Ақпарат тілі



бет1/5
Дата07.02.2022
өлшемі132,63 Kb.
#94989
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Акпарат (тілі) (4)

Ақпарат тілі


Ақпараттың тіліне қойылатын бірнеше талпптар бар. Ең басты талап – қысқалық, ықшамдылық. Яғни, хабар әрі қысқа, әрі түсінікті болуы керек. Ал, ықшамдылық дегеніміз- баспасөздің бетін, яғни, газет бетін үнемдеу деген сөз.
Біріншіден газеттің көпсөзділікке ұшырауының нақты екі себебіне тоқталар болсақ, онда біріншіден, материал сөз болатын ең негізгі мәселеге құрылмайды. Ондай материалдар баспасөз бетінде әлі де кездеседі. Мысалы, «Қазақстан мұғалімі» газетінің «Халықтық педагогика» деген айдары бар. Осында жарияланған материалдар көбінесе мектеп өміріне тоқталады да, сөйлемнің соңғы абзацтарында ғана халықтық педагогиканы ұмытайық деген жалаң ұрандарға барады.
Екіншіден, газеттерде артық, босқа тұрған сөз тіркестері, сөйлемдер бар. Қажетсіз қайталауларға жол беріледі (ойды қайталау, яғни, таптологияға жол беріледі). Бұл жерде бір ескеретін нәрсе, қысқа да нұсқа жазу жайы. Ал, шын мәнінде қысқа жазу жағдайды айтпай кету деген сөз емес, қайта тек қажетті нәрсені ғана беріп, ықшамдап айта білу деген сөз. Бұл арада осы проблемаға байланысты айта кететін тағы да бір басты мәселе – ол сөйлем мүшелерін баспасөз бетінде дұрыс қолдана білу жайы, әдетте, сөйлемдегі сөздер саны аз болса, көп болса да сөз тіркесі өзара мағыналық синтаксистік байланыста болу арқылы белгілі мүшелік қатынаста жұмсалады. Олай болса, сөйлемді дұрыс құра білген жөн. Әсіресе, бұл арада сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаларға өте сақ болған дұрыс.
Сөйлем құруға негіз болатын бас мүшелер, әсіресе, баяндауыш ойды дұрыс құрастыруға арқау болады. Бас мүшелер болмаса, басқа мүшелердің болуы да мүмкін емес. Өйткені, анықтауыш ,толықтауыш, пысықтауыш алдымен сол екі бас мүшенің маңын топталады, қала берді бірін-бірі анықтап, толықтырып, сөйлемнің құрамына ене алады.
Әрбір сөйлем мүшесі дәл, керегінде әсерлі, экспрессивті түрде хабарлаудың басты шарты – сөйлем мүшелерінің қызметін бірден-бір дұрыс табылып қолданған сөздерге жүктей білуде. Сонымен қатар, ойды аз сөзбен сығымдап айту, көршілес сөйлемдерде бір сөзді қайталай бермеу талаптары қойылады. Ол ушін сөйлемде басы артық сөз қолданбау керек, бір сөзді қайталай бермей, бірде оның синонимін, бірде оның орнын басатын есімдікті пайдаланып, кейде бір сөзді екі-үш сөйлемге ортақ етіп айта білген жөн.
Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібінің қалай болуы жазушының, сөйлеушінің еркіндегі нәрсе емес. Онда әрбір тілдің өзіне тән ішкі заңы, ережелері болады. Дұрыс құрастырылған сөйлемнің түсінігі де дұрыс, кісіге әсері де өзгеше болады. Әдеби тілде қалыптасқан сөйлем құрылысын бұзып, оның басын аяғына келтіріп жазу, әрине, шеберлікке жатпайды. Мәселен, «жұртқа көп тараған халық музыкасынан концерт береміз» деудің орнына, «көп тараған қазақтың халық музыкасынан концерт береміз» деп жазсақ, орынсыз тілдік стильді бұзғанымыз болып есептеледі. Л.Н.Толстой айтқандай, сөз суреткерлерінің шеберлігі: «Бірден-бір керекті сөзді тауып қолданып, оны дұрыс орналастыра білуде». Сөйлем құруда сөзді дұрыс орналастыруды шеберлік деп тануүшін де, сөздердің орын тәртібін дұрыс сақтап жазу үшін де қазақ әдеби тілінің ережелерін жақсы білген шарт. Қазақ тілінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі тұрақты болып келеді. Ал, орыс тілінде болса, еркіндік басым.
Осыған орай біздің оқырмандарымызға тағы бір айтарымыз: тілдік норма ойды нақты, жүйелі,артық-кем болып қалмас үшін бір абзацта кемінде төрт сөйлем болғаны дұрыс сияқты. Себебі, сөйлем саны одан көбейіп кетсе, ойға нұқсан келеді, күңгірттенеді. Екіншіден, бір сөйлемде ең көбі 29 сөз болғаны жөн. Одан артық болса, оқырман ұғымына ауыр тиеді. Үшіншіден, ең дұрыс құрылған сөйлемдер, сегіз сөзден құралған (бірыңғай 8 емес, 9, 10, 11, 12 араласып тұрады) сөйлемдер екен.
Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет