Практикалық жұмыс 12
Шабындықтар мен жайылымдарда кездесетін бұршақ тұқымдас шөптер
1 Бұршақ тұқымдастарға жалпы сипаттама
2 Бұршақ тұқымдастарға жататын малазықтық өсімдіктер
1 Жер бетінде көп тараған өсімдік тұқымдасына жатады. Бұршақ тұқымдастары шөптесін, бұталар және ағаштар түрінде кездеседі. Батыс Қазақстанда бұршақ тұқымдастарының әр аудандарда таралуы әртүрлі. Далалық шалғындықтарында, көбінесе өзен алқаптары мен көлтабандарда кездеседі. Жалпы, облыс бойынша табиғи шөп қауымында бұршақ тұқымдастары барлық өсімдік массасының 3-5% ғана құрады. Бұршақ тұқымдас шөптердің табиғи өсімдік кауымдастықтарын жақсартуда, ауыспалы егістікте және шықпа танаптарда себуге маңызы зор. Тек осы жағдайда ғана бұршақ тұқымдасының үлесін пішенде, жайылымда, сүрлемде айтарлықтай көтеруге болады.
Бұршақ тұқымдастары жоғары қоректілігімен ерекшеленеді. Гүлдеген кезеңінде протеин мөлшері 16,0-20,0%, май - 2,8-3,5%, клетчатка - 25,0-29,0%, азотсыз экстрактивті заттар -40,0-43,5% дейін және минерал заттарына (Са,Р) бай келеді. Бұршақ шөптерінің желінуі де жоғары. Тек 12-14% өсімдік түрлері ғана нашар желінеді, оның 5-6% улы және зиянды. Кейбір түрлерінің нашар желінуі құрамындағы иісті (түйе жоңышқадағы кумарин), ащы (ноғатық, сиыр жоңышқа) заттарға байланысты.
Бұршақ тұқымдастарын жайылымға пайдалануға сақтықпен қараған жөн. Өйткені малдар, әсіресе ірі қара оны көп жеп (таңертеңгілік ашқарынға, немесе жаңбырдан кейін) қойған жағдайда асқазаны кеуіп (тимпания) кетуі мүмкін. Мұндай жағдайды болдырмау үшін малды жайылымда аздап (1 сағаттан) ұстап, басқа жайылымға (астықты, аралас шөпті) көшіру керек
2. Ақ беде (Trifolium repens L.) - көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптесін өсімдік. Өсімдік сабақтары жан-жағына жайылып өседі, биіктігі 15-50 см.
Беденің ұзынша өркендері жақсы қыстап шығады да жайылымға төзімді келеді, нәтижесінде шалғындықта көп жыл сақталады. Гүлшоғыры - жұмыргүл, көптеген ақ түсті гүлдері бар. Ақ беде орманды-далалық аудандарда тараған. Ылғалды және ыза суы жақын орналасқан жерлерде кездеседі. Сонымен қатар ақ беде қызылбас бедеге қарағанда құрғақшылықта жақсы өседі.
Ақ беде жайылымдық өсімдік, жақсы алшынкөк береді. Жайылымда тұқымдары өздігінен шашылып өсіп-өнеді.
Ақ беде сепкен жылы тек тамыр түбінде жертаған жапырақтар ғана түзейді. Келесі жылдары маусымның басында гүлдейді, толық гүлденуі шілдеде өтіп, тамызда тұқымы піседі. Толық өнімді өсімдігі 3-4-ші жылдары түзіледі. Мәдени жайылымда көп жыл сақталады (5 жылдан жоғары). Өнімділігі орташа. Әр гектардан жайылымдық өнімі - 60-180 ц, пішендік өнімі - 15-40 ц. Ақ беделі жайылымды жаз бойы 3-7 ретке дейін пайдалануға болады.
Қызғылт (буданы, швед) беде. Орташа жылдық бұршақ тұқымдас өсімдік. Сабағының биіктігі 15-50 см (егістікте 100 см-ге дейін). 18 ғасырдың орта кезінде жерсіндіріп себіле бастаған. Гүлшоғыры шашақгүл, гүлі қызғылт түсті. Табиғи шалғындықтарда орманды-далалық жерлерде тараған. Ылғалды жерлерде өседі. Қызыл бас бедеге қарағанда қысқа төзімді өсімдік. Қызғылт беде себілген жылы гүлденіп тұқым береді. Келесі жылдары маусымның аяғында гүлдей бастап тамызда тұқымы піседі. Гүлдеген кезеңінде пішенге орғанда, не болмаса тұқымдыққа пайдаланғанда келесі жылы жойылып кетеді. Бірақта жайылымдыққа пайдаланғанда шөп қоспасында көп жыл бойы сақталады. Дәмі ащылау келеді де, жайылымда және пішені қызылбас бедеге қарағанда нашарлау желінеді.
Қызғылт беде батпақты, төменгі ойпат және ылғалды алқаптарда пішендік немесе жайылымдық екпе шалғындықтар алу үшін шөп қоспасына пайдалануға маңызы зор өсімдік.
Достарыңызбен бөлісу: |