Сөж массивтер



Дата22.04.2022
өлшемі53,56 Kb.
#140490
Байланысты:
СӨЖ 4 (1)


СӨЖ-4. Массивтер


Жұмыстың мақсаты – массивтерді есептер барысынд пайдалана білу, бір өлшемді массивтерді типтер және айнымалылар бөлімінде сипаттай білу, массив элементтерін енгізу жолдарын білу, масив элементтерімен ртүрлі операциялар: іздеу, сұрыптау, алмастыру, элементтң алып тастау және т.б. амалдарды қолданып есептер шығарып үйрену.
Тапсырма. Вариантта көрсетілгендей бірөлшемді массивті өңдеуді жүзеге асыру. Алгоритмнің блок-схемасын құру және программасын жазу.


Тапсырмалар варианттары:



  1. N өлшемді массив берілген. Массив индекстерін оларға сәйкес элементтер өсу реті бойынша түзілетіндей тәртіпте шығару.

  2. N өлшемді массив берілген. Алдымен оның жұп индексті элементтерін шығару,сосын-тақ индекстісін шығару.

  3. Өлшемі 10-ға тең А массиві берілген.А[l]

  4. А саны және Х(10) массиві берілген.Тізбектің А санына тең Х(і) элементі рет бойынша нешінші орында орналасқанын анықтаңдар.Егер мұндай сан болмаса, онда жауабы 0 болуы керек.

  5. Массивте кем дегенде бір теріс элементін және оның реттік номерін жауапқа шығарыңдар.

  6. У массивінің оң элементтерін Z массивіне рет бойынша көшіріңдер.

  7. А10) сандар тізбегін екі массивке бөліңдер, олардың біріншісіне жұп номерлі элементтерді жазыңдар.

  8. Z(10) массивіндегі оң элементтердің қосындысын есептеңдер.

  9. Х(20) массивіндегі жұп индексті элементтердің көбейтіндісі тақ сан екендігін анықтаңдар және “иә” немесе “жоқ” жауабын баспаға шығарыңдар.

  10. У(10) массивінің тақ индексті оң элементтерінің арифметикалық ортасын есептеңдер. Егер ондай элемент жоқ болса, “0” белгісін жауапқа шығарыңдар.

  11. 10 элементтен тұратын тізбектегі оң элементтер санын есептеңдер.

  12. Х(10) массивінің элементтерінің қосындысы жұп болатындығын анықтаңдар және «иә» немесе «жоқ» жауабын баспаға шығарыңдар.

  13. Х(12) массивіндегі оң элементтер орнына «1», ал теріс элементтер орнына «0»-ді жазыңдар.

  14. 10 өлшемді массивтің оң сандық элементтерін минимальды мәнге алмастыру.

  15. N өлшемді массив берілген. Масивтің минимальды мен максимальды элементтерінің арасындағы тұрған элементтерді кері тәртіппен орналастыру.

  16. N өлшемді массив берілген. Массивтің элементтерін бір позицияға солға қарай циклдық жылжытуды жүзеге асыру.

  17. N өлшемді нөлдік емес бүтін санды массив берілген. Оның ішінде тақ пен жұп сандары кезектескенін тексеру. Егер кезектессе 0 шығару, егер кезектеспесе, онда бұл заңдылықты бұзатын бірінші элементтің нөмерін шығару.N өлшемді массив берілген. Оның жергілікті минимумын табу.

  18. N өлшемді массив пен R нақты сан берілген. Берілген санға ең жақын болатын массивтің элементін табу.

  19. N өлшемді массив берілген. Бұл массивтегі екі ең жақын сандардың нөмірлерін табу.

  20. N өлшемді массив берілген. Оның бірдей элементтерінің максимальды санын табу.

  21. N өлшемді массив берілген. Екіден кем рет кездескен элементтерін алып тастау.

  22. N өлшемді массив берілген. Егер ол құрамында 1 ден N дейінгі сандарды қамтыса, онда нөлді шығару, әйтпесе бірінші кездескен ретсіз элементінің нөмірін шығару.

  23. N өлшемді массив берілген.Барлық оң элементтің алдына нөлдік элементті қосып өзгерту.

  24. N өлшемді массив берілген. Әр серияға бір элементті қосып өзгерту.

  25. N өлшемді массив берілген. Бірінші кездескен ең ұзын серияға бір элементті қосып өзгерту.

  26. N өлшемді массив берілген. Әр сериядан кейін нөлдік элементін қойып шығу.

  27. N өлшемді массив пен к саны берілген. Массивтің соңғы және к-ші серияларының орындарын ауыстыру. Егер массивте сериялардың саны к-дан төмен болса, онда массивті өзгертпей шығару.

  28. N өлшемді массив пен к саны берілген. Сериялардың ұзындығы к-ға тең барлық серияларды массивтен алып тастау.

  29. N өлшемді массив пен к саны берілген.Серияның ұзындығы к саннан кіші әрбір серияны бір нөлдік элементке ауыстырып отыру.

  30. Пернетақтадан енгізілген сан массивте қанша рет кездесетінің тексеру.

  31. Таңдау әдісі арқылы массивті өсу реті бойынша массивті сұрыптау.

  32. (10) массивіндегі жұп номерлі теріс элементтердің арасында ең үлкенін табыңдар.

  33. Х аргументінің 1-ден 15-ке дейінгі аралықта, 0,5 қадам бойынша z=Ax2+Bx+C функциясының мәндерінің ең үлкенін табыңдар. Функцияның мәнін S массивіне жазыңдар.

  34. Х(10) және У(10) массивтері берілген. Массивтердің i- ші (i-1,10) элементтерінің арифметикалық орталарын табыңдар және оларды Z массивіне жазыңдар. Z массивінің элементтерінің ең үлкенін табыңдар.

  35. y=sin(x2+5x)*cos(3x2-x) функциясының х аргументі 0-ден с-ға дейінгі аралықта h қадамы бойынша өзгергендегі мәндерінің ең кішісін табыңдар. Функция мәндерін А массивіне жазыңдар.

  36. Х(10) массив берілген. Осы массивтің тақ номірлі элементтерінің арасынан ең кіші оң элементті табыңдар.

  37. Х,У массивтері үшін X(I)+Y(I) қосындыларының ең үлкенін табыңдар.

  38. А(10) массив элементтерінің ең үлкенін табыңдар.

  39. А(10) массивінің оң элементтерінің ең кішісін табатын программа құрыңдар.

  40. А(10) массивінің жұп нөмірлі элементтерінің арасынан ең кіші оң элементті табыңдар.

  41. Әрқайсысы 5 элементтен тұратын 4 массив берілген. Әрбір массив элементтерінің қосындыларын тауып, Z массивіне жазыңдар.

  42. Әрқайсысы 6 элементтен тұратын 3 массив берілген. әрбір массив элементтерінің қосындысын табыңдар, оларды А массивіне жазыңдар және ең кішісін табыңдар.

  43. Х(20) массиві және А саны берілген. А-ға дейін орналасқан массив элементтерінің қосындысын табыңдар, оларды А массивіне жазыңдар және ең кішісін табыңдар.

  44. Бір өлшемді А(10) және В(10) екі массив берілген. А және В массивтерінің сәйкес элементтерінің көбейтінділерінен тұратын С(10) массивін құрыңдар. С массиві элементтерінің ең кішісін табыңдар.

  45. Х(10) векторының бүкіл теріс элементтерін «0»-мен алмастырыңдар.

  46. В(10)массивінің жұп номерлі элементтерінің арасынан ең үлкенін тауып,тақ номерлерін «0»-мен алмастырыңдар.

  47. Бір өлшемді С(20)массивінің бірінші элементін соңғы элементтерімен, ал екінші элементін соңғы элементтің алдындағы элементтепен,т.с.с.қосыңдар.Нәтижені Д массивіне жазып,оның ең үлкенін табыңдар.

  48. А(10)массивінің жұп элементтерінің квадратын табыңдар. Осы пайда болған массивтің ең кіші элементін табыңдар.

  49. А(10)массивінен жұп оң сандарды В массивіне жазыңдар.

  50. В(30)массив элементтерінен индекстері 3-ке қалдықсыз бөлінетін элементтердің арасынан ең кішісін табыңдар.


Бақылау мысалы.А(10) массиві берілген. Массивтің барлық элементтерінің әртүрлі екенін анықтау.

БАСЫ



i:=i+1

бірдей элементтері бар

барлық элементтер әртүрлі

i<9


5



7

Program primer4;
Var a:array[1..10] of integer;
i.j:integer;
begin
writeln(‘массивтің 10 элементтерін енгізіңіз’);
for i:=1 to10 do redln (a[i]);
for i:=1 to 9 do begin
for j:=i+1 to 10 do begin
if a[i]=a[j] then break;
end;
if j<10 then break;
end;
if i<9 then writeln (‘массивте бірдей элементтері бар’) else writeln (‘массивтегі барлық элементтер әртүрлі’);
end.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет