Сыныпты бастарына көтереді



Дата08.11.2019
өлшемі15,63 Kb.
#51376
Байланысты:
Документ1

Сыныпты бастарына көтереді.

Көптің ішінде кішкентай Қаныш көрінбейді. Қалғандары сынып ішінде.

Дабырлап тұрған балалардың бірінің көзі партаның астына көрінбесін

дегендей, қалтарысқа тығып қойған қапшыққа түспесі бар ма? Міне, қызық!

Бір бала жалма-жан тұра ұмтылды.

– Бұл не екен? Жейтін бірдеме бар шығар ішінде... Құрт, ірімшік пе?

Әлде сүр қазы-қарта ма екен?

– Болсаңшы, не болса да, көрелік! – деп оны қоршаған балалар

асықтырып тұр. Қапты ашқанша көңілдері тыныш табар емес.

Әлгі бала қаптың аузын ашып, қолын салып жіберді де, бір уыс ұсақ

тасты алып шықты.

– Әй, мынасы несі, жай тас па, әлде таскөмір ме? – деп қайтадан тастай

салды. Келесі бір бала:

Николай Ермилович, мынаны қараңыз, сурет, – деп, қапшықтан сурет

салынған бума қағазды алып шығып, маған ұсынды.

Суретті қолыма алып, қарай бердім. Табиғат көрінісін дәл бере білген.

Ақбеттің биік құзы, қос сұңқар қалықтай ұшып келеді. Ит тұмсығы өтпейтін

қарағай орманы. Төменде көгілдір Жасыбай көлі. Көз алдыма сонау

Баянауылелестеді. Бұрын аралаған жерлерімізді танып тұрмын. Осы Кезде

сыныпқа Қаныш та келіп кірді. Балалардың бәрі ашылған қап алдында оны

қоршап алып, сұрақты жаудырып жатыр:

– Мынау сенің қапшығың ба?

– Суретті өзің салдың ба, Қаныш?

– Тастарды қайдан жинап әкелдің?..

Қаныш достарының тосыннан қойған сұрақтарына саспастан:

– Баянауылдан. Жолда Екібастұз өндірісіне соқтым. Содан әдейі жинап

алып келдім, – деді.

– Жарайсың, Қанышым, мен сені әдебиетші немесе гүлдерді жақсы

көргендіктен, ботаник болады деп ойлап жүрсем, суретке де құштарлығың

бар екен ғой. Құтты болсын талабың!

Қаныш мені тыңдап тұрып, төмен қарап, қМейрамбек мектептен келдi де, қазыларын өрiске айдап шықты. Ауыл сыртындағы алаңқайдың көк шөбi жер бетiнен ине бойы көтерiлiп қалған. Күн жылы. Төмпешiктiң түстiк бетiне сарғалдақтар қаптап өскен. Мейрамбек қозыларына бiраз қарайлады. Сөйттi де, сар-ғалдақтар өскен қырға жүгiре жөнелдi. Жоғары көте-рiлдi. Былтыр осы төбеге зорға шыққан едi.

Төбенiң үстiнен ауылға қарады. Ана тұста өзiнiң үйi, ал сонау жерде өзiмен бiрге оқитын Марат пен Айгүлдiң үйi. Олар аулаларының алдынан көрiнбейдi. Әйтпесе қолын бұлғап, дауыстап шақырар едi. Мейрамбек шөп арасында жайқала өскен сарғалдақтар үстiне шалқая жатып, заңғар аспанға көз тастады. Көкте әппақ мақта секiлдi бұлттар жүзiп барады. Мейрамбек ендi байқады, аспан керемет екен!

Төбедегi бұлттар тұңғиық су iшiнде қалқып жүзген ақ бауыр қаздардан аумайды. Анау бiр бүлт ше? Ол тау-тау қып үйген ақ бұйра жүндей екен. Мына шеттегi бұлттың үстiне шығып алып, жер-дүниенi серуендер ме едi, шiркiн! Жо-жоқ, болмайды. Атасы мен әжесiн тастап не көрiнiптi. Мейрамбек бүгiн көктемнiң ғажайып сырына елжiрей қарады.

Биылғы көктем есiнде ұзақ сақталар-ау. Әсiресе, жаңа ғана көкке қарап шалқалап жатып, дүниенiң ғажап екендiгiне қайран қалғанын қарасаңшы.

Анау төмендегi ауылда өзiмен қол ұстасып бiрге жүрiп, бiрге оқитын Марат пен Айгүлдiң қасында жоғын айтсайшы! Мейрамбек орнынан тұрды да, қырдан еңiске қарай көйлегiнiң түймелерiн ағытқан қалпы зымырай жөнелдi.


ҚЫСҚЫ КЕШ

Алғашқы қар жауды. Кеш түсісімен, айнала аппақ мамыққа оранды. Әп-сәтте қара жер ақ түске малынды. Әншейінде көзге көрінген ағаштар да ақ ұлпа қарға оранды.

Әлгінде ауа райы суытқан соң, Жәмила мен Керімбек үйге тығылған. Қар жауған сәттен бастап, екеуі терезе алдында сыртқа көз салумен болды.

– Жәмила, қарашы! Аспан тола аппақ қар. Бірінен соң бірі жерге асығып түсіп жатыр, – деді Керімбек.

– Анау бір қар үп-үлкен екен. Қаздың мамығындай-ау. Есіктің алды да аппақ. Қандай керемет, – деді Жәмила терезеге үңіле түсіп.

Екеуі үй ішінде жарты сағаттай отырды. Далаға шығудың ретін таппады. Папасы мен мамасын жұмыстан келгенше күтті. Жылы киім киініп, үлпілдек қарды қолмен ұстағанша асықты.

Қыстың қысқа күні демде-ақ қап-қараңғы түнге ұласты. Көше бойындағы бағаналар басындағы электр жарықтары жанды. Жарық түскен жол үстінде аппақ қардың жерге түскен ұлпалары көзге анық көрінеді.

Осы сәтте үйге Жәмила мен Керімбектің әке–шешесі кірді.

–Папа, алғашқы қар. Аппақ қар. Қандай тамаша! – деді бірінші боп қарсы алған Жәмила.

– Мама, қарды басып келдіңіздер ме? Үстіңіздегі мына бір қардың ерімей тұрғанын қараңызшы? А-ай? Еріп кетті, – деді Керімбек анасының пальтосындағы ұлпа қарды қол ұшымен ұстап алғысы келіп.

Көңілді қыс кешінде кешкі асты бәрі бірге ішті. Бірақ Жәмила мен Керімбектің бүкіл ойы мен көңілі далаға бір рет ойнап келу болатын. Рахаттанып қарды қытырлата басып, достарымен түңгі көшені у-шуға батыру еді.

Бұлардың ойын біліп қойғандай, көрші үйлерден ұл қыздардың сыңғырлаған күлкілері мен былдырлаған дауыстары құлақтарына анық шалынды.

– Далаға барып ойнап келе қойыңдар, – деді папасы.

– Жылы киініп алыңдар. Омырауларыңды ашпаңдар. Кеуделеріңе суық тимесін, – деп мамасы Жәмила мен Керімбекті ұқыппен киіндіре бастады.



Сәлден соң-ақ, ары-бері шапқылап, аппақ қардың үстінде аунап-қунап балаларға көше бойы лық толды. Асыр салған жас бүлдіршіндер қысқы кештің көркіне көрік қосқандай, көшені нағыз хан базарына айналдырғандай болды. (280 сөз)


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет