-Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалсын!
Сәлеметсіздер ме, балалар!? (сәлеметсіз бе), көңіл –кұйлерін қалай?(жақсы)
-Сабаққа дайынсындар ма? (иә)
-Ендіше сабағымызға көшпес бұрын менен кейін өлең жолдарын қайталандар:
Туған жерді сүйеміз,
Сырын бойға түйеміз
Әрбір сыйын құрметтеп,
Қасиетіңе бас иеміз!
- Енді маған мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші:
- Балалар біз қандай елде тұрып жатырмыз?
(Қазақстан)
-Балалар,Қазақстан Республикасы қандай Ел?
(тәуелсіз, егеменді, кең байтақ, тату)
-Қазақстан Республикасының бас қаласын атаңдаршы?
(Астана)
-Сонымен, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім?
(Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз). (Дұрыс айтасыңдар)
-Олай болса, мен сендерге мынадай тапсырма бергім келіп тұр, оның қалай орындалатынын қазір түсіндіремін (Мозайка) Музыка!
-Сендердің мақсаттарың 3 минутта осы мозайканы құрасытырып шығу, уақыт кетті.
-Қанеки кімде не шықты? Ал сендерде шыққан суреттерде осы адамдарды танисыңдар ма? Олай болса мен сендерді бүгінгі сабақта өзіммен бірге саяхатқа апарамын ал ол саяхаттың тақырыбы «Тұғырлы ел-Қазақстан» болмақ. Балалар, алдыда қандай мереке келе жатқандарыңды білесіңдер ме? Дұрыс, тәуелсіздік күні. Олай болса барлығымыз да тәуілсіздікке жету жолына саяхат жасайық!
-Біздің бүгінгі саяхатымыз 3 кезеңнен тұрады: Кеше, бүгін және ертең (балаларды әр кезеңмен таныстыру)
1986 жыл, 16-желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы да, қасіретті күн еді. Еліміздің тәуелсәздігі мен бостандығы үшін құрбан болғандар да аз емес, солардың бірілері Қайрат Рысқұлбеков, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова!
-1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді.
Бүгін
-Ал біз Президентіміз туралы не білеміз?
(оқушылар не білгендерімен ой бөліседі)
(президентіміздің өмірбаяны презентацияда көрсетіледі)
-Жарайсыңдар балалар! Ал,енді президентіміз туралы толығырақ білгіміз келе ме? (иа)
-Онда ол үшін біз сіздермен бүгін бас қаламыз Астанаға саяхатқа аттанайық! Бірінші біз Нұрсұлтан Ә.Н өмір жолымен танысайық, ол үшін бәріміз де тақтаға назар аударайық!(отбасы туралы қысқаша айтып кету)
-Ал сендер Астанада болдыңдар ма? Ұнады ма? Ендеше сендер Астанмыздың басты нышаны-Бәйтерек екенің білесіңдер!
-(Бәйтерек- Астанамыздың бас нышаны-малімет)
-Ақорда-
Сонымен балалар, Ақорда неше қабаттан тұрады?
-Міне балалар бұл ҚР тұңғыш президентіне арналған мүсінді көріп тұрмыз
Мүсін (скульптура) дегеніміз-латын тілінен аударғанда шекимін, қашаймын, лепят, ол бейнелеу өнерінің бір түрі болып табылады
-Сол алаңнан кейін біздер Астана қаласындағы Тұңғыш президентіміздің мұражайын көрудеміз иа балалар?Сол мұражайда біздің президентіміз туралы көп білетін боламыз,
-Қане,кіреміз бе? (иа)
-Ең алғаш кірер кезде ішінде не көріп тұрмыз балалар ?
(иа әрине бұл біздің мемлекеттік рәміздеріміз)
-Мемлекттік рәміздер жайында не білеміз?
(оқушылармен ой бөлісу)
«Слайдта рәміздер туралы мәлімет ұсынылады»
-Ал енді балалар мұражайдың екінші қабатына көтерілейік,қабырғаларға аса назар аударамыз,не көріп тұрмыз?
(Слайдта елбасымызға қатысты мұражай қабырғаларында бар фотолары көрсетіледі.)енді сол жақтағы қабырғаға назар аударсақ елбасының Қостанай облысында болған суреттері ілініп тұр екен.
Қане көрейікші!
-Міне, балалар мұражай арқылы елбасымызбен, біздің жерімізбен жақынырақ таныстық. Мұражайға естелік ретінде Қостанай қаласының №1 Мектеп-лицейінің 1 «Ә»сыныбы болды деп,
-«Егер мен президент болсам не істер едім?» атты тақырыпқа ойланып, жауап іздеп көрейікші, бәлкім арамызда болашақ президент отырған шығар! Бірақ бұдан бұрын әдемілеп сергіп алайық; одан кейін ойларыңды жинақтап, тиянақтап жазасындар!
(рахмет жарайсыңдар!!!)
Ертең
-Балалар, ал бұл біздің ертеңгі күніміз, егер сендер талмай еңбек етіп, басқа адам, халықтармен достықта өмір сүрсеңіздер, біздің болашағымыз осындай болмақ! Сендер Қазақ жеріміздің көркеюіне өз үлестеріңді қосасыңдар ма? Жарайсыңдар!
-Балалар сендерге Елордамыз Астанаға аттанған саяхатымыз туралы не айтасыңдар?
-Кімнің арқасында бізі қазір тыныш өмір сүріп жатырмыз?
Онда не көрдік? Мұражайда кіммен жақынырақ таныстық?
Сонымен 16 желтоқсан қандай күн?
(Дұрыс айтасыңдар, мұқият тыңдаған екенсіңдер, Жарайсыңдар!)
-Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бүкіл халқымызды жұмылдырып, рухтандырып тұрады. Мерейлі қазақ елінің Елбасы ел-жұртын жұдырықтай жүрегіне сыйғызып, қыран қанатының астына алып, барша жұрттың тендігін, татулық пен тыныштықты сақтауды мақсат етіп, бүгінгі қазақ елін осы дәрежеге жеткізді. Осындай халық қамын ойлаған азаматы бар қазақ елін бүгінде әлем таниды.
Құрметті оқушылар! Сендер тәуелсіз еркін елде ер жеткен ұлансыздар. Ендігі жерде еліміздің тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елімізді жоғары дамыған елдер қатарына енгізетін мына сендерсіңдер. Ол үшін сендер терең әрі жан – жақты білім алу керексіңдер, – дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар.
|