Шеберлік сынып Тақырыбы



Дата14.01.2020
өлшемі19.8 Kb.
Шеберлік сынып

Тақырыбы

Талантты және дарынды балаларды анықтау жолдары

Мақсаты

Дарынды және талантты оқушыларды анықтау жолдарын іздестіру, оқушыларды анықтап, олармен жұмыс жүргізудің жолдары жайлы таныстыру.

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері

  • Оқу үрдісінде жаңа тәсілдерді қолданудың нәтижесінде талантты және дарынды балалар анықтайды.

  • Дарынды және талантты оқушылармен жұмыс жасау тиімділігі жайлы мағлұмат алады,оны өз тәжірибелерінде қолданады.

Дереккөздер

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 49-55 бет

  2. Үлестірмелі нұсқаулық








Өту барысы

Кезеңдері

Коуч әрекеті

Коучингке қатысушылардың әрекеті

Қажетті ресурстар

Амандасу

1.Мұғалімдерді шеңберге тұрғызады.

Бір-біріне жақсы тілектер айтады.




Топқа бөліну

Қағаз қиындыларын «Мозайка» әдісімен суреттерді құрастыру арқылы топқа бөледі

Өзінің суреті сәйкес келетін топта топтасып отырады.

Қағаздағы сурет

Тақырыпты өрбіту мақсатындағы рефлексиялық диалог


Мюнстенберг  әдістемесі

Бұл әдістеме тұлғаның зейінін анықтауға бағытталған.

ҚҰРЛЫМЫ: Көрсетілген бірнеше заттардың бейнесін еске сақтап қалу. Сіздің міндетіңіз тез арада барлығын қарап шығып, қанша зат көргенін және қандай заттар бар екенін жазып шығу.

Коучтің тақырып бойынша топтарға сұрақ қойылады:

1. Дарындылық дегеніміз не?

2. Талант деген не?

3. Сізде дарынды, қабілетті оқушылар бар ма?

4.Оларды анықтауға қиналдыңыз ба?

5. Қандай анықтау тәсілдерін ұсынасыз?

6 .Дарынды және талантты балаларды анықтау мақсатында не істеу керек?

7. Дарындылықты дамытудың қандай жолдарын ұсынар едіңіз?
Бейнекөрініс «Дарынды балалар»


  1. Бейнекөріністе нені тамашаладық, қандай ой түйуге болады?

Сұрақтарға әр топ жауап береді.

Мұғалімдер өз ойын білдіреді.



Бейнекөріністі терең түсінеді, ой қозғайды.




Теориялық бөлім

«Талантты және дарынды балалар» презентация


Қарайды,талқылайды, ой бөліседі

Интерактивті тақта

Оқыту үдерісіндегі әрекеттерді жобалау

1-топ. Дарынды және талантты баланың моделі.
2-топ. Дарынды және талантты баланы анықтау .
3-топ. Дарынды және талантты баланың ерекшеліктер.
4-топ. . Дарынды және талантты балалармен жұмыс түрлері.
Мұғалімдерге талантты және дарынды балаларды анықтау үшін іс әрекет ұйымдастыру
«Қағазды умаждау»


Әр топ өз пікірлерін постерге түсіреді, ортаға шығып қорғайды.
А- 4 парағын оң қолға ұстап умаждайды, содан кейін сол қолымен оны ашып түзетеді. (Мақсатымыз: сол қолымен қағазды түзету қандай қиын болса, баланың бойындағы дарындылықты ашу сондай қиын екенін түсіну.)

Постермен жұмыс

Рефлексия

Коуч кері байланыс жұмысын жүргізеді. «МТТ» әдісі.

Мен білетін мәлімет

Тың ақпарат

Тақырыптың маңыздылығы










Тақырыптың ішіндегі негізгі түйінді идеяны тұжырымдайды, білімді тәжірибемен байланыстырады. Сол сияқты тың ақпаратты анықтау арқылы тақырыптың маңыздылығына тоқталады.




Кеспе қағаздар


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет