Шынықсаң шымыр боласың!



Дата27.04.2022
өлшемі14,75 Kb.
#140981
Байланысты:
Тақырыбы Шынықс
National holidays in Kazakhstan Ғиззат Мирас 202 стом, Жадынама.docx, 1-Билет, ойыннннн, суретт, Ойындарр, алгебра 1-нұсқа тереңдетілген, 1393957599419, слайд 2, Документ, reports, ГОСУДАРСТВО

Тақырыбы: "Шынықсаң шымыр боласың!" спорттық шара.
Мақсаты: Балаларға салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтырудың адам денсаулығына пайдасы туралы түсіндіру, балабақшамен ата-ана арасында жақсы қарым- қатынас орнату және ата-аналардың қоғамдық жұмыстарға араласуына жағдай жасау, дене шынықтырумен жиі айналысу. Таңертеңгі жаттығуды міндетті түрде орындауға жаттықтыру. Жарыс ойындарына қызығушылықтарын тудыру және бір-біріне деген достық қарым- қатынастарын орнату.
МіндетіӘр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру;
Балалардың икемділігі мен ептіліктерін, мергендік пен шапшаңдылық қабілеттерін дамыту.
Түрі: Эстафеталық ойын
Керекті құралдар: қапшық,доптар, межелер, құрсаулар,секіргіштер,

Барысы:
Құрметті тәрбиешілер мен балалар бүгінгі "Шынықсаң шымыр боласың" сайысына қош келдіңіздер! Көңілді жарысқа 2 топты яғни, "Қыран" тобымен "Жалын" тобының балалары қатысады. Жарысқа қатысушыларымызды ортаға шақырайық!


Ұстанған салауатты өмір салтын,


Жасқанып, ешқашан да мойымайтын.
Болашақ спортшылар келді ортаға,
Қол соғып қарсы алайық, қане залқым!

-Балалар ендеше сіздерге сұрақ қоямын, жақсылап ойланып жауап берейік жарайма!


1. Балалар алда келе жатырған қандай күн, кім біледі?
2. Дұрыс айтасыңдар, ендеше жердің пішіні қандай?
3. Жердің пішінімен бірдей қандай заттарды білеміз?


Салауатты өмір салтын сақтаңыз,
Жаттығудан ешқашан да қашпаңыз.
Бала бақша балалары
Парасатты, айбынды,
Болыңыз сіз сегіз қырлы, бір сырлы.

-Жарайсыңдар балалар, олай болса жарысымызды бастамас бұрын денемізді қыздырайық, сендерді ортаға дене қыздыру жаттығуын жасауға шақырамын!




- Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар! Сайысымызды бастаймыз.


Сайысымыз 3 ойыннан тұрады:
1. "Бағыт-бағдар" ойыны
Шарты: Қапшықпен кедерегілер арасынан секіріп өтіп, алдында тұрған бағыт бағдар бойынша түстерді орналастыру тапсырмасын орындау.
2. Воллейбол
Шарты: Берілген матамен допты қағып алу,допты түсірмеу.
3. Допты екі оқушы аркамен ұстап, кедергілерден өтеді де, алдында тұрған сандарды 1-10 дейін тура қойып шығады.


Жарайсыңдар балалар!
Бүгін міне оң болып,әр ісіміз,
Жоғары боп күш-жігер,намысымыз
Осылайша қуанышпен думандатып,
Аяқталды халайық жарысымыз!


Спорт – көркі өмірдің,
Спорт - досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, - демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік достар!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет