Шығарманың көркемдік әдісі мен әдеби теориялық ұғымдармен жұмыс.
Баяндау –Әдеби шығарманың оқиғасын желілі түрде көркемдеп әңгімелеуді баяндау дейміз.
Суреттеу – жазушы кейде шығарма оқиғасын баяндау барысында оқиғаның болған жерімен, оқиғаға қатысушы кейіпкерлерімен, олардың жеке басына тән ерекшеліктерімен, оларды қоршаған ортамен таныстырады. Мұны суреттеу дейміз.
Портрет- Көркем шығармада кейіпкердің сырт тұлғасын, бет-әлпетін суреттеуді портрет дейміз.
Диалог – Көркем шығармада кейіпкерлердің кезектесіп сөйлесуін диалог дейміз.
Теңеу – жібектей майысып, балшықтан құйғандай, сүйріктей саусақ, оңып кеткен шүберектей.
Эпитет – өткір қоңыр көзді, мүсәпір бейнесі, жұмсақ әуен баяуы.