Тақырыбы: «Әуенді терапия»



Дата12.03.2018
өлшемі20,35 Kb.
#39063
Тақырыбы: «Әуенді терапия»

Мақсаты: қатысушылардың көңіл – күйлерін сергіту және тығырықтан шығу,үш тілділікті дамыту.

Өткізілу түрі: тренинг

Қатысушылар: семинарға қатысушы мұғалімдер

Өткізілетін жері: №13 кабинет

Тренинг барысы: Құрметті семинарға қатысушы қонақтар! Сіздермен кездескеніме қуаныштымын. Бүгінгі біздің өткізілетін тренингіміздің аты «Әуенді терапия» деп аталады.

Ортаға шеңбер жасап тұрайық. Бес топқа бөлінеміз. Сіздер « Қошақаным» әнінің төрт шумағын әр – түрлі жанрда айтып шығуларыңыз қажет. Барлығымыз бірінші осы әнді қазақша айтып шығамыз. Енді әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша айтып шығады.

1 – топ: Орысша айтамыз;

2 – топ: Ағылшынша айтамыз;

3 – топ: Рэп жанрында;

4 – топ: Күліп тұрып;

5 – топ: Жылап айту.

Қорытынды: семинарға қатысушылардан бүгінгі өткен семинардан алған әсерлерін білу үшін кері байланыс алу.

«ЖББ № 20 орта мектебі» КММ

Тренинг



(аудандық география пәні семинарында өткізілген)

Өткізген: Тоғанбек А.С

Бүркітті ауылы

«ЖББ № 20 орта мектебі» КММ – де аудандық географтар семинарында өткізілген тренингтің

А Н Ы Қ Т А М А С Ы

Тақырыбы: «Әуенді терапия»

Мақсаты: қатысушылардың көңіл – күйлерін көтеру, тығырықтан шыға білшуге үйрету.

Барысы: тренингке қатысушылармен амандасып, біздің мектебімізге келгендеріне қуанышты екенімізді жеткіздік. Алдымен барлық проблемамызды ұмытып, бала кейіпіне енулерін сұраймыз. Барлығымыз қосылып «Қошақаным» әнін хормен төрт шумағы айтылды.Бес топқа бөлініп, бірінші топ осы өлеңді орысша, екінші топ ағылшынша, үшінші топ рэп жанрында, төртінші топ күліп, және бесінші топ жылап тұрып айтып шығулары керек.Қатысушылардың бірінші және екінші тобы орысша және ағылшынша аударма жасауға қиналды. Бірақ, қалған топтар өте көңілді орындап шықты.Тренингтің соңында семинарға қатысушылардан кері байланыс алынды.Тақтаға ілулі тұрған «Сырға толы баққа» семинар туралы өз пікірлерін, ойларын , алдын ала таратылып берілген алма, гүлдер және жапырақтарға жазып бақты гүлдендіріп жіберді. Семинарға қатысушы қонақтар біздің семинардан өте күшті әсер алып тарқасты.



Шағын орталық психологы: Тоғанбек А.С.
Каталог: doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
doc -> Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет