СӨЖ
Тақырыбы: AutoCAD-тағы редакциялау мүмкіндіктері
Тобы: 704-81
Орындаған: Жумабек Н.
Қабылдаған: Олжатаев Б.
Шымкент – 2020 жыл
AutoCAD-тағы редакциялау мүмкіндіктері
Редакциялау құралдары
Редакциялау - AutoCAD-та өте маңызды рөл атқарады. Редакциялаусыз ешбір сызба жұмысы жасала алмайды. Мысалға, сызылған объектіні қайта салудың орнына, көшіру.Редакциялау бұйрықтарының көбісі Modify менюінде орналасқан. Ең маңызды редакциялау бұйрықтарына тоқталайық:
Erase (Өшіру): бұл процесс әрбір сызбада қолданылады. Erase бұйрығы өте қарапайым және оның параметрлері жоқ. Объектіні өшіру үшін объектіні таңдап, одан кейін объектіні көрсету қажет.
Move(Жылжыту): объектіні жылжыту үшін Move бұйрығын Modify панелінен таңдап, жылжуы тиіс объектіні көрсету керек. Кейін Specify base point or displacement: шақыруынан өзіңізге керекті әдісті таңдаңыз.
Сору (Көшіру): процесі жылжыту процесіне ұқсас, бірақ көшіруда объектінің бір не бірнеше пайда болады. Бірнеше көшірме құру үшін Сору бұйрығын Multiple параметрі пайда болады. Сору бұйрығы таңдалғаннан кейін мынадай шақыру пайда болады. Specify base point or displacement, or [Multiple]: бұл жерде өзіңізге керекті екі әдістің біреуін таңдаңыз.
Rotate(Бұрылу): AutoCAD объектілерін базалық нүте айналасында, берілген бұрышқа бұру мүмкіндігін қамтыған. Объектіні бұру үшін Rotate бұйрығын қолданамыз. Ол Modify панелінде орналасқан. Rotate бұйрығын таңдап, бұрылуы керек объектіні көрсету керек. Кейін бұйрықтық жолға бұрыш шамасын енгізіңіз.
Scale(Масштаб): бұл бұйрықпен біз жоғарыда танысқан едік. Modify панеліндегі Scale бұйрығын таңдағаннан кейін бұйрықтық жолға бірден үлкен шаманы енгізсек, онда сызба сол шамаға үлкейеді, бірден кіші шама енгізілген болса, онда сызба сол шамаға кішірейеді.
Объектіні таңдау
Объектіні таңдау жеңіл көрінгенімен өте жеңіл жұмыс емес. Оның да өзінің параметрлері бар. Бұл параметрлер өте керекті: саны 16. бұл параметрлердің аббревиатуралары бар. Select objects: шақыруына қажетті аббревиатураны енгзсеңіз болғаны. Солардың ең маңыздыларына қысқаша тоқталайық:
Window: бұл параметр диагоналінен екі бұрышы көрсетілген терезеге толығымен кірген объектілерді таңдайды. Терезені ашқанда солдан оңға қарай ашу керек.
Last: соңғы құрылған объектіні таңдайды.
Crossing: терезеге толығымен не бөліктеп кірген объектілердің бәрі таңдалады. Терезені ашу оңнан солға қарай бағытталған.
Box: бұл Window және Crossing параметрлерінің комбинациясы. Егер терезені оңнан солға белгілісеңіз, онда Crossing параметрін қолданудасыз, ал егер солдан оңға ашсаңыз Windows параметрін қолданасыз.
All: бәрін таңдайды.
Fence: уақытша таңдау сынық сызығын құруға мүмкіндік тудырады. Сызықты қиған барлық объектілер таңдалады.
Wрolygon: бұл параметр дұрыс көпбұрыш құрады, және ішіне кірген объектілерді таңдайды.
CРolygon: дұрыс көпбұрыш жасайды. Ішіне толығымен және бөліктеп кірген объектілерді таңдайды.
Group: аты бойынша объектілерді таңдайды.
Редакциялау құралдарының кеңейтілген жинағы
Mirror(Айна): таңдалған объектінің айналық көрінісін жасау үшін қолданылады. Mirror бұйрығын қолдану үшін, оны Modify панелінен таңдау керек. Шыққан шақыруда, көрініс өсінің екі нүктесі сұралады. Өстің ұзындығы маңызды емес, маңаздысы өс бағыты.
Аrray (Массив): объект көшірмесінің тікбұрышты және шеңберлі массив құрайды. Тікбұрышты массив параметрімен жұмыс істеу үшін Modify панелінен Array батырмасын басып, бір немесе бірнеше объектіні көрсету керек. Сонда, Array терезесі ашылады. Бұл терезеде Rectangular array белгілеуін растап, өз еркіңізше жол мен баған саны арақашықтығын енгізуіңізге болады. Шеңберлі массивте объект көшірмелері центрі қолданушымен белгіленетін шеңбердің бойымен орналасады. Шеңберлі массив құру үшін келесі қимылдар орындалуы тиіс.
Modify панелінен Array батырмасын таңдау
Шыққан Array терезесінен Polar Аrray белгілеуін таңдау
Егер Array батырмасын басардың алдында, объектілер таңдалған болса, онда Array терезесінде объект санының тізімі пайда болады. Таңдалмаған болса, Select objects батырмасын басып, қажетті объектілерді таңдағаннан кейін Enter батырмасын басып, қайта Array тересесіне оралуға болады.
Массивтің орталық нүктесін белгілеу. (х,у координаттары бойынша) немесе Pick Center Point батырмасын басып, нүктені белгілеуге болады.
Ашылған Method терезесінде үш элемент пайда болады:
Total number of Items: басты және көшірілетін объектінің жалпы саны.
Angle to fill: массивпен қамтылатын шеңберлі сектор шамасын белгілеу.
Angle between Items : шеңберлі массивтің екі көршілес объекті арасындағы бұрышты белгілеу.
Offset (Ұқсас объект құру): Бұл бұйрық арқылы күрделі сызықтардан жасалған объектілердің ұқсастарын құруға болады. Modify панелінде орналасқан, Offset бұйрығын таңдағаннан кейін AutoCAD Specify offset distance or through : (Арақашықтық шамасын белгіле немесе нүкте <Нүкте>:) шақыруы шығады
● Егер шақыруға арақашықтық енгізсек, онда AutoCAD Select objects to offset or : шақыруын шығарады. Бір объектіні таңдауға болады. Одан кейін Specify point on side to offset: шақыруына эквидистантаны өткізу керек объектінің жағынан нүкте керек. Кейін бұл шақыру шыға береді, батырмасын басып бұл процестерді аяқтауға немесе жалғастыра беруге болады.
● Объектіге көрсетілген нүкте арқылы өтетін ұқсас объектілерді құру үшін “t” әрпін, кейін батырмасын басу керек. Select object to offset or : шақыруына бір объект көрсету керек. Кейін Specify through point: шақыруы шығады. Бұған, трансформаланған көшірменің өтуі керек нүктені көрсету керек.
Align (Түзету): Тек бір операция арқылы бір және бірнеше объектіні жылжытуға немесе бұруға мүмкіндік тудыратын бұйрық. Бұл бұйрық 3-өлшемді объектілермен жұмыс кезінде өте маңызды. Объектіні түзету үшін Modify => 3D operations => Align бұйрықтарын кезептен шақыру керек. Одан кейін AutoCAD объектідегі шеткі нүктені көрсетуге шақырады және ол нүктеге орны сәйкес нүкте көрсетуі тиіс. Егер дене күрделі болса, онда бұл нүктелер саны бірнеше болады.
Өлшемдерді түзету бұйрықтары
Trim (Кесу): Сызбаны сызғанда, басында сізге сәйкес объектілердің, керек емес сызықтары шығуы мүмкін. Бұл “өсімшелерді” Trim бұйрығы көмегімен кесуге болады. Объектіні кесу үшін Modify құралдар панелінде Trim бұрығын басу керек. Сонда мынадай шақырулар шығады:
Current settings: Projection = UCS Edge = None
Select cutting edges…
Select objects:
Бірінші қатар кесу процесінің жүйелік айнымалысын қамтиды. Еске түсіре кетерлік нәрсе! Ал 2-ші және 3-ші қатардағы шақыруға кесуші объектілерді таңдап көрсету керек. Кесуші объектілер мен кесілуші объектілердің қиылысуы міндет емес. Сол үшін объектілерді таңдағанда (кесуші/кесілуші) сіздің сызбаға сәйкес методты таңдау қажет:
● Егер кесуші мен кесілуші объект қиылысса, онда келесі Select object to trim or shift-select to extend or [Project/Edge/Undo]: шақыруына кесілуші объектілерді көрсету керек.
● Ал егер қиылыспайтын кесуші және кесілуші объектілермен жұмыс істеу керек болса, онда кесуші объектіні көрсеткеннен кейін шығатын Select object to trim or shift-select to extend or [Project/Edge/Undo]: шақыруына Edge немесе “e” параметрін таңдап алу қажет. Келесі Enter an implied edge extension mode [Extend/no extend]: шақыруына, Extend (немесе “e”) параметрін таңдап алып, қайта шығатын Select object to trim or shift-select to extend or [Project/Edge/Undo]: шақыруына кесілуші объектілерді таңдау керек. Жұмысты бітіру үшін басыңыз. Жүйе обектілерді кеседі.
Extend (Ұзарту): Бұл бұйрық, Trim бұйрығының қарама-қарсысы болып табылыады. Extend бұйрығы объектілерді, белгіленген объектілерге дейін ұзартады. Және де параметрлері бірдей. Тек қана кесілуші объектінің орнына ұзартушы объектіні көрсету керек болады.
Lengthen (Үлкейту): Бұл бұйрық объектілерді үлкейтумен қатар, кішірейте алады. Trim және Extend бұйрықтарын, егер кесуші және сәйкес ұзартушы объектілер болмаса, қолдана алмай қаламыз. Сол үшін Lengthen бұйрығы бізге аса қажетті.
Достарыңызбен бөлісу: |