Кәсіпорынның лауазымдық және сандық құрамы, жалақы қоры көрсетіледі.
Штат кестесіне кәсіпорын басшысының орынбасары қол қойып, бас есепшімен келісе отырып, кәсіпорын басшысы бекітеді.
Бұл аталған құжаттарға тек директордың бұйрығымен өзгерістер енгізіледі.
Лауазымдық нұсқаулықтар
Лауазымдық нұсқаулық кәсіпорын қызметкерлерінің құқықтық жағдайын, қызметтерін, құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейді.
Лауазымдық нұсқаулықтың мәтініне ең алдымен «Жалпы ережелер» кіреді. Онда маманның қызмет аясы, оны тағайындау, ауыстыру және босату тәртібі белгіленеді. Кімге бағынатыны, кімді басқаратыны айқындалады. Бөлімде маман өз жұмысында басшылыққа алуға тиіс заң актілері көрсетіледі.

«Жалпы ережелер»
«Қызметтері» бөлімі
Маманның қызметінің бағыттарын анықтайды.
«Лауазымдық міндеттемелері» бөлімі
Маманның нақты міндеттері, оның басқару процесіне қатысу түрлері (басқарады, бекітеді, даярлайды, қамтамасыз етеді, орындайды, бақылайды т.б.) санамалап көрсетіледі.
«Құқықтыры» бөлімінде
Маманның өз міндеттемелерін орындауға қажетті құқықтары анықталады.
«Жауапкершілік» бөлімі
Өз міндеттемелерін сапасыз және өз мезгілінде орындамағаны үшін жауапкершілікті белгілейді.
«Лауазым бойынша байланыстар»бөлімі
Хабар алмасу мен қызметтік өзара қатынастар шеңбері, құжаттардың жүргізілу тәртібі т.б. Белгіленеді.