Омыртқасыздар (жауынқұрт) мен күйіс қайыратын малдар (сиыр) және адамның ас қорыту жүйесінің құрылысын салыстыру;
Жануарлардың асқорыту жүйелеріндегі ерекшеліктердің себептерін түсіндіру.
Бағалау критерийлері:
Омыртқасыздар (жауынқұрт), күйіс қайыратын малдар (сиыр) және адамның ас қорыту жүйесінің құрылысын салыстырады.
Жауынқұрты, сиыр мен адамның асқорыту жүйелерінің әртүрлі болуының себептерін түсіндіре алады.
Сабақтың тақырыбы: Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың
ас қорыту жүйелері.
Шұбалшаңның асқорыту жүйесі
Жауынқұртының асқорыту жүйесі
Жауынқұртта алғаш рет сілекей бездері пайда болды. Олар әкке ұқсайтын заттар бөледі. Бұл қоректің яғни шіріген жапырақтың қышқылдылығын азайту үшін қажет
Шіріген жапырақтар – құнарлы азық емес. Сондықтан жауынқұртта жемсау (зоб) мен арнайы қатпары бар асқазан қалыптасты. Ол қоректің қорытылатын бетпен жанасуын арттырады
Асқазаннан кейінгі ішектің бір бөлігі қорытылған заттардың қанға түсіп, ағзаның барлық жасушасына жетуі үшін қажет
Ішек соңғы сегменттегі қорытылмаған заттар шығарылатын аналь тесігімен аяқталады.
1)Асқорыту бездерінің үш типі: сілекей, бауыр және ұйқы безі 2)Асқорыту жолына ауыз, жұтқыншақ, өңеш, асқазан мен ішек кіреді 3)Сиырдың асқорытуының ерекшелігі асқазаны әртүрлі төрт бөлімнен тұрады: үлкен қарын, жұмыршақ, қатпаршақ, ұлтабар
Күйіс қайыратын жануардың асқорыту жүйесі:
1 - ауыз қуысы; 2 - өңеш; 3 - асқазан; 4 - бауыр; 5 - ашішек;
6 - тоқішек; 7 - бүйен
Сиырдың асқорыту жүйесі