Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Организмдегі ас қорыту процесі және механизмі
Орындаған:Таукенова А.
Қабылдаған: Қозықан С.
Тобы:Тпрп 22-09
Жоспар
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1.1.Ас қорыту жүйесі,жастық ерекшеліктері және процесі
1.2. Ас қорыту мүшелерінің қызметін зерттеу әдістері.
1.3.Ауыз құрылысының, жұтқыншақтың, өңештің, асқазанның құрылысы.
ІІІ.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Ас қорыту жүйесі - адам мен жануарлар организмінде ас қорыту қызметін атқаратын органдар. Ас қорыту жүйесі көптеген жануарлар тұрінде бір жағынан тағам енетін, екінші жағынан тағам қалдықтары шығатын түтік деп баламалауға болады. Ас қорыту жүйесінің қарапайым құрылысты түрі алғашқы төменгі сатыдағы ішек қуысты жануарларда (гидроидты полиптер, медузалар) ұрықтың дамуының гаструла сатысында пайда болатын алғашқы ішек қуысы (гастроцель) түрінде өзгеріссіз қалады. Оның пішіні қапшық тәрізді, ішкі беті энтодерма қабатты, бір ғана ауыз тесігі болады. Жоғарғы сатыдағы ішек қуыстыларда (сцифондты медузалар, маржан полиптер, ескекшілер), сондай-ақ жалпақ құрттарда едәуір күрделі келіп, гастронель қуысының эктодермасының ішке қарай көмкерілуінен пайда болатын алдыңғы ішегі (жұтқыншақ) және гастроцель қуысының қалған жерінен құралатын ортаңғы ішегі болады.
Немертиндерде және барлық жоғары сатыдағы омыртқасыз жануарларда (жұмыр құрттар, буылтық құрттар, құрт тәрізділер, моллюскілер, буын аяқтылар, тікен терілілер) алдыңғы және ортаңғы ішектен басқа аналь тесігі бар, артқы ішек бар. Омыртқасыз жануарлар арасында ең күрделі құрылысты Ас қорыту жүйесі бас аяқты моллюскілер мен насекомдарға тән. Оларда ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын және ішек болады. Кейбір омыртқасыз жануарларда (иық аяқтылар, моллюскілер, шаян тәрізділер, өрмекші тәрізділер, кейбір тікен терілілер) бауыр, ал ұйқы безі бас аяқты моллюскілерде болады. Адамның және омыртқалы жануарлардың Ас қорыту жүйесіне ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ішек (аш ішек, тоқ ішек, тік ішек), үш жұп сілекей бездері (шықшыт безі, жақ, тіл асты безі), бауыр, ұйқы безі жатады.
Ас қорыту жүйесінің ауыз қуысынан кейінгі бөлімдерінің қабырғасы үш (сыртқы, ортаңғы және ішкі) қабаттан тұрады. Қарын мен ішектердің сыртқы қабаты серозды тканьнен, ал өңештің сырты талшықты борпылдақ дәнекер тканьнен құралады. Бұл арқылы нервтер мен қан тамырлар өтеді. Сыртқы қабаттың сыртқы жалаң қатар эпителийі мезодермадан, талшықты, борпылдақ, дәнекер ұлпасы мезенхимадан дамиды. Ортаңғы қабат бірыңғай салалы ет талшықтарынан тұрады. Ауыз қуысының, жұтқыншақтың, өңештің алдыңғы жағы және тік ішектің төменгі бөлігінің ет қабатында көлденең жолақты ет талшықтары да болады. Қарынның ет қабаты 3 түрлі болады. Мұнда ұзыннан, көлденең, қиғаш орналасқан ет талшықтары бар.
Ет қабатындағы әр түрлі бағыттарда жатқан ет талшықтарының жиырылуы, түрліше қозғалысқа келуі әсерінен ас ас қорыту жүйесінде жылжиды. Ас қорыту жүйесі ішін астарлай жатқан ішкі қабатты кілегей қабық деп атайды. Ол кілегейлі, етті және кілегей асты қабаттарынан тұрады. Кілегейлі қабаты қарын мен ішекте жалаң қабаттан, ал ауызда, жұтқыншақта және өңеште бірнеше қабаттардан тұратын эпителийден құралады. Кілегей қабық салалы еттен тұрады. Талшықтары жиырылса, кілегей қабаты қозғалады. Кілегей асты қабат тілдің жоғарғы бетінде, қызыл иекте және қатты таңдайда болмайды.
Ас қорыту жүйесінің көптеген бөлімдерінде кілегейлі және кілегей асты қабаттарында ас қорытуға қатысты сөл бөлетін без клеткалары болады. Ас қорыту жүйесінің бірнеше бөлімінен тұруы, оның ұзындығы эволюциялық даму сатысына ғана емес, жануарлардың қоректену ерекшеліктеріне де байланысты. Өсімдікпен қоректенетін жануарларда ол әрі ұзын, әрі көптеген бөлімнен тұрады. Мыс., күйіс қайыратын жануарлардың қарны 4 бөлімнен: таз қарыннан, жұмыршақтан, қатпаршақтан және ұлтабардан құралған. Керісінше жануар текті азықпен ғана қоректенетін жануарлардың Ас қорыту жүйесі әрі қысқа, әрі бөлімі аз болады.
Барлық бір клеткалы организмдерде және кейбір төменгі сатыдағы көп клеткалы жануарларда ас қорыту процесі клетка ішінде өтеді. Олар қоректік заттарды өзін қоршаған ортадан клеткасы арқылы қамтып не жалған аяғымен қоршап алып, бірден клетка ішіне түеіреді де, ас қорыту вакуолясында қорытады. Клеткалық ас қорыту процесі де ферменттердің жәрдемімен жүреді. Көп клеткалы жануарлардың бәрінде дерлік қоректік зат клеткадан тыс, арнайы ас қорыту органдарындағы ас қорыту сөлінің көмегімен қорытылады. Адам мен жоғары сатыдағы жануарлардың ас қорыту жүйесі әр түрлі бөліктерден (ауыз, қарын, ішек) тұратын болғандықтан, тамақ әр бөлікте белгілі бір уақыт қорытылып, келесі бөлігіне өтеді.
|
Ауыз
|
Жұтқыншақ
|
Өңеш
|
Асқазан
|
Аш ішек
|
Тоқ ішек
|
Ұйқы без
|
Бауыр
|
Қызметі
|
Асты ұсақтау ас қорыту жүйесіне өткізу
|
Жұту,жылжыту
|
жылжыту
|
Ас қорытылады
|
Ас сіңіріледі
|
Аш ішектің жалғасы
|
Сөл бөледі
|
Өт бөледі
|
Байланыс
|
Қорек заттарын ағзаға сіңірілетін заттарға ыдырату және организмге сіңіру
|
Нәтижесі
|
Организм өседі,жасуша жаңартылады,ұлпаларды қалпына келтіреді және энергия пайда болады
|
Адам өз тіршілігіне қажетті қоректік заттарды тамақтану арқылы алады. Желінген тамақ сол күйінде бойға сіңбейді. Сондықтан ол ас қорыту мүшелерінде қорытылып, ыдырап, соның нәтижесінде гіайда болған заттардан организм өзіне тән бейімделген заттарды құрады. Астың құрамындағы заттар бірнеше сағаттың ішінде болшектеніп, қорытылып, ыдырауы тиіс. Тамақтың құрамы (нан, ет, ірімшік, кәртөп, сүт, қияр, қызамық, жұмыртқа, алма, өрік т. б.) адам денесіндегі ұлпалардың заттарына мүлде ұқсамайтындықтан, олар қорытылып, дененің ұлпаларын жасауға қажетті қарапайым заттарға бөлінеді. Мұндай бөліну адам денесінде ерекше жүйе құратын — ас қорыту мүшелерінде болады.
Сол сияқты жеген тамақта ауыз қуысынан тік ішекке дейін апарылады. Ас ауыз қуысында, одан соң асқазанда, содан кейін он екі елі ішекте, ащы ішекте біртіндеп қорытыла және сіңіп, ақырында қажетсіз қалдық заттары гік ішек арқылы сыртқа айдалады. Жеген тамақ белгілі бір жылдамдықпен ас қорыту мүшелерінің қабырғасындағы еттердің жиырылуына байланысты бір бағытта жылжиды. Егер ас қорыту жолының қозғалысы жылдам болса, онда жеген ас толық қорытылып үлгермейді. Ал, керісінше, баяу қозғалатын болса, ас қоймалжыңы бір жерде тұрып қалып, ас қорыту бұзылады. Ас қорыту мүшелерінің қозғалысын жүйке жүйесі реттейді.
Бұл химиялық «конвейерде» асты қорыту ерекше заттар – ферменттер арқылы іске асады. Ас қорыту мүшелерінің бәрі дұрыс болғанымен, ферментсіз ас қорыту жүйесінде тамақ қорытылмайды, нәтижесінде ас қоймалжыңы бірнеше сағат бір орында жатып қалады да шіріп, улы заттарды, газды боледі. Адамның іші «кеуіп» мазасы кетеді.
Тамақтың құрамындағы белоктар, майлар мен көмірсу — өте күрделі заттар. Олар ас қорыту жүйесінің мүшелерінде қорытылып, организмнің өсуіне, жұмыс істеуіне қажетті материал ретінде пайдаланылады. Тамақтың құрамындағы — қоректік заттар — организмге аса қажетті қуаттың (энергияның) көзі. Тамақтың құрамындағы витаминдер, тұздар мен су да организм үшін аса маңызды. Олар түрлі химиялық реакциялардың жүруіне, денедегі клеткалардың тірлігіне қажетті жағдайларды тудырады және өздері де тікелей сол реакцияларға қатысады.
Су, минерал тұздары мен витаминдер организмде өзгермей, сол күйінде сіңеді. Ал тамақтың құрамындағы белоктар, майлар мен көмірсу сол күйінде сіңбейді. Бұл қоректік заттар ас қорыту мүшелерінің қабырғасы арқылы сіңе алмайтын ірі молекулалардан тұрады. Ең бастысы -олар адам денесі үшін басқа текті заттарға жатады, сондықтан организмнің ішкі ортасына бармай тұрып, қорытылады.
Достарыңызбен бөлісу: |