1936 жылы 15 қазанда бұрынғы Талдықорған облысы, Қапал ауданына қарасты Қоңыр ауылында дүниеге келген.
Жазушының алғашқы шығармалары 50-жылдардың аяғында жариялана бастаған. Содан бергі уақытта әңгімелері мен повестерінің «Менің қарындасым» (1961), «Ауыл оты» (1964), «Көкорай» (1967), «Отау үй» (1968), «Жабайы алма» (1972), «Дос іздеп жүрмін» (1973) жинақтары, таңдамалы шығармаларының бір томдығы (1981), 1986 және 1991 жж. екі томдығы, 2004 жылы «Ескек жел» атты әңгімелер жинағы жарық көрген. 1989 жылы «Қалың қар», 1995 жылы «Өліара» повестері кітап боп шықты. Алматы баспаларынан орыс тілінде «Дом молодых», «Камен тугай», «Дикая яблоня», т.б. кітаптары, Мәскеу баспаларынан әр жылдары жарық көрген «Дикая яблоня», «На вершине Учкары», «Запах полыни», «У теплого родника», т.б. кітаптары, Ташкентте өзбек тілінде «Евшан иісі», Қазанда татар тілінде «Әрем иісі», украин, белорус, грузин, армян, әзербайжан, литва, т.б. туыстас халықтар тілдерінде әңгіме, повестері, араб тілінде «Жусан иісі» повестері мен әңгімелері жеке кітап болып шықты.
Сайынмен алғаш танысқаным 1953 жылы. Үйде ұн бітіп қалды да, анам «өзім барып сұрамасам, сендерді баласынып бермес» деп өзі кеткен. Сәлден кейін есіктің алдына шана тоқтады. Шықсам, бір бейтаныс жігіт екі қап ұн әкеліпті. Ұнды түсірісіп жіберді де:

– Танысып қояйық. Менің атым Сайын. Сенің ше? – деп сұрады. Мен атымды айттым. Содан бастап көрген жерде амандасып жүрдік. Оқу бітіріп келіп, ауылдың емханасына жұмысқа тұрдым. Сайынның анасы сол жерде акушер екен. Білмегенім болса, сол кісіден сұраймын. Бір жолы Сайын баспа (ангина) болып, бір апта ауруханаға жатты. Ауруханадан шыққасын бірер күннен соң келіп тұр.
– Не болды, тағы ауырып қалдың ба? – деймін.
– Жоқ. Студенттермен күзгі жұмысқа Қостанайға кетіп барам. Қоштасуға келдім, – дейді.
– Жақсы, жолың болсын. Енді ауырма, – десем, күлімсіреп:
– Мен келгенше күт, – деді.
– Түсінбедім, – деймін мен.
– Сен маған көп аурулардың бірі деп қана қарайсың ба? Менің көңілім басқа, мені түсінші, – деп қарап тұр.
Ертесіне анасы келіп:
– Әрең кетті. Маған ол қыз ұнайды. Қарап жүріңізші, – деп өтінді деп күледі. Он шақты күннен кейін Сайын жұмыстан оралды. Үйге келсем, анам:
– Сайынның әкесі келіп, құда болайық деді. Рұқсат берсең 3-4 күнде келіп айттырайық, – деп кетті. Сен ол балаға қалай қарайсың? Өзінің жазатыны бар. Журналист болам деп жүр. Сендерді мен жалғыз бағып жүрмін. Қалай болар екен?» – деп сөзін бітірді. Нағашымның қолында өскендіктен, шешемді тәте дейтінмін.
– Басқасы ұнамайды, тәте. Бұйырғаны болар, – дедім де қойдым. Сол жылы үйлендік.
жазушының жұбайы Мәриям Мұратбек
«Ақ желкен» журналы, 50-53-беттер, №11, 2010
Жазушының жұбайы
Мәриям Мұратбек
Сайын Мұратбеков бала-шағасымен
«Басында Үшқараның…» әңгімесінің жазылу тарихы былай еді...
1967 жылдың жазында Сәкең Тахауи Ахтанов, Бердібек Соқпақбаев үшеуі Сайынның ауылына барып, екі аптадай жайлауды тамашалап, отағасымыздың ата-бабалары, нағашы аталарының мекенін аралап қайтты. Жайлаулары Қапал тауы мен Текелі тауының арасы. Ортасында Қора өзені ағып жатыр. Өте асау, тасығанда малды да, адамды да ағызатын долы тау суы. Сол өзеннің жағасында жаздай малшылар қоныстайды. Жоғарыдағы жазықта Мұратбек атасының жайлауы. Одан әріректегі текше нағашы атасы Тілеудікі. Екі жүз метрлік биіктен «Бұрқан бұлақ» деп аталатын сарқырама құлайды. Үшеуі сол жерлерді аралап, демалып, риза болысып қайтқан.

Б.Соқпақбаев
С.Мұратбеков
Т.Ахтанов
Келгеннен кейін бір күні Сайын маған: «Ойыма бір керемет сюжет келді, соны жазамын», - деді. Басын бастап, ойланып жүрді. Келесі жылы Әкім Таразимен бірге Жамбыл облысына кетті. Содан келгеннен кейін күзде жазуға отырды да әлгі бастаған дүниесін аяқтап, «Басында Үшқараның» деген атпен жариялады. Туындысының басына «Әкім Таразиге арнаймын» деп жазды.

Сайын Мұратбеков
Екі томдық таңдамалы шығармалар.-Алматы: Жазушы, 1991
«Оқу» тобы – Аянның шыдамдылығы туралы не айтуға болады?
«Ой қорыту» тобы – Ол кездегі «жетімдік» пен қазіргі «жетімдіктің» айырмашылығы туралы не айтуға болады?
«Әңгімелеу» тобы – Осы мәтінді басқа қалай атауға болады?
Сергіту сәті
«Аянға хат жазу»
Аянның прототипі Науқан Керімов
Типтік бейне негізінен реализм әдісімен жасалады, ол жинақталған және жеке тұлға ретінде әбден дараланған жиынтық бейне.Типтік бейне жасау үшін жазушыға типтік оқуға немесе типтік жағдаят қажет.Типтік бейне жасау үшін жазушыға ең алдымен қажет нәрсе прототип.
Прототип – шығармадағы өмір де болған немесе бар адам бейнесі.
Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» повесі
Аянның прототипі Науқан Керімов қазіргі кезде Ескелді ауданының Ақын Сара ауылында тұрады. Еңбек ардагері, құрметті зейнеткер.Отбасында он бес бала бар. Аян – Науқанның өмірлік қосағы Атымтай апа.
Аянның прототипі-Науқан Керімов.Сайын Мұратбеков бұл шығармасының желісін өзінің балалық шағынан алған екен.Демек соғыстан кейінгі ауыл балаларының тағдыры.
Аян, яғни Науқан Керімов 1937 жылы туған. Науқан аға балалық шағын,өткен өмірін былайша еске алады:
-Біз Сайынмен қатар өстік .Бірге ойнап, бірге жүрдік.Ол менен үш жыл бұрын мектепке бұрын барды. Жетімдіктің зардабынан мен кейінірек оқыдым.Ауылда отыз шақты бала сиыр қораның төбесіндегі шөпке жиналып, әңгіме құрамыз.Ол кезде менің әке-шешем жоқ. Аяқ ауырса да анда-санда шөптің төбесіне барамын.Қайдан шығатынын білмеймін, ептеп ертегі айтамын. Мен ғана емес, басқа балалар да айтады.Өзімізге сондай қызықты.Бала кезінен Сайын қайырымды еді. Кейін жоғары сыныптарға барғанда да менің жағдайымды біліп тұратын.
Қапалдағы мектеп-интернатқа орналасқан Науқан Керімов кино актері Есболған Жайсаңбаевпен бірге оқыған.Бірақ, бір жылдан соң, мұғаліммен келісе алмай, колхоз жұмысына оралады.1958жылы сегіз айлық шопандар курсында оқып,1959-1962 жылдары әскер қатарында болады.1963-1995 жылға дейін мал шаруашылығы саласында ұзақ жыл еңбек етіп, зейнеткерлікке шығады. Үшінші дәрежелі «Даңқ» орденінің иегері.