Шко. Көкпекті ауданы. Қарамойыл ауылы Ю. Гагарин атындағы бастауыш мектебі. Бастауыш сынып мұғалімі Сыздыкова Айгуль



Дата31.01.2018
өлшемі26,62 Kb.
#36702
ШКО.Көкпекті ауданы. Қарамойыл ауылы

Ю.Гагарин атындағы бастауыш мектебі.

Бастауыш сынып мұғалімі
Сыздыкова Айгуль

ҰРПАҒЫМЫЗ АБАЙДЫҢ

Залдың іші қазақша нақышпен көркемделген. Абайдың кітаптары мен суреттері жапсырылған альбом қойылған көрме бұрыштары да бар. Төрде ақынның үлкен сурет бейнесі ілінген.



Балалар. «Абай ата» әуенімен кіріп екі жаққа бөлініп тұрады.

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, балалар! Біз бүгін қара сөздің шебері ұлы ақын Абай атамыздың мерейтойын атап өтуге жиналдық бұл той тіл мерекесімен жалғасын табады. Ойын-сауықты оқушылардың ертеңгілігі үлкен тойға ұлассын! Тойларын құтты болсын! Бабаларыңыз аңсаған ақылды азамат болып өсіндер!

Жүргізуші:

Қалың елін ойлаумен, қайран жұттын,

Қамшылаған сөзбенен қайрап ұлтын,

Көкірігі ояу, көзі ашық жастарына

Мәңгілікке сыйлаған жүрек кілтін

Абай еді кешегі асқақ ақын,

Қарасөзге қандырған бүкіл халқын.

Мейлі 100 жыл, мейлі 1000 жыл өтсін ,

Тот баспайды сөздерін оны алтын.

1-бала:

Өлмес атын өзінің

Өлеңімен қалдырған,

Ұрпағымыз Абайдың

Біз бақытты балдырған.

2-бала:

Әр бір сөзі өсиет,

Ақыл болған баршаға

Абай ақын атамыз

Келді екен қаншаға?

3-бала:

Ұлы той деп жатыр ғой,

Туған жылын есептеп.

Келер жасын ойлаймыз,

Ұрпағымен есед деп.

Бәрі:

Әнінтыңдап әсерлі,

Жырын жаттап өсеміз.

Туған күні бабаның

Құтты болсын десеміз!

Жүргізуші: Енді біздің биші қыздарымыз Абай атасының «Желсіз түнде жарық ай» әніне би жаттығуын жасайды.

Жүргізуші:

Көтеретін ертең ауыр жүгінді,

Еркін таңның ерке ұлдары бүгінгі.

Ақын Абай ұрпағы

Билеп берсін бір тағы.

«Батырлар биі» (ұлдардың орындауында)



Жүргізуші:

Иә, қарақтарым,

Өлең – сөздің патшасы, сөз – сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл жүрекке жылы тиіп

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы,-

Деген ғой Абай аталарың.

Ол табиғатты қалай жан біттіріп жырлады десенші



Жүргізуші:

Атасы, табиғатты қалай жырлағаның балаларыңыз есініңге түсірсін

Шілдедегі ыстық жазды,

Абай ата былай жазды.



1-бала:

«Жаздыгүн шілде болғандай»

Жүргізуші:

Жаздан кейін күз келді

Оны былай жазды енді.

2-бала: «Күз» (үзінді оқиды)

Жүргізуші:

Ақ қиімді атадай киіндіріп,

Абай жазды қыстың да күйін біліп.

3-бала: «Қыс» (үзінді оқиды)

Жүргізуші:

Жаздытұры өлеңін әнге салып,

Асқақтатып айтып жүр бүгін халық.

Ән «Жазғытұры» (Бәрі айтады)



Тәрбиеші: Енді балалардың «Абай ақын атамыз» атты әнін тыңдаңыздар. Әні мен сөзін жазған Ж.Қалжанова.

Ата:Ниетің қабыл болсын! Мен Абайдың сөзімен бата берейін.

Білімдіден шыққан сөз

Талаптыға болсын кез

Нұрын, сырын көруге көкірегінде болсын көз.



Әумин.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет