Шеңбер және дөңгелек
Жазықтықтағы белгіленген нүктеден бірдей қашықтықта орналасқан нүктелер жиынын шеңбер деп атайды. Белгіленген нүкте шеңбердің центрі, ал бірдей арақашықтық шеңбердің радиусы болады. Шеңбердің кез келген екі нүктесін қосатын түзу сызықты кесінді хорда деп аталады. Центрі арқылы өтетін хорда диаметр деп аталады. Кез келген диаметрдің ұзындығы радиустан екі есе ұзын болады.
Белгіленуі: ω(О; R).
Нүктенің геометриялық орны деп қандайда бір қасиеттерге ие болатын нүктелер жиынын айтамыз.
Мысалы, шеңберді берілген нүктеден бірдей арақашықтықта жатқан геометриялық нүкте деп қарастыруға болады.
Дөңгелек – шеңбермен шектелген жазықтықтың бөлігі.
Дөңгелектің элементтері шеңбердің элементтеріндей анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |