Семинар(практикалық) сабақтардың жоспары
Модуль №1 - 3 сағат
Тақырып 1. Мәдениет анатомиясы - 1 сағат.
Проблемалық, негізгі сұрақтары.
1.Мәдениет және өркениет: өзара байланысы мен ерекшелігі.
2.Мәдениеттің негізгі типтерінің негізгі өлшемдерін салыстыру (архаикалық, отырықшы, индустриалды мәдениет өлшемдері).
3. Мәдениет формалары: миф, өнер, дін, мораль, философия, құқық, саясат, ғылым, техника
№2 Тақырып. Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті -1сағат
Проблемалық, негізгі сұрақтары.
1.Сақ, массагет, ғұн, үйсін және қаңлылардың мәдени мұрасы және олардың түркі халықтарының мәдени мұрасының қалыптасыундағы рөлі.
2. Ежелгі Қазақстан аумағындағы архаикалық мәдениет: материалдық мәдениет ескерткіштері.
3.Ежелгі әлемнің техникалық жетістіктерінің негізгі ескерткіштері.
№3 Тақырып.Түркілердің мәдени мұрасы
Проблемалық, негізгі сұрақтары.
1.Ортағасырдағы Қазақстандағы түркі мәдениеті және оның еуропалық және исламдық мәдениетке әсері.
2. Қарахан кезеңіндегі мәдениет. Қарахандар кезеңінің материалдық, қалалық мәдениеті. Түркі кезеңіндегі техниканың дамуы.
3. «Сакральды (қасиетті) Қазақстан» бағдарламасы. Түркі кезеңінің мәдени ескерткіштерін қалпына келтіру мен сақтау.
Модул №2-2 сағат
№ 4 Тақырып. Қазіргі әлемдік үдерістер аясындағы қазақ мәдениеті
Проблемалық, негізгі сұрақтары.
1. Қазақстан мәдениеті: мәселелері мен болашағы
2.Жаһандану және этно-аймақтық мәдениеттердің өзін-өзі бірегейлендіру мәселесі.
3. Қазақстандағы заманауи теледидардың дамуы.
№5 Тақырып. «Мәдени мұра» Мемлекеттік Бағдарламасы
Проблемалық, негізгі сұрақтары.
1. Қазақстандағы саясат мәдениеті және оның қазақ халқының мәдени бірегейлігін сақтау мәдени стратегиясын қалыптастыруға тигізетін әсері.
2. «Мәдени мұра» Мемлекеттік Бағдарламасы мәдени саясат саласы ретінде.
3. Жаһандану аясындағы білім беру мәселесі.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Ғабитов Т. Мүтәліпов Ж., Құлсариева А. Мәдениеттану. Оқулық. –А., 2001-2003 ж.
Алтаев Ж: Философия және мәдениеттану .- А., 2000
Қанағатова А. Мәдениеттану негіздері .- А., 2001
Мәдениеттану сөздігі. Құрастырғандар: Құлсариева А., Ғабитов Т. жәнет.б .- А., 2001
С. Терминосова. Тіл және мәдениетаралық коммуникация. Ұлттық аударма бюросы, 2018 жыл.
Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік белестері. – Алматы, 2003.
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы. – Астана, 2007.
Маданов Х. Қазақ мәдениет тарихы.-А., 1998.
Мырзалин С., Қоғам және мәдениет.-А., 1999
Назарбаев Н.Ә. Бейбітшілік кіндігі. - Астана, 2002.
Назарбаев Н.А. Евразийский Союз. Идеи, практика, перспективы. – М., 1997
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан - 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. – Алматы, 1997.
Назарбаев Н.А. Ғасырлар тоғысында. – Алматы: Өнер, 1996. – 272 б.
Ғабитов Т.Х. Қазақ мәдениетінің типологиясы.- А., 1998.
Қоныратбаева А.Т. Көне мәдениет жазбалары.- А., 1991
Шаханова Н. Мир традиционной культуры казахов. – А., 1998
Достарыңызбен бөлісу: |