Шығыс Қазақстан облысы әкімінің мемлекеттік жастар саясатын іске асырудағы үлесі үшін берілетін жыл сайынғы сыйлықтар туралы ереже



Дата07.12.2016
өлшемі31,92 Kb.
#3413
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің мемлекеттік жастар саясатын іске асырудағы үлесі үшін берілетін жыл сайынғы сыйлықтар туралы

ЕРЕЖЕ
1. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің мемлекеттік жастар саясатын іске асырудағы үлесі үшін сыйлықтары (бұдан әрі - сыйлық) Шығыс Қазақстан облысының аумағында тұратын 14 пен 29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтарына жемісті қоғамдық қызметі үшін беріледі. Сыйлық жастарды ынталандыру және ерекше еңбегін бағалау мақсатында беріледі.

2. Сыйлық салтанатты жағдайда, марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне ұштастырылып тапсырылады.

3. Сыйлық 7 номинация бойынша жылына бір рет беріледі:

1. Жылдың жас көшбасшысы;

2. Жылдың студент көшбасшысы;

3. Жас кәсіпқойлар;

4. Жылдың жастар ұйымы;

5. Жылдың жас журналисі;

6. Жылдың жастар акциясы;

7. Жас отбасы.

Бір үміткер екі және одан көп номинацияға ұсынылмайды.

4. Сыйлықтан үміткер жастарды жергілікті мемлекеттік органдар, шығармашыл және кәсіби одақтар, жастардың қоғамдық бірлестіктері және басқа да ұйымдар ұсынады немесе өзін өзі ұсынады. Конкурс құжаттары (ұсыныс, өмірбаяны, мінездеме, ерекше еңбегін дәлелдейтін шығармашылық материалдары және өзге де материалдар) Ішкі саясат басқармасына ұсынылады.

5. Сыйлық беру туралы шешім құрамның 2/3 кем емес мүшелері қатысқан комиссия отырысында көпшілік дауыспен шешіледі.

6. Конкурс құжаттарын қабылдау, іріктеу, талқылау және сыйлыққа ұсыну туралы шешімдер қабылдауды Комиссия жүргізеді. Комиссия мүшелері конкурсқа жіберілмейді. Комиссия құрамын Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы сыйлық берілетін жылы бекітеді.

7. Сыйлықты Шығыс Қазақстан облысының әкімі табыс етеді.

8. Сыйлық үміткерге бір рет беріледі. Сыйлық мөлшері жыл сайын анықталады.

9. Облыс әкімінің сыйлығына кандидаттарды іріктеудің өлшемдері:



  1. жылдың жас көшбасшысы (жастар ұйымына басшылық, оқудағы, қоғамдық қызметтегі, мәдениеттегі, спорттағы жетістіктері, тілдерді меңгеруі, әлеуметтік маңызды және кең ауқымды саяси іс-шараларға қатысуы, ұсыныстары, оның басшылығымен табысты іске асырылған жобалар, оны өткізу арқылы қол жеткен әлеуметтік тиімділіктер, қызметтерінің бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрі - БАҚ) жариялануы;

  2. жылдың студент көшбасшысы (облыстың ЖОО немесе АООО бірінде күндізгі бөлімде оқитын студент, ғылыми және қоғамдық қызметтегі жетістігі, студенттік ұйымның жетекшісі);

  3. жас кәсіпқойлар (алған мамандығы бойынша жұмыс істеп жүрген жас мамандар және жоғары білікті жұмысшылар, кәсіби жетістіктері, қызметінде инновациялық компоненттердің болуы (дайындамалары, жаңа технологияларды енгізуі немесе қолдануы, ғылыми жұмыстары және жаңалықтары), белсенді азаматтық ұстанымы және қоғамдық пайдалы қызметі);

  4. жылдың жастар ұйымы (заңды тұлға мәртебесі, бір жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі, маңызды іс-шараларды ұйымдастыруы және өткізуі, табысты іске асырылған жобалары, қол жеткен әлеуметтік жетістіктері, қала, аудан, облыс, республиканың мақсатты топтарының, серіктестерінің, беделді тұлғалары және ұйымдарының пікірлері мен ұсыныстары, қызметтерінің БАҚ жариялануы);

  5. жылдың жас журналисі (бір жыл ішінде БАҚ-та жарияланған материалдарының бар болуы, телеарналардағы телехабарлары (сюжеттері), материалдарында көтерілген тақырыптардың мәнділігі мен өзектілігі, конкурсқа ұсынған материалдарының сапалық деңгейі, белгілі журналистік конкурстарға, форумдарға қатысуы, жеке көзқарасы және белсенді азаматтық ұстанымы);

  6. жылдың жастар акциясы (қоғамдық-саяси және әлеуметтік маңыздылығы, көлемділігі, бұқаралығы, нәтижелігі, БАҚ жариялануы, атрибутикасы, ұзақ мерзімді тиімділігі, қатысушылардың пікірі);

  7. жас отбасы (жас мөлшеріне шектеулер «Қазақстан Республикасындағы мемлекетік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі № 158 Заңының 1 - бабына сәйкес), бір баладан кем болмауы. Отбасы мүшелерінің белсенді азаматтық ұстанымдары, қала, аудан, облыс, республика кәсіпорындары мен ұйымдарының іс-шараларына қатысуы, Қазақстан халықтарының мәдениеті мен салт-дәстүрлері жолын ұстауы, табысты кәсіби қызметі).

Материалдар ішкі саясат басқармасына 2009 жылғы 25 қарашаға дейін, мына мекенжайға: Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40 (облыстық әкімдіктің ғмимараты), 243 бөлмеге жіберіледі. Анықтама телефоны: 57-86-51.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет