Үш тілді меңгеру, білу бұл жаһанданған әлемге жолдама деген сөз



Дата11.05.2022
өлшемі13,38 Kb.
#142444
Байланысты:
Баяндама үш тілділік


Үш тілді меңгеру, білу - бұл жаһанданған әлемге жолдама деген сөз. Бүгін «Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр» атты тақырыппен өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының 22 сессиясы барысында ҚР Президенті, Ассамблея Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты. «Кез келген мемлекеттің өзегі - оның бірегей мемлекеттік тілі. Бүгін мен қазақ тілін меңгеріп, оқып жүргендерге шынайы алғысымды білдіргім келеді. Өз балаларын Отанының мемлекеттік тілінде оқытып, қазақ тілін білуі үшін балабақшаларға беріп жатқан ата-аналарға да алғысым шексіз. Бұл біздің бірегей азаматтығымызды білдіреді. Қазақ тілінің дамуы тарихта осындай ауқымды қарқынмен жүргізілген емес», - деді Н.Назарбаев. Сонымен қатар Елбасы Қазақстанда барлық этникалық топтардың тілдерді дамытуына жағдай жасап отырғанын атап өтті. «Біз үштілділікті дамыту қарқынын үдетіп отырмыз. Бұл ойдан шығарған дүние емес, қажеттілік. Қазірдің өзінде қазақстандықтардың 20 пайызы ағылшын тілін меңгерді. Яғни, үш тілді меңгеру, білу - бұл жаһандық әлемге жолдама деген сөз. Бұл адамның өмірдегі табыстылық, жетістік принцпі. Жаһандық әлемде біздің балаларымыз «Планета азаматы» болады. Сондықтан да олар әлемнің кез келген өңірінде жұмыс істеп, күнін көре алатын болады. Яғни, бүгінгі күрделі әлемде біздің балаларымыз өздерін «судағы балықтай» сезінуі керек, біз соған жағдай жасап жатырмыз», - деді Н.Назарбаев.
Бүгінгі семинарымыздың мақсаты үш тілділікті дамыту,қазіргі заманауи технологиялардың талаптарына сәйкес оқушылардың тілін дамыту.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет