Ші дәріс. Амин қышқылдары – белоктардың құрылымдық бірліктері. Ферменттер – белоктар. Пептидтік байланыс. Амин қышқылдары ферменттердің құрылымдық бірліктері



бет1/3
Дата24.12.2021
өлшемі136,25 Kb.
#104716
түріҚұрамы
  1   2   3
Байланысты:
2 лек




  1. ші дәріс. Амин қышқылдары – белоктардың құрылымдық бірліктері. Ферменттер – белоктар. Пептидтік байланыс. Амин қышқылдары ферменттердің құрылымдық бірліктері.


Дәрістің жоспары:

  1. Амин қышқылдары және олардың физико-химиялық қасиеттері.

  2. Белоктың құрамына кіретін амин қышқылдарының жіктелуі.

  1. Амин қышқылдарының бір-бірімен байланысуы.

  2. Ферменттер - глобулярлы белоктар және олардың молекуласының құрылымдық ерекшеліктері.

Белоктар бір-бірімен берік ковалентті байланысқан амин қышқылдарынан тұратын полимерлі молекулалар (полипептидтер) болып табылады. Белоктардың құрамына бір-біріне ұқсамайтын 20 түрлі амин қышқылдары кіреді. Амин қышқылдарының молекуласының құрамында олардың бәріне ортақ карбоксильді топ (-COOH) және амин тобы (-NH2). Бұл химиялық топтар амин қышылының молекуласының бірінші тұрған көміртегі атомымен (α- көміртегі атомы) байланысқан. Амин қышқылдарын бір-бірінен өзгеше етіп отыратын олардың молекуласының бүйірімен байланысқан және әр амин қышқылының түріне тән химиялық тізбектер болады (оларды радикал немесе R-топ деп белгілейді).



Пептидтік байланыс бір амин қышқылының карбоксильдік тобы екінші амин қышқылының амин тобымен химиялық әрекеттесуінің пайда болады. Ары қарай екінші амн қышқылының амин тобы үшінші амин қышқылының карбоксиль тобымен байланысады. Осындай жолмен қышқылдары тізбек құрайды – оны полипептид тізбегі деп атайды. 1.2-ші суретте ең қарапайым подипептидтік бөлшек – дипептидтің тізбегі көрсетілген (пептидтердің құрамындағы амин қышқылдарын амин қышқылының қалдықтары деп атаймыз, себебі пептидтік байланыс құрғанда сутегі атомы мен гидроксил тобы бөлініп кетеді). Сонымен, полипептидтер деп көптеген амин қышқылдарының қалдықтарынан тұратын пептидтер тізбегін айтамыз.

















Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет