әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Филология және әлем тілдері факультеті
Қазақ тіл білімі кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Бұқаралық ақпарат құралдарындағы ұлттық идея. Ұлттық болмыстың БАҚтағы көрінісі.
Орындаған: Садыкаева Мөлдір, Қазақ филологиясы, 402-топ
Тексерген: Иманалиева Ғазиза Қынуарбекқызы, Филология ғылымдарының кандиданты, доцент
Алматы, 2020 ж
Жоспары: 1. Кіріспе 2. Негізгі бөлім 2.1. Газет беттеріндегі ұлттық идеяның көрінісі (Мысалдар)
2.2. Телебағдарламалардағы ұлттық болмыс көрінісі
3. Қорытынды
Тақырыптың өзектілігі:
Еліміз өзге елдермен керегесі кең, терезесі тең болып, қатарының алды болсын десек, олардан дараланып тұрудың бірден-бір жолы-ұлттық құндылықты, ұлттық болмысты сақтау. Ұлттық құндылық дегеніміз адамзаттық құндылықтардың құрамдас бөлігі және әр ұлттың қоршаған табиғат ерекшеліктеріне сай өмір салты негізінде ғасырлар бойы жинақталған тұрмыстық және рухани мұра. Әлемдік өркениеттің биік өресін танытатын өзгеше әлем адамзат жаралғалы тарихтан белгілі, көне замандардан бастап дамудың небір сатыларынан аман-есен өтіп, әлемнің жоғары деңгейге жетуі үшін талай жаңалықтар ашты. Жер жүзіне мәдениетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды таныту үшін БАҚ-тың теңдессіз үлесі бар. Қазақстанның әлемдік өркениет алдындағы экономикалық, мәдени және әлеуметтік жағынан дамуы үшін оларды танытатын БАҚ маңызы айрықша.