СӨЖ №8
Тақырып. Тарихи өлкетанудағы этнографиялық деректер мен материалдар
Тапсырмалар:
«Тарихи өлкетанудағы этнографиялық деректер мен материалдар» атты презентация жасау +
Туған өлкені зерттеуде этнографиялық деректерді қолдану
Этнография – тарихи ғылымның жеке бөлімі, халықтардың мәдениетін, тұрмысын және мәдениетін зерттейді. Этнография термині гр. «этнос» — халық, «графос» — жазамын, яғни халықты сипаттау, халықтану болып табылады. Этнографиялық зерттеудің негізгі әдістемесі — әлем халықтарының тұрмысы мен өмірін тікелей бақылау, олардың қоныстануы, тарихи-мәдени қарым-қатынасын зерттеу. Соңғы онжылдықта этнография термині, ғылым саласы ретінде этнология терминімен алмасты. Көптеген шетелдерде этнография (этнология) жалпы адамзатты танып-білетін – антропология саласының бірі ретінде қарастырылады.
Этнография ғылым саласы ретінде ХІХ ғ., ортасында бөлініп шықты, осыған дейін тарихи зерттеулердің бір саласы ретінде қолданыста болды.
ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. «белгісіз халықтардың» өмірін зерттеу мақсатында бірнеше экспедициялар жарақталды. Олар өз зерттеулерінде Ресейдің көршілес елдерін зерттеумен айналысты. Ғылым Академиясының экспедициясы Сібір, Орал, Орта Азия және басқа да аудандарды зерттеумен айналысты. Кейде этнографиялық алғашқы ғылыми еңбектерде жарыққа шығып жатты. Солардың бір бөлігі Қазақстанға айналды. Міне, нақты осы кезеңде қазақ халқының дәстүрлері, салттары жайында алғашқы жазбалар пайда болды. Олар өлкенің тарихи, табиғи ерекшелігін сипаттады.
Этнографиялық өлкетанудың объектісі ретінде мәдени өміріне тұрмыстық ерекшеліктер, олардың шығу тектері, өзгерістер ескерілді. Қоныстардың орындары, олардың сыртқы құрылымдары тұрғын үйдің ішкі ерекшеліктері, әртүрлі қоныстар зерттелінді.
Этнографиялық бақылаулардың негізгі міндеті өткен кезеңнің оқиғаларын өзгертпей баяндау, сонымен қатар қандай жаңа өзгерістер келді. Халықтың тұрмыс-тіршілігі этнографиялық зерттеудің басты объектісі болып табылды.
Қазақстан аумағында мал шаруашылығы шаруашылықтың жетекші саласы ретінде қола дәуірінде орнықты. Алдыңғы андронов кезінде-ақ отырықшы тайпалардың кешенді шаруашылығы, үй жанында мал өсіру, кетпенді егіншілік, аң және балық аулау пайда болған. Алғашқы кездерде бұл бірыңғай өндіруші шаруашылык болды, онда мал шаруашылығы мен егіншілік әлі де дербес өндіріс салалары ретінде бөлінбеген еді. Б. з. б. II мыңжылдықтың ортасына карай көрініс өзгерді: шаруа- шылықта, археологиялык деректердің көрсетіп отырғанындай, алыс жерлерге көшуге және қыстыгүні тебінгілі жайылымға бейімделген қой мен жылқы сияқты жануарлардың үлес салмағы күрт еседі. Тұрғындардыңкөшіп-қонуы артып, далалық жайылық алқаптарды игеру үрдісі жүріп жатты. Мал шаруашылығының жеделдете дамуы барысында ежелгі тұрғындар арасынан шаруашылықтың осы саласымен айналысатын бақташы тайпалар бөлініп шықты. Қазақстан аумағында б. з. б. II мыңжылдықтың орта шенінде болған тұңғыш ірі қоғамдық еңбек бөлінісі шаруашылық қызметінің жаңа түрі — көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығының біржола калыптасуы үшін қажетті алғышарттар жасады.
Б. з. б. I мынжылдықың бас кезінде-ақ Қазақстанның далаларыңда, шөлейт және таулы аудандарда жартылай көшпелі және көшпелі мал шаруашылығы негізгі, ал содан соң үстем шаруашылық түріне айналады. Мұндай өзгерістер бірқатар себептерге байланысты еді, ал олардың ішіндегі ең бастысы бір-бірімен аса тығыз байланысты табиғи-географиялық және әлеуметтік-экономикалық факторлар болатын
Б. з. б. II мыңжылдыктың аяғы мен I мыңжылдыктың басында, басқа далалық аудандардағы сияқты, Қазақстанда да климат өзгеріп, ол барған сайын қуантарта берді. Табиғи су көздері кеміді, оның өзі үлкенді-кішілі өзендердің жайылмаларында егіншіліктің өрістеуін тежеді, ал кейбір аудан-дарда оны күрт кысқартты. Уақыт өткен сайын малшылық-егіншілік тайпалары ішінде үздіксіз көбейе түскен халык пен ндіргіш күштердің осы халықты күнкоріс құралдарымен қамтамасыз ете алмайтын үйлесімсіз төмен деңгейі арасында сәйкессіздік пісіп-жетіле бастады. Ежелгі тайпалар өз өндірісін тез жетілдіре алмады да, орын алған жағдайдан шығудың жолы бір ғана нәрсе — жер аумағын кеңейту деп білді. Қазақстанның суы аз жерлердегі суармалы егіншілікті дамытуға мүмкіндік бермеген далалық аудандары халқының көпшілігі үшін алғашқы экономиканың халық саны артуының өндіргіш күштеріне қысымын жоятын бірден-бір бағыты мал шаруашылығының көшпелі және жартылай көшпелі түрлеріне ауысу болды. Орасан зор жайылымдық алқаптары жағдайында мұндай шаруашылык бағыты мүмкін әрі тиімді болған еді.тайпаларының өмірінде экономикалық ірі прогресс, алғашқы коғамның өндіргіш күштері дамуына ілгері басқан қадам болды. Адам еңбегі неғүрлым өнімді бола түсті, өйткені шаруашылықтың мамандандырылуы мал, сондай-ақ ет, сүт, тері, жүн және т.б. түрінде артық өнім өндіруге кең мүмкіндіктер ашып берді.
Достарыңызбен бөлісу: |