Сабақтың тақырыбы:
Мұрын, ауыз, жұтқыншақ және көмей
Жұтқыншақ
Жұтқыншақ (pharynx) – бір жағынан мұрын мен ауыз қуысы, екінші жағынан өңеш пен көмейдің арасындағы байланыстырушы мүше. Адамда Жұтқыншақ ас қорыту және тыныс алу процесіне қатысады. Жұту кезінде ас жентегі ауыз қуысынан аңқа арқылы Жұтқыншаққа, одан өңешке өтеді. Ал ауа мұрын немесе ауыз қуыстарынан Жұтқыншаққа, одан көмейге кетеді. Адамда Жұтқыншақ омыртқа бағанасының мойындық бөлігінің алдында – бассүйектің астыңғы жағынан, 6 – 7 мойын омыртқалары аралығында орналасып, одан төмен өңешке жалғасады. Оның ұзындығы 12 – 14 сантиметр, ені 5 сантиметрдей. Қабырғасы шырышты, ал шырыш асты негізгі, бұлшықетті, дәнекер тінді қабықтардан түзілген. Жұтқыншақтың мұрындық, ауыздық және көмейлік бөліктері болады. Жұту кезінде Жұтқыншақтың мұрындық бөлігі жұмсақ таңдай арқылы ауыздық бөліктен бөлінеді, көмей қақпашығы көмейді жабады да, ас жентегі мұрын мен көмейге өтпей өңешке бағытталады. Ас ішкен уақытта, асты жұтпай тұрып, не шайыр шайнау кезінде қатты сөйлеу (күлу, тағы да басқа) өте қауіпті, себебі, ауа ағынымен бірге ас жентектері көмейге өтіп кетіп, оны бітеп қалуы ықтимал. Бұл жағдай адам өліміне әкеліп соқтыруы да мүмкін. Жұтқыншақтың жоғарғы күмбезінің және артқы қабырғаларының шекарасында Жұтқыншақ бадамшасы (аденоид – балаларда жақсы дамыған) орналасқан. Мұрындық бөліктің екі бүйір қабырғаларында – есту түтігінің Жұтқыншақтық тесігі орналасқан. Есту түтігі Жұтқыншақты ортаңғы құлақ қуысымен жалғастырып, ондағы ауа қысымын сыртқы ауа қысымымен теңестіру қызметін атқарады.
Жұтқыншақтың атқаратын қызметтері: Дем алу. Негізгі дем алу мұрын-жұтқыншақ арқылы болады, ал мұрын-жұтқыншақ арқылы дем алу бұзылса, адам ауыз жұтқыншақ арқылы дем алады. Ас өткізу қызметі. Бұл қызмет тек ауыз-жұтқыншақ арқылы болады. Қорғау қызметі. Бұл қызмет ауызға бөгде заттар түскенде жөтел пайда болып, ол затты кейін шығарып тастайды. Бұл қызмет жұтқыншақтың кілегей қабығында орналасқан әр түрлі тітіркеніш рецепторлар арқасында болады. Сөйлеуді жақсарту қызметі. Жұтқыншақ мұрын сияқты дауысты өңдетіп, оның құбылысын жақсартады.
Жұтқыншақтың жасқа байланысты ерекшеліктері: Жаңа туған нәрестелердің жұтқыншағы воронка тәрізді болады. Жоғарғы жағы ұзын және кең болады. Ал төменгі жағы тар болып келеді. Жаңа туған нәрестелердің жұтқыншағының ұзындығы 4 см және ересектерге қарағанда омыртқадан біраз жоғары тұрады. Жұтқыншақтың көлденең мөлшері 2,1 – 2,5см, алдыңғы-артқы 1,8см. Есту түтігінің кең саңылау тәрізді жұтқыншақтық бөлігі – қатты таңдай деңгейінде ашылады. Бұл бөлік 2-4 жас аралығында жоғары және артқа орналасады, ал 12-14 жас аралығында домалақ түрге ауысады. Жұтқыншақтың төменгі бөлігі жаңа туған нәрестелерде III және IV мойын омыртқаларының арасындағы диск бойында орналасады. Бала 11-12 жасқа келгенде V-VI мойын омыртқаларының арасында, ал жас өспірім шақта VI- VII мойын омыртқаларының арасында орналасады. Жұтқыншақтың мұрындық бөлігі жаңа туған нәрестелерде қысқа болады. Оның мөлшері бала 2 жасқа келгенде екі есе үлкейеді және тығыздалады.
Жұтқыншақ үш бөлімге ажыратылады
Мұрынжұтқыншақ
Ауызжұтқыншақ
Көмейжұтқыншақ
Көмей
Көмекей, көмей (лат. larynx ) - тыныс алу түтікше мүшелерінің бастама бөлігі. Көмекей — жұтқыншақтың тыныс жолын (аңқа) кеңірдекпен жалғастырып, қақпақ ретінде азықтың жұтқыншақтан кеңірдекке түспеуін қамтамасыз етеді. Көмекей қабырғасының негізін сақинаша, қалқанша, бөбешік және жұп ожауша шеміршектер құрайды. Шеміршектер бір-бірімен және тіласты сүйегімен буындар мен байламдар арқьлы қозғалмалы байланысып, оның ішкі қуысы арнасының өзгеріп отыруын қамтамасыз етеді. Түтікше мүше ретінде көмекейдің қабырғасы ішкі - кілегейлі қабықтан, ортаңғы - шеміршекті-талшықты қабықтан және сыртқы — адвентиция қабығынан тұрады. Оның ішкі бетінің екі бүйірінде екі дыбыс қатпары, олардың аралығында дыбыс саңьлауы орналасады. Дыбыс қатпарының негізін дыбыс байламы мен дыбыс бұлшықеті құрайды. Демді сыртқа шығару кезінде, дыбыс байламының тербелуі нәтижесінде дыбыс шығады. Көмекей — екі бағытта (сыртқы ортаға және ішке өкпеге) ауа өткізетін тыныс жолы және дыбыс мүшесі. Құйрықсыз қосмекенділердің, кейбір бауырымен жорғалаушылардың, көптеген сүтқоректілердің және адам К-інің ішкі бетінде бір-бірімен бұрыштасып орналасқан қатпарланған –дыбыс сіңірі болады. Ол фиброзды эластик. тіннен тұрады және кілегейлі қабықпен қапталған.
Көмей қызметі:
Тыныс алу
қорғаныс
фонеция
КӨМЕЙ
Үш жұпты
Үш жұпты емес
Қалпақты
Мүйізді
Клинтәріздес
Қалқанша тәріздес
Сақиналы
Көмей үсті
Көмейдің ішкі бұлшық еттері 3 топқа бөлінеді
1. Дыбыс байланыстарын тартып тұратын бұлшық еттер;
2. Дыбыс саңылауын кеңейтетін бұлшық еттер;
3. Дыбыс саңылауын тарылтатын бұлшық еттер
Қызықты түстер тапсырмасы
СУРЕТ СӨЙЛЕЙДІ
ЖИНАҚТАЛҒАН СӨЗДЕР
АНЫҚТАМА БЕРСЕҢІЗ
Сұрақтар әлемі
С
Ө
Й
Л
Е
У
1. Жұтқыншақ қанша бөлімнен тұрады, анықтама? 2. Көмейдің ішкі бұлшық еттері қанша топқа бөлінеді? 3. Анатомиялық жағынан ауыз қанша бөлімнен тұрады? 4. Гаймаров дегеніміз қай жақтың қуысы? 5. Таңдай нешеге бөлінеді? 1. Мұрын анатомиялық құрлысы жағынын екі топқа бөлінеді ТАНАУ жане ... ? 2. Тыныс алу мүшелерінің бастамасы, жұтқыншақтың жалғасы... 3. Барлық қосалқы қуыстар жұпты болады. Жоғарғы жақта-жоғарғы жақты қуыс немесе ... 4. Ауздың қозғалмалы әрі бұлшық етті мүшесі ... 5. Тілді алға қарай созуға мүмкіндік беретін бұлшық ет... 6. Мұрын қанаттарының бас жағындағы тесік қалай аталады... е ш е і м ү р л ң і н е ш е і м ү р л ң і н з у ы а о и с я м а н а ы т р м ы н ұ й е к ө к м е у с л ө й е ж т қ н ұ ы а ш қ
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |