Тақырыбы: Ондық және жай бөлшектерге амалдар қолдану
Мақсаты:
Оқушылардың ондық бөлшектерді жай бөлшекке айналдырып, ондық бөлшекке айналдыратын жай бөлшектерді байланыстыра отырып амалдар қолдануға есептер шығару
Міндеттері
Оқушылардың жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді қосу, азайту, көбейту, бөлуге есептер шығарту, алынған білімдерін тиянақтау.
Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, өз бетім ен еңбектену дағдыларын дамыту.
Оқушыларды іздемпаздыққа, жекелей жұмыс істей білуге, тез ойлап дәл жауап беруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабақ
Оқыту әдісі: нақтылы - индуктивті, сұрақ жауап, тірек белгісі
Құрал жабдықтар: оқулық, интерактивті тақта, үлестірмелі парақшалар
Көрнекіліктер: флипчарт, тест, көрнекі кестелер, тірек белгілер
Қойылатын талаптар:
- жай бөлшектерге амалдар қолдана білу;
- ондық бөлшектерге амалдар қолдану;
- жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жаза білу, егер айналдыруға болса;
- ондық бөлшектерді жай бөлшек түрінде жаза білу;
- ондық бөлшектерді салыстыра білу.
- сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасы, медианасы табуды білу.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
а) сынып әзірлігі; Тыныштық сәті күй - «Көңіл толқына»(үзінді)
ә) сабақтың мақсатын баяндау, өту жоспарын айту;
2. Үй тапсырмасы, тексеру қорытындысы.
Негізгі бөлім:
Жасырын сөзді табайық [2], [3]
а) Сайыс «Бәйге». Математикалық диктант
«Жақсы ат алдынан сүрінбей, артынан сүрінеді»
Ондық бөлшектермен жаз:
4, 7; 16, 04; 16, 23; 19, 0252; 10; 3, 49; 17, 011; 1, 868; 22, 008; /
Берілген сандар қатарының өзгеріс ауқымен медиаасын табыңдар.
Жауабы: сандар қатарының өзгеріс ауқымы сұралады - 20, 14
Сандар қатарының медианасы - 16, 04
Екеуі бірігін бүгінгі күнді білдіреді.
Теориялық жаттығу: [4],[5]
б) Сайыс «Жүзден жүйрік». «Атыңды жүріп тұрғанда қамшыла».
(3 қатарға үлестірмелі қағаздар тарату). Әр қатардан тақтаға оқушылар шығып кезек кезекпен амалдардың орындалуын есептеп көрсетіп орындайды:
Тапсырма: оқулықпен жұмыс
№ 1245
Х маусым айы күні
х -( 0, 2х+0, 5х)=9
х=30 маусым айында 30 күн Жауабы: маусым айында 30 күн
№1248
S=32. 4 екі қала арасы
v1= велосипедші
v2= v1+27=40. 5 мотоциклші
t2 мотоцикл t1 велосипедтен қанша уақытқа бірінші келеді
t2=0. 8 t1=2. 4
t1 - t2=2. 4 - 0. 8=1. 6 сағ
Жауабы: мотоциклші велосипедшіден 1, 6 сағат бұрын келді
№1251
V=767, 73 т
a= м ұзындығы
b=15, 7 м ені
1м=1
c=? м биіктігі
V=abc
S=ab=
767, 73=511, 82c
c=767, 73: 511, 82=1, 5м
Жауабы: параллелепипед биіктігі 1, 5 метр
Кестені толтырайық: есепті шешіп жылқының түрін анықтайық. [6],
[7] жақсы оқитын оқушыларға,
Есеп: үлгерімі төмен оқушыларға үлестірме парақша
б) Сайыс «Тұлпар». «Аттың бәрі тұлпар болмас, Құстың бәрі сұңқар болмас».
Теңдеулерді шеш:
№1
а) х+ =22, 56
№2
а) у+ =9, 16
№3
а) z - 1, 68=
в) Төмендегі ондық бөлшектерді, өсу ретімен орналастырыңдар;
Үй тапсырмасын беру. № 1244, №1250 Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерге амалдар қолдану тақырыптарынан сынаққа дайындалып келіңдер. [8],
Қорытынды: «Алуан - алуан жүйрік бар, Әліне қарай жүгірер» демекші оқушыларға қорытынды бағаларын айту.
Күні: 10.04.2015 жыл.
Пәні: Математика
Сыныбы: 5а
Тақырыбы: Ондық және жай бөлшектерге амалдар қолдану
Ондық бөлшекке амалдар қолдану шеберлігін дамыту .
Тәрбиелілік: Шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлға тәрбиелеу, қазақтың ат спортын дәріптеу арқылы ұқыптылыққа, байсалдылыққа және белсенділікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі : алған білімді нақтылау, қорытындылау сабағы.
Сабақ көрнекілігі : жылқы суреті ,тірек-схема, дөңгелектер, ватман, үлестірмелер, тест
тапсырмалары, есептер жазылған топшамалар, бағалау парағы, стикерлер,
смайликтер салынған плакат, видео-роликтер.
Әдіс-тәсілдер: кубизм, топтастыру, кластер әдісі, сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс, жекелеме оқушымен жұмыс, практикалық, рефлексия.
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылармен амандасу;
Оқушылардың сабаққа қатысын қадағалау;
Оқу-құралдарын түгелдеу.
Жылқылардың суретін бөлшектерге бөліп, сол бойынша оқушылады топтастыру.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
1) Үй тапсырмасында кластер әдісі қолданылады, яғни әр топ ондық бөлшектерге қолданылатын амалдарды өздерінің ойларымен бейнелеп шығады.
2) Кубизм бойынша ережелерге шолу жасалады.
ІІІ. «Жамбы ату сайысы» қатесін табу (Жылқының үстінде отырып садақ ату)
Тақтада жазылған ондық бөлшектерге қолданылған амалдардың ішінде үтірлер не қалып қойған, не дұрыс қойылмаған соны анықтау керек. Дұрыс жауабын тапқан оқушы стикерден алып отырады.
Жамбы ату – қазақ халқында мергендік сынның бір түрі. Атпен шауып келе жатып, екпінді бәсеңдетпей құрулы бақан үстіндегі нысананы атып түсіруі керек.
№1237
1,6+2,4:0,4=1,6+6=7,6
0,25*10-2,4*0,5=2,5-1,2=1,3
2,3+0,7:0,1=2,3+7=9,3
3,23:10+0,04=0,323+0,04=0,363
0,48:1,2*5-1,82=0,4*5-1,82=0,18
8,6-2,5:0,5+1,4=8,6-5+1,4=5
9,1+11,5:5-5,6=9,1+2,3-5,6=5,8
53,4:8,9*0,3+0,2=6*0,3+0,2=2
ІV. «Аударыспақ ойыны» бұл кезеңде топтарға тапсырмалар беріледі, ал топ оқушылары кезекпе-кезек есептерді орындайды. (Бұл жерде барлық оқушылар қатынасады. Ұпайлар саны: бірінші аяқтаған оқушы – 3 ұпай, екінші аяқтаған оқушы – 1 ұпай, соңғы аяқтаған оқушы – 1 ұпай еншілейді, ұпай саны стикерде жазулы тұрады.)
Аударыспақ – салт аттылардың бірін – бірі ер үстінен аударып алу сайысы. Қайрат күші мол, батыл да төзімді, шапшаң қимылдап, ат құлағында ойнай білетін нағыз ер жігіттің қатысатын ойыны.
№1238
І топ есептері:
2,8:0,7 -0,63=3,37
8,4-6:0,75=0,4
6,25*0,2+0,8:0,64=1,25+1,25=2,5
ІІ топ есептері
38-15*0,6:0,25=38-36=2
(0,17-0,09)*4,5=0,36
12,42:2,7+0,3*1,8=4,6+0,54=5,14
ІІІ топ есептері
1) 1,75:25+0,91*1,9=0,07+1,729=1,799
2) 1,6*0,5: (0,16*1,25) =0,8:0,128=6,25
3) 6,4+73,5*2=6,4+147=153,4
«Топ бәйге» сайысы. Әр топқа 1 есептен беріледі және топ мүшелері бірлесе орындайды. Берілетін уақыт – 1 немесе 1 мин 30 сек.
Топ бәйге –аттың бабын қажет ете бермейтін атшабыс түрі. Жарысқа белгіленген қашықтықта орташа деңгейде (10-15 шақырым арасында) және аты бар ниет білдірушілердің барлығыда қатыса береді, топ бәйгеге балалар да, ересектерде қатыса береді.
№ 1241
Тікбұрышты параллелепипед пішінді ағаш білеушенің ұзындығы 5,5 дм, ені 2,6 дм, биіктігі 1,2 дм. Ағаштың 1 дм3 –інің массасы 0,5 кг. Өлшемдері берілген ағаш білеушенің массасын табыңдар.
Шешуі: V= 5,5*2,6*1,2= 17,16 (дм3)
17,16:0,5=34,32 (кг)
Жауабы: ағаш білеушенің массасы 34,32 кг
№1242
Автотурист бірінші күні 120 км жол жүрді. Бұл оның екінші күні жүрген жолының 0,8-індей. Автотурист екі күнде неше километр жол жүрді?
Шешуі: 120:0,8=150 (км)
120+150= 270 (км)
Жауабы: автотурист екі күнде 270 км жол жүрді.
№1245
Маусым айындағы күндердің 0,2-сі жауынды, 0,5-і ашық, қалған 9 күн бұлтты болды. Маусым айында неше күн бар?
Шешуі: 0,2+0,5=0,7
1-0,7=0,3
9:0,3=30 (күн)
Жауабы: маусым айында 30 күн бар.
VІ. «Теңге ілу ойыны» тест тапсырмаларын шешу. Тест 5 тапсырмадан тұрады, 1 дұрыс жауап 1 стикер. Тақтада барлығы берілген уақытта орындап болған соң, оқушылар өздерінің жұмыстарын тақтадағы жауап бойынша тексереді.
Теңге ілу – бозбалалар ойнайтын қазақтың ұлттық ат спорты. Желіп келе жатқан аттың үстінде отырып, желісін баяулатпастан төменге тез иіліп сол және оң жағынан орамалмен оралған теңгені көтеріп, артына тастап отыруы керек. Әрбір сәтсіз талпыныстың артына айыптық уақыт белгіленеді. Теңгені көп ілген салт атты жеңімпаз атанады. Теңге ілу алаңының ұзындығы 120 метр. Теңгені іліп алуға дейінгі ұзындық 30 метр. Теңге саны бесеу болуы керек. Теңгелердің арақашықтығы 10 метрден. Теңге ілушілер теңгені орнынан іліп лақтыруы керек. Жарысқа бекітілген ережеге сай спортшының уақыты, ілген теңгесінің санына бөліп қорытындысы шығарылады.
Тест жұмысы (Екі нұсқа 5 сұрақтан)
І нұсқа
Өрнектің мәнін тап:
5,26+а, мұндағы а = 108,074.
А) 1133,34 Ә) 1,13334; Б) 113,334 В) 113,1
2. Теңдеуді шеш: 12 – х =3,07.
А) 15,07; Ә) 8,93 Б) 15,7 В) 9,07
Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдырып, есепте:
А) 17,75; Ә) 17,225; Б) 26,475; В) 17,7875.
4. Теңдеуді шеш: 2х+3х= 10,5
А) 0,21; Ә) 2,1; Б) 20,1; В) 21.
5. Формула бойынша есепте:
S=v×t, мұндағы v=3,7 км/сағ, t=0,1сағ.
А) 30,7 км; Ә) 37 км; Б) 3,7 км; В) 0,37 км
ІІ нұсқа
1. Өрнектің мәтін тап:
0,74+а, мұндағы а =18,063.
А) 18,137; Ә) 188,03; Б) 19,37; В) 18,803
2. Теңдеуді шеш: 18-у=4,15
А) 13,85; Ә) 14,15; Б) 22,15; В) 13,95.
3. Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдырып, есепте:
А) 24,645; Ә) 15,52; Б) 0,555; В) 9,305
4. Теңдеуді шеш:
7х – 3х =5,6.
А) 0,14; Ә) 1,4; Б) 10,4; В) 14.
5. Формула бойынша есепте:
S=a×b, мұндағы a=2,5 м, b=0,4м.
А) 1м2; Ә) 10 м2; Б) 0,1м2; В) 100м2.
Дұрыс жауаптары:
І нұсқа
Б
Ә
А
4.Ә
5.В
ІІ нұсқа
В
А
Б
Ә
А
VІІ. Бекіту сұрақтары:
Ондық бөлшектерді қалай қосамыз?Ондық бөлшектерді қалай азайтамыз?
Ондық бөлшектерді кбейтуді қалай орныдаймыз? Ондық бөлшекті дәрежелеуді қалай орындаймыз?Ондық бөлшекті бөлу ережесі қалай?
VІІІ. Үй тапсырмасы
6.1-6.4 № 1246,1249,1250
ІХ. Бағалау. Оқушыларды жинаған стикерлерінің саны бойынша бағалау.
Х. Рефлексия. Бүгінгі өткен сабақ бойынша оушылар өздерінің алған әсерлерін смайликтерді жапсыру арқылы білдіреді.