, үстінен қараған көріністің 6 нұсқасы бар, қайсысы дұрыс?
2.Топтасқан 3 геометриялық денелердің алдынан және сол жағынан қараған көрінісі берілген үстінен қараған 4 нұсқаның қайсысы дұрыс?
4.Мәтін бойынша жұмыс жүргізу.
Нәтижесінде – «Пирамида» , «цилиндр», «Призма», «Конус» денелерінің аты шығады.
5.Мәтінді оқығаннан 10-минуттық эссе жазады.
Әр топтан үздік эссе топтың келісімімен жарияланады
6.Топтық тапсырма .
Тапсырматехникалықсуреттеорындалады.
География пәнімен байланыстыру.
|
Геометриялық денелер бейнеленген парақшалар арқыылы топқа бөлінеді.
1топ- пирамида
2 топ- призма
3 топ- конус
4 топ- цилиндр
Слайд арқылы тапсырмадан «Қанша шар немесе куб» барекенін табады.
1--11;
2-14;
3-10.
1-тапсырма.Алдынан қараған көрініске үстіндегі көріністің қайсысы сәйкес келеді?
1-5;
2-1;6;
3-6;
4-2,4,5.
2-тапсырма.Мына сызбаға, үстіндегі көріністердің қайсысы сәйкес келеді? Берілген тапсырманың дұрыс нұсқасын белгілеп отырады.
1-2;
2-3;
3-4;
4-2.
Дұрыс жауабын айту арқылы, өзін-өзі бағалау.
Әр топқа мәтінмен танысу үшін жеке жұмыс беріледі. Мәтін геометриялық денені сипаттауға, суреттеуге, мағынаны тануға арналған. Мәтінмен танысу арқылы, қандай геометриялықдененің сипатталғандығын табады.Сол табылған дене атымен топ өздерінің аттарын анықтайды. Анықталған дененің атын бағалау парақшасына жазып қояды.
1-ші топ«цилиндр».
Тік төртбұрыш өзінің бір қабырғасынан айналғанда шығатын айналу денесі.Тік төртбұрыштың қозғалмайтын қабырғасы оның осі болып табылады,ал оған қарама- қарсы қабырғасы – жасаушысы оның бүйір бетін және қалған екі қабырғасы оның табандары болатын бірдей екі дөңгелекті сызады. Оның жасаушылары табанына перпендикуляр немесе көлбеу болуына қарай тік немесе көлбеу болуы мүмкін. Тік айналмалы дененің бүйір беті жасаушының АВ кесіндісіносы кесіндіге параллель осьтің маңында айналдыру нәтижесінде пайда болады. . ( Денені техникалық суретте орындап , эссе жазу)
2-ші топ«пирамида».
Дененің табанында дұрыс көпбұрыш жатып,оның биіктігі табанының центрі арқылы өтетін болса ,онда бұл қандай дене болады.Оның шаршылы табаны горизонталь жазықтыққа нақты шамасымен проекцияланады .Оның табанының проекциясында диогоналдары болып табанының төбелерінен дене төбесіне сызылған дене қырлары кескінделеді Оның фронталь және горизонталь проекциялары тең бүйірлі үшбұрыштар болады.Оның өлшемі табанының екі қабырғасының ұзындығы b және h биіктігімен анықталады.Изометриясын тұрғызу табанынан басталады.Алынған фигураның центрінен перпендикуляр тұрғызып ,оның бойына биіктігін белгілеп,табылған нүктені табанының төбелерімен біріктіреді.
3-топ «призма».
Дененің бүйір қырлары табандарына перпендикуляр болса тік деп аталады,ал қырлары табанына көлбеу болса көлбеу деп аталады,ал табандары тікбұрыштар болса ол параллелепипед деп аталады.Горизонталь проекциялар жазықтығына параллель,табандары оның нақты шамасымен ,ал фронталь және профиль жазықтықтарға түзу сызық түрінде кескінделеді.Бүйірінің жақтары параллель проекция жазықтықтарына нақты шамасымен ,перпендикуляр проекциялар жазықтықтары сызық түрінде бейнеленеді. Проекция жазықтықтарына көлбеу жақтар бұрмаланып бейнеленеді.
4-ші топ «конус».
Тік бұрышты үшбұрышты катеттерінің біреуіне айналдырғанда шығатын айналу денесі.Оның бүйір беті BS кесіндісінің осіне бағыттаушысы –табан шеңбері бойынша айналдыру нәтижесінде пайда болады.Оның изометриясын тұрғызуды табанының изометриясын тұрғызудан бастайды ,содан кейін центрден z осі бойынан биіктігін белгілейді және жасаушылыры овалға жанама ретінде жүргізіледі.Изометрия проекциясында оның бетінде орналасқан А нүктесіне үш координаты бойынша тұрғызады.
Мәтінді оқығаннан және жалпы талдағаннан кейін 10-минуттық эссенің көмегімен өз ойларын ұйымдастыру ұсынылады (еркін хат әдісі бойынша).
Әр геометриялық дененің қандай дене екенін, ұқсас қандай денелер бар екені, сипаттама беріп, қмірмен байланыстыра отырып өз ойларын еркін жеткізеді.
Келесі орындалатын тапсырмамен танысып, өздеріне берілген топтық жұмысты техникалық жұмыста орындайды және өмірмен байланыстыра отырып өздерінің идеяларын қосады.
1-ші топ бес бұрышты пирамиданың сызбасын, аксономиялық проекциясын және макетін дайындайды.
2-ші топ қиылысатын екі призманың өзара қиылысуының сызбасын , изометриялық проекциясын салу.
3-ші топ конустың бетіне АВ нүктесін белгілеп, көлбеу жазықтықпен қиғандағы сызбасын сызу, изометриялық проекциясын, жазбасын дайындайды.
4-ші топ тесігі бар немесе ойығы бар цилиндрдің , сызбасын сызып изометриялық проекциясын орындау.
Әр топ өздерінің түйінді ойлары мен жаңалықтарын ортаға шығып қорғайды,
Геометриялық денелерді карта жасауда пайдаланылады. Карталарды түрлі проекциялар арқылы жасайды. Цилиндрлік, конустық, азимуттық ( призма) түрлері бар. Геометриялық денелерді өмірде көп қолданылады. Геометриялық денелерді география пәнімен де байланыстырып өткізуге болады екен. Цилиндрлік проекция арқылы дүние жүзінің картасын жасайды. Конустық проекция арқылы орта ендіктегі мемлекеттердің карталары жасалынады. Азимуттық ( призма) проекциялар аймағының карталары жасалынады. Геометриялық денелер арқылы картадағы бұрмалануларды анықтауға болады.
|
2минут
2минут
2минут
2минут
1 минут
Мәтінмен танысуға 2 минут беріледі
10 минут
3 минут
Топтық талқылауға 5 минут
8 минут
6 минут
|