Сыныбы: 9 Тақырыбы: «Елбасының нұрлы жолы»



Дата05.11.2016
өлшемі149,96 Kb.
#876
Күні: 28.11.2015

Сыныбы: 9

Тақырыбы: «Елбасының нұрлы жолы»

Мақсаты: 1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;

2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу

Көрнекілігі:слайдтар көрсету, нақыл сөздер, кітаптар.
Әнұран орындалады.

Барысы:


Сәлеметсіңдер ме құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің «Елбасының нұрлы жолы» ашық сынып сағатымызға қош келдіңіздер!

І. Психологиялық дайындық:

оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Сынып 2 топқа бөлінеді.

1- топ «Қазақстан» .Ұраны: «Қазақстан- тек қана алға!»

2- топ «Тәуелсіздік» .Ұраны: «Тәуелсіздігіміз- мәңгілік!»

Мұғалім:

Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.

ІІ. Ой қозғау. Ассоциация құру



Назарбаев

Оқушылар өз ойларын топпен қорғайды.

ІІІ. Мағынаны тану

І топқа тапсырма

Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.

Әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп
айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.

Анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты. Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды.

Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті. Жас кезінде Іле Алатауының баурайында жазғы демалыс күндерінде әкесіне көмектесіп жүргенде тұңғиық жұлдызды аспан астында жанған алау маңына түнеген романтикалық сәттері де болды. Әке-шешесі осы өлкеде ежелгі заманда өмір сүрген бабалардың берік түп-тамырынан сыр шертетін салиқалы әңгімелер айтып, жан-дүниені тербейтін әндер шырқайтын. Кез келген қазақ білмеуі ұят саналатын жеті ата туралы айтылатын. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қазақтың өткені мен болашағын жалғап келе жатқан халықтың осы бір ауыр, бірақ үйлесімді тіршілігінің мәңгі және аса мәнді екенін сезінетін.Ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын.

Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.

Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.


Отбасылық жағдайы

Жұбайы — Сара Алпысқызы — Бөбекқорынбасқарады.

Президенттіңүшқызы бар:

Дариға — саясатғылымдарыныңдокторы, ЖАҚ "Хабар" АқпараттықагенттігініңдиректорларКеңесініңТөрайымы, ҚазақстанРеспубликасыПарламентіМәжілісінің депутаты.

Динара — Н.Ә. Назарбаев атындағыбілімдіқолдауқорынбасқарады. Forbesжурналыныңмәліметібойынша 2011 ж. наурызайынақарасты 1.3 миллиард АҚШдолларынқұрайтынәл-ауқатыменҚазақстанныңең бай әйелібопсаналады. Тимур Құлыбаевтыңжұбайы.

Әлия — бизнеспенайналысады, «Элитстрой» құрылыскомпаниясынбасқарады.

Н. А. Назарбаевтыңжетінемересіжәнеекішөбересі бар.

ІІ топқа тапсырма

Қызметжолы

1960 жылы Днепродзержинск техникалықучилищесін, 1967 жылыҚарағанды металлургия комбинатынақарастыжоғарытехникалықоқуорынын, 1976 жылыКеңесОдағыкоммунистікпартиясыОрталықкомитетінеқарастыЖоғары партия мектебінбітірген.

Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.

1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.

1977—79 жж. — Қарағандыоблыстық партия комитетiнiңхатшысы, 2-ші хатшысы.

1979—84 жж. — Қазақстан КП ОрталықКомитетініңхатшысы.

1984—89 жж. — Қазақ КСР МинистрлерКеңесiнiңтөрағасы.

1989—91 жж. — Қазақстан КП ОКбiрiншiхатшысы,

1990 ж. ақпан—сәуіраралығындаҚазақ КСР ЖоғарыКеңесiнiңтөрағасыболды.

1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті.

1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғышретҚазақстанРеспубликасыПрезидентініңжалпыхалықтықсайлауыөтті. СайлаунәтижесіндеНұрсұлтанӘбішұлы Назарбаев басымдауыспен (98,78 %) жеңіскежетті.

1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесіндеҚазақстанРеспубликасыПрезидентіН.Ә.Назарбаевтыңөкілеттігі 2000 ж. дейінұзартылды.

1999 ж. қаңтардың 10-ында өткенжалпыхалықтықсайлаудыңнәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауысалып, ҚазақстанРеспубликасыПрезидентіболыпқайтасайланды.

2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысыналып, ҚазақстанРеспубликасыныңПрезидентіболыпқайтасайланды.

2011 ж. сәуірдің 3-інде сайлаушылардың 95,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

2015 ж. сәуірдің 26-ында сайлаушылардың 97,7 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.



Кітаптары

Н.Назарбаевбірқатарғылымиеңбектердіңжәнеәлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен қоғамдық-саяситақырыпбойыншакітаптардың авторы:

«Бейбітшіліккіндігі» (А., 2002),

«Сындарлы он жыл» (А., 2002),

«Еуразияжүрегінде» (А., 2005).

«Қазақстанжолы» (А., 2012).

«Тәуелсіздікбелестері» (А., 2012).

«Ғаламдыққоғамдастықтытүбегейліжаңартустратегиясыжәнеөркениеттерсеріктестігі» (А., 2012).



Нақыл сөздері

“Қазақстанныңболашағы — қазақтілінде.”

“Кеше болмағанныңбүгінболуымүмкін, бүгінболмағанныңертеңболуымүмкін, бірақанатілінемәнбермеушіліктің, оны құрметтемеудіңорнытолмасолқылық­тарғасоқтыратынысөзсіз.”

“Ұлт пен тілмәселесінекелгенде, еңбастысы, ұлттықоқшауланудан, томаға-тұйықтықтанқашукерек.”

“Қазаққазақпенқазақшасөйлессін.”

“Отаршылзамандыескесалып, халықтыңнамысынатиетінатауларды да, тілдіңтөлзаңдылықтарын, табиғиүйлесімінбұзыптұрғанатауларды да өзгертукерек.”


Әндері: «Үш қоңыр», «Елім менің», «Менің Қазақстаным»

Назарбаевтың бастамасымен ашылған оқу орындар

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті

Қазақстан менеджмент институты

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті

Н. Гумилев атындағыЕуразияуниверситеті

Ұлттықмемлекеттікзаңуниверситеті

Назарбаев Университетi

Назарбаев Зияткерлікмектептері

бірқатар лицейлер мен колледждер

Президенттік «Болашақ» бағдарламасы іске асуда, ол бойынша жастар дүние жүзінің ірі оқу орындарында білім алып жатыр.

Аса талантты балалар үшін президенттік «Дарын» сыйлығы тағайындалған.

Басқалауазымдары мен мансаптары

Экономика ғылымдарыныңдокторы (1993)

ҚРҰлттықғылымакадемиясының (1995) жәнебасқа да ғылымимекемелер мен шетелоқуорындарыныңакадемигі

ҚазақстанхалқыАссамблеясыныңтөрағасы

ҚазақстанныңҚарулыКүштерініңЖоғары Бас Қолбасшысы

Дүниежүзілікқазақтарқауымдастығыныңтөрағасы

НұрОтанХалықтық-демократиялықпартиясыныңтөрағасы

Дүниежүзіқазақтарыассоциациясыныңтөрағасы

Орталық Азия мемлекеттеріДостыққорыныңқұрметтітөрағасы

ЕҚЫҰ-нің бас төрағасы

БірнешежылХалықаралықАралдықұтқаруқорынбасқарды

ҚазақстанРеспубликасыҰлттықғылымакадемиясының, Халықаралықинженерлікакадемияның, РесейФедерациясыәлеуметтікғылымдаракадемиясыныңакадемигі. Әл-ФарабиатындағыҚазақмемлекеттікұлттықуниверситетініңқұрметті профессоры. Беларусғылымакадемиясыныңқұрметтімүшесі. М.В. Ломоносов атындағыМәскеумемлекеттікуниверситетініңқұрметті профессоры.


Назарбаев – Қазақстанныңеңжоғарыерекшелікбелгісі – ерекшеүлгідегі «Алтын Қыран» орденімен, сондай-ақәлемніңкөптегенелдерінің, халықаралықжәнеқоғамдықұйымдардыңжоғарынаградаларыменмарапатталған.

Әлемдіксарапшылардыңмойындауынша, Қазақстандағы Назарбаев пен оныңпікірлестеріжүргізіпкележатқанөзгерістер XX ғ. соңындапайдаболғанжаңатәуелсізмемлекеттертарихындағыеңтабыстылардыңбіріболыпесептеледі.
ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия

Синквейн жасау

Мысалы:

Н.А. Назарбаев

Ақылды, парасатты

Басқарады, бағыттайды, қорғайды

Назабаев- тарихи тұлға

Көшбасшы


Қорытынды: Біз осындай Елбасы болғанына бақытты етуіміз керек. Өйткені, Елбасымыздың салихалы саясатының арқасында, біз бақытты өмір сүріп жатырмыз!

Әнуран орындалады

Ақмешіт ауылының № 15 орта мектеп ММ

Сыныптан тыс сағаты


Тақырыбы: «Елбасының нұрлы жолы»

Өткізген: Балгожина Б.А.

2015-2016 оқу жылы

Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.



Әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.

Анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты. Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды.

Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті. Жас кезінде Іле Алатауының баурайында жазғы демалыс күндерінде әкесіне көмектесіп жүргенде тұңғиық жұлдызды аспан астында жанған алау маңына түнеген романтикалық сәттері де болды. Әке-шешесі осы өлкеде ежелгі заманда өмір сүрген бабалардың берік түп-тамырынан сыр шертетін салиқалы әңгімелер айтып, жан-дүниені тербейтін әндер шырқайтын. Кез келген қазақ білмеуі ұят саналатын жеті ата туралы айтылатын. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қазақтың өткені мен болашағын жалғап келе жатқан халықтың осы бір ауыр, бірақ үйлесімді тіршілігінің мәңгі және аса мәнді екенін сезінетін.Ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын.

Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.

Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
Отбасылық жағдайы

Жұбайы — Сара Алпысқызы — Бөбек қорын басқарады.

Президенттің үш қызы бар:

Дариға — саясат ғылымдарының докторы, ЖАҚ "Хабар" Ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің Төрайымы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Динара — Н.Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады. Forbes журналының мәліметі бойынша 2011 ж. наурыз айына қарасты 1.3 миллиард АҚШ долларын құрайтын әл-ауқатымен Қазақстанның ең бай әйелі боп саналады. Тимур Құлыбаевтың жұбайы.

Әлия — бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады.

Н. А. Назарбаевтың жеті немересі және екі шөбересі бар.
Қызмет жолы

1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.

1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.

1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.

1979—84 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.

1984—89 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.

1989—91 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,

1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.

1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті.

1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,78 %) жеңіске жетті.

1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.

1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.

2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

2011 ж. сәуірдің 3-інде сайлаушылардың 95,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

2015 ж. сәуірдің 26-ында сайлаушылардың 97,7 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.



Кітаптары

Н.Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен қоғамдық-саяси тақырып бойынша кітаптардың авторы:

«Бейбітшілік кіндігі» (А., 2002),

«Сындарлы он жыл» (А., 2002),

«Еуразия жүрегінде» (А., 2005).

«Қазақстан жолы» (А., 2012).

«Тәуелсіздік белестері» (А., 2012).

«Ғаламдық қоғамдастықты түбегейлі жаңарту стратегиясы және өркениеттер серіктестігі» (А., 2012).



Нақыл сөздері

“Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде.”

“Кеше болмағанның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы мүмкін, бірақ ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқылық­тарға соқтыратыны сөзсіз.”

“Ұлт пен тіл мәселесіне келгенде, ең бастысы, ұлттық оқшауланудан, томаға-тұйықтықтан қашу керек.”

“Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.”

“Отаршыл заманды еске салып, халықтың намысына тиетін атауларды да, тілдің төл заңдылықтарын, табиғи үйлесімін бұзып тұрған атауларды да өзгерту керек.”


Әндері: «Үш қоңыр», «Елім менің», «Менің Қазақстаным»
Назарбаевтың бастамасымен ашылған оқу орындар

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті

Қазақстан менеджмент институты

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті

Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті

Ұлттық мемлекеттік заң университеті

Назарбаев Университетi

Назарбаев Зияткерлік мектептері

бірқатар лицейлер мен колледждер

Президенттік «Болашақ» бағдарламасы іске асуда, ол бойынша жастар дүние жүзінің ірі оқу орындарында білім алып жатыр.

Аса талантты балалар үшін президенттік «Дарын» сыйлығы тағайындалған.

Басқа лауазымдары мен мансаптары

Экономика ғылымдарының докторы (1993)

ҚР Ұлттық ғылым академиясының (1995) және басқа да ғылыми мекемелер мен шетел оқу орындарының академигі

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы

Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы

Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы

Нұр Отан Халықтық-демократиялық партиясының төрағасы

Дүние жүзі қазақтары ассоциациясының төрағасы

Орталық Азия мемлекеттері Достық қорының құрметті төрағасы

ЕҚЫҰ-нің бас төрағасы

Бірнеше жыл Халықаралық Аралды құтқару қорын басқарды

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.


Назарбаев – Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі – ерекше үлгідегі «Алтын Қыран» орденімен, сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінің, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың жоғары наградаларымен марапатталған.

Әлемдік сарапшылардың мойындауынша, Қазақстандағы Назарбаев пен оның пікірлестері жүргізіп келе жатқан өзгерістер XX ғ. соңында пайда болған жаңа тәуелсіз мемлекеттер тарихындағы ең табыстылардың бірі болып есептеледі.
Каталог: CBEC0794AEE22C49
CBEC0794AEE22C49 -> «Келісемін»: «Бекітемін»: Тәрбие ісінің меңгерушісі Ақмешіт ауылының №15орта мектеп мм- нің директоры
CBEC0794AEE22C49 -> Сабақтың тақырыбы : Ынтымақ түбі береке. Мақсаты: Оқушыларға ұйымшылдық,береке-бірлік,татулық туралы түсінік беру
CBEC0794AEE22C49 -> Әдістемелік құрал
CBEC0794AEE22C49 -> Психолог мамандарға арналған тренингтер
CBEC0794AEE22C49 -> Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бакиева Айнагүл Олжабаевна Әдебиет 8 сынып Тақырыбы: М. Жұмабаевтың «Батыр Баян»
CBEC0794AEE22C49 -> Сабақтың тақырыбы: «Абай -дана, Абай- дара»
CBEC0794AEE22C49 -> Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті, негізгі бағыттары, көрнекті өкілдері
CBEC0794AEE22C49 -> Р/с Жұмыстың мазмұны
CBEC0794AEE22C49 -> Эстетикалық пәндер бірлестігінің жылдық жұмыс жоспар 2014-2015 оқу жылы
CBEC0794AEE22C49 -> Патша жүрістері


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет