Шұбалшаңның асқорыту жүйесі



бет1/2
Дата07.10.2022
өлшемі0,66 Mb.
#152037
  1   2
Байланысты:
Биология 8кл.дидактикалық материалдар асқорыту жүйелері


Дидактикалық материалдар

1- қосымша
Шұбалшаңның асқорыту жүйесі. Шұбалшаң шіріген органикалық қалдықтармен қоректенеді. Асқорыту мүшесі-бүкіл денесін бойлай созылған көлемді ішек. Ішектің алдыңғы бөлігі- ауыз қуысы, ол жұтқыншақпен жалғасып, қорек жұтқыншақтан жіңішке өңешке өтеді, одан жемсауға түседі де, бұлшықетті қарынға барып, қорытылмаған қорек ең ұзын ішек бөлігімен аналь тесігі немесе артқы тесік арқылы сыртқа шығарады. Ас жемсауда жұмсарады, қарында араласады, ішекте қорытылады.


Шұбалшаңның асқорыту жүйесі: 1-ауыз қуысы, 2-жұтқыншақ, 3-өңеш, 4-жемсау, 5-қарын, 6-ортаңғы ішек, 7- артқы ішек, 8-аналь тесігі.
С иырдың асқорыту жүйесі. Өсімдіктекті ас құрамында жасұнық көп болғандықтан ол ұзақ қорытылады. Сондықтан, өсімдіктекті азықпен қоректенетін күйіс қайыратын сүтқоректілердің қарны 4 бөлімді болады. Қорек ауыз қуысынан жұтылып, өңештен қарынның ең үлкен бөлігі – тазқарынға түсіп, онда сілекей мен бактериялардың әрекетінен ашып, жұмыршаққа өтеді. Жұмыршақ жиырылған кезде ас лықсып, қайтадан ауызға келіп түседі. Күйіс қайыратын сиыр сияқты малдар жұмыршақтан ауызға келген қоректі қайтадан сілекеймен шылап, тісімен ұнтақтап шайнайды. Қоймалжың қорек өңеш арқылы қайта жұтылып, қатпаршақ қарынға, одан ұлтабарға өтеді.
Қарында сөлдің әсерінен нәруыздар ыдырайды. Шала қорытылған қоймалжың қорек асқорыту жүйесінің келесі бөлімі – аш ішекке біртіндеп, аз мөлшермен өтіп отырады.
Аш ішекте қорытылған заттар ерітіндісі қылтамырлар арқылы қанға сіңіріледі. Қорытылмаған қалдық заттар тоқ ішекке өтеді. Ол заттардағы су тоқ ішек қабырғасы арқылы қанға өтеді де, қалғаны тығыздалып, тік ішек арқылы денеден сыртқа шығарылады.
Адамның асқорыту жүйесі. Қабылдаған ас ауыз қуысынан бастап қорытылады. Асты шайнау ас қорытудың алғашқы кезеңі. Жұту кезінде арнайы тетіктер ас қоймалжыңының тыныс жолдарына (мұрын қуысы мен кеңірдекке) бармай, өңешке өтуін қамтамасыз етеді. Ауыз қуысында ұсақталып, сілекеймен араласқан ас қоймалжыңы жұтқыншаққа, одан өңешке өтеді.
Өңештегі ас қоймалжыңы қарынға барып жеткеннен кейін қарындағы астың қорытылуы басталады. Қорытылған ас қоймалжыңы қарын қуысынан аш ішекке өтеді. Онда астың қорытуынан пайда болған заттардың қанға сіңеді.
Асты қорыту тоқ ішекте аяқталады. Тоқ ішекте су сіңіріледі де, қалған қорытылмаған бөлік тік ішек арқылы сыртқа шығарылады.
2- қосымша
1-тапсырма. Берілген ағзалардың асқорыту жүйелерінде кездесетін мүшелерді + белгісі арқылы көрсетіңіз.

Ағзалар

Ауыз қуысы

Жұтқыншақ

Жемсау

Өңеш

қарын

жалбыршақ

жұмыршақ

Аш ішек

Тоқ ішек

Тік ішек/ Аналь тесігі

Жауынқұрты































Сиыр































Адам

































Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет