СӨж тақырыбы: Дамуында ауытқуы бар балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері Тексерген: Орындаған: К. А. Жанкулова Факультеті: 5В010500-Дефектолгия Пәні: Логопедия негіздері Ақтобе, 2019



Дата20.12.2019
өлшемі25.12 Kb.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Мектепке дейінгі және арнаулы білім кафедрасы

Дефектология факультеті

СӨЖ

Тақырыбы: Дамуында ауытқуы бар балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері

Тексерген:

Орындаған: К.А. Жанкулова

Факультеті: 5В010500-Дефектолгия

Пәні: Логопедия негіздері



Ақтобе, 2019

Қазіргі уақытта статистикалық көрсеткіштерге жүгінсек,жылдан жылға сөйлеу тіл кемістігі бар балалар саны және логопедиялық көмекті қажет ететін балалардың пайызы өсуде.Кез келген жаста сөйлеу тілінің бұзылуы танымдық іс- әрекеттің және адамның әлеуметтік бейімделу мүмкіншелігін шектейді.

Бұл баланың жалпы жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді.Оның зияткерлік дамуы және мінез құлқының сипаттамасы жас шамасына жиі сай келмейді,ұжымдағы құрбы құрдастарымен қарым қатынасы қиындайды.Тіл кемістіктерінің себебі сыртқы және ішкі зиянды күштері,себептері (факторлары) немесе екеуінің бірдей организмге әсер етуі деп түсінеміз.Сөйлеу тілін меңгеру әр балада әр түрлі кезеңде және әр түрлі уақытта өтеді. Бұл әр түрлі себептерге байланысты жеке үдіріс.Сөйлеу тілінің дамуының кешеуілденің себептері: жүктіліктің кезіндегі және туған кезіндегі патология,есту мүшесінің зақымдануы, баланың психикалық дамуындағы жалпы артта қалуы, әлеуметтік депривацияның себептері.

Тіл кемістіктерін, оларды туғызатын себептерге байланысты екі топқа бөлуге болады:

А) табиғи тіл кемістіктері (органикалық);

Б) функционалды тіл кемістіктері;

Сонымен сөйлеу тілінің дамуы мен оның бұзылуын түзету және сақтандыру -логопедиялық ықпал жасау барысының негізгі бағыты болып есептеледі. Жиі кездесетін күрделі сөйлеу тіл кемістігін түзету үшін арнайы мамандардың кешенді көмегі қажет.Сол үшін баланы жан-жақты,толық тексеру керек.Медициналық,психологиялық және педагогикалық диагностикалар арасында шектес ғылымдар сияқты тығыз байланыстар бар.Сол үшін неғұрлым толық хабар алу үшін кешенді медициналы-психологиялы-педагогикалық диагностика қажет.

Диагностика – бұл диагноз қоюдың теориясы мен тәжірибесі. Біріншісі – диагнозды қою,бұнымен теоретикалық диагностика тығыз байланыста.

Екіншісі–тәжірибелік диагностиканың шұғылданатын диагнозды қою әрекетінің өзі. Диагностың негізгі мақсаты жекеліктен жалпыны, типтік, әдеттегіні көру. Диагностың негізгі мақсаты жекеден жалпылықты,ортақтықты, типтілікті көру, анықтау.

«Диагноз» - бұл әрқашан жалпы сипаттағы нақты жағдайды анықталған құбылысқа, көрініске әкеліп,жеткізіп,қорытындысын шығару. Әдетте жинақы,біртұтас,тұтастық диагноз көптеген жекелікті жинақтау нәтижесі, қорытындысы ретінде пайда болады. Педагогикалық диагностика өзінің мақсаты, міндеті, қолдану саласы бар ретінде қалыптасып, ғылымға дербес,жеке сала ретінде 20 ғасырдың екінші жартысында бөлініп шықты.

Қазақстан Республикасының «Мүмкіндіктері шектелген балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау» Заңына сәйкес Қазақстанда өмірінің алғашқы айларынан бастап-ақ дамуында мәселесі бар балаларға диагностикалық-түзете дамыту көмегін көрсету үшін ерте жастағы балаларға ерте көмек көрсету жүйесі ендіріле бастады.Балалар емханаларында және алғашқы медициналық-санитарлық мекемелерінде балалардың психофизиологиялық даму ерекшеліктерін анықтауды ұйымдастыру: балалардың кемшіліктерін дер кезінде анықтап, қажет болған жағдайда кешенді түрде терең зерттеу және көмек көрсету үшін оларды ПМПК-ке жіберу.Баланы скринингті тексеруден өткізген дұрыс.

Скринингті тексерудің міндеттері: сөйлеу тіл кемістігі бар балаларды анықтау;оларды терең зерттеп, кешенді тексеру және түзете дамыту,тәрбиелеу, оқыту мәселелерін шешу мақсатында психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестерге жолдама береді.Сөйлеу тiлiнiң бұзылуын саралауды, сөйлеу тiлiнiң даму ерекшелiктерi мен деңгейiн, сондай-ақ оның интеллектуалдық даму деңгейiне сәйкестiгiн анықтауды логопед басқа мамандармен жүзеге асырады.Сөйлеу тіл кемістіктерін анықтау үшін невропатолог дәрігердің тексеруінен өткен дұрыс.Себебі бұл сөйлеу тіл кемістіктерінің себептерін анықтап,балаға қажетті емдеу жолдарын көрсетеді.Сөйлеу тіл бұзылымдарының себептерін анықтағаннан кейін, психофизиологиялық еркешелігін,олардың потенциальды (ықтимал,болуы мүмкін) -ішкі мүмкіндіктерін, қабілеттерін ескере отырып, мүмкіндігінше кемістігінің орнын толтыруға, қалпына келтіруге жағдай туғызып, түзету жолдарын қарастырады.Тіл кемістігі бар балаларды ПМПК жағдайында диагностикалау және кеңес беруді ұйымдастыруда, жұмысын құрудың жалпы қағидаларына (тәртіпаралық және отбасы-орталық) сүйенеді.Тәртіпаралық тексеру ПМПК пен әр саладағы мамандардың бірлесіп тексеруі, оның нәтижесін талқылағаннан кейін шыққан ақырғы қорытынды мен нұсқауды бекітуді ұсынады.Дамуында кемістігі бар балалармен емдеу және түзету жұмыстары ертерек басталса,соғұрлым жетістіктері сәтті болады.Баланың дамуындағы ерте кезеңінде көрсетілген психологиялық-педагогикалық көмектер кемістіктерді жартылай немесе толықтай жеңуге мүмкіндік туғызып,балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік бейімделуін дамытып, мүмкіншілігі шектеулі балалардың санын азайтады.Қорытындылай келе ерте коррекциялық араласу медициналық-психологиялық-педагогикалық абилитация және реабилитация көзқараста ғана емес, сонымен әлеуметтік-экономикалық және этикалық көзқараста тиімді демекпін.



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Мектепке дейінгі және арнаулы білім кафедрасы

Дефектология факультеті

СӨЖ

Тақырыбы: Балалардың сөйлеу тілінің кемістіктерін анықтау (принциптері, түрлері, міндеттері,)

Тексерген:

Орындаған: К.А. Жанкулова

Факультеті: 5В010500-Дефектолгия

Пәні: Логопедия негіздері



Ақтобе, 2019

Логопедияның негізгі мақсаты сөйлеу тілі бұзылған баланы оқытуды, тәрбиелеуді және қайта тәрбиелеуді, сонымен қатар сөйлеу тілінің кемістіктерінен алдын – ала сактандыру жолдарын ғылыми негізде жете зерттеу болып табылады.

Логопедия ғылымының анықтамасына сүйене отырып, мынадай міндеттерді белгілеуге болады:

1. Әртүрлі тіл кемістіктеріндегі сөйлеу тілі қызметінің дамуын зерттеу.

2. Сөйлеу тілі бұзылуының таралуын, оның симтоматикалық белгілерін анықтау.

3. Сөйлеу тілі бұзылған баланың сөйлеу қабілетінің өздігінен белгілі бір бағытпен дамуын, сөйлеу кемістіктерінің адамның жеке басының қалыптасуына, психикасының дамуына тигізетін ықпалын анықтау.

4. Әртүрлі ақаулары бар балалардың сөйлеу тілінің қалыптасу ерекшеліктері мен кездесетін тіл кемістіктерін зерттеу.

5. Сөйлеу тілі бұзылуының себептерін, белгілерін, құрылымын, механизмдерін анықтау.

6. Сөйлеу тілінің кемістіктерін анықтайтын, ажырататын педагогикалық тәсілдерді жетілдіру, дамыту.

7. Сөйлеу тілі кемістіктерін жүйелеу.

8 . Тіл кемістіктерінің ерекшеліктеріне байланысты қолданылатын түзету әдістері мен амалдарын жетілдеру.

9. Қазақ тіліне тән дыбыстардың артикуляциялық ерекшеліктерін және түзету тәсілдерін анықтау.

10. Сөйлеу тілі кемістіктерінен алдын – ала сақтандыру тәсілдерін толық жетілдіру.

11. Логопедиялық жәрдемді ұйымдастыру мәселесін жете зерттеу.

Көрсетілген міндеттерден логопедияның теориялық және практикалық бағыттылығы анықталады. Өзімізге белгілі біздің тіліміз екі міндетті атқарады.

Біріншісі адам мен адамды - өзара қатыстыру, байланыстыру құралы ретінде қолданылса, екіншісі айтайын деген ойларын бір – біріне жеткізіп түсіну үшін қолданылады.

Тілдің сөйлегенде бұзылып, дыбыстың дұрыс қолданылмауы адамның әлеуметтік белсенділігіне, жеке басының қызметіне, сонымен қатар психикалық дамуына әсерін тигізу мүмкін. Күрделі тіл мүкістері немесе тұтықпа сияқты кемістіктер мектепте баланың оқу үлгерімінің төмендеуіне себебін тигізсе, өскенде мамандық таңдауына әсер етіп, қиындық туғызады.

Біздің тіліміз ойлаумен тығыз байланысты. Баланың тілін дамытумен бірге біз оның ойын да дамытамыз. Адамның ойлауы тек тіл аркылы ғана туып және де сол арқылы қолданылады. Олай болса баланың дұрыс сөйлеуі ойының дамуы үшін де үлкен маңызы бар. Сөз қорының аздығы, тілдің толық жетілмеуі ақыл – ойдың дамуын төмендететін нышаны болады.

Тіл кемістігі көбінесе мектеп жасына дейінгі балаларда кездеседі. Егер осы кемістіктер дәл уақытында жойылмаса олар барған сайын ұлғайып нығаяды да, баланың дұрыс жетілуіне кесірін тигізеді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Мектепке дейінгі және арнаулы білім кафедрасы

Дефектология факультеті

СӨЖ

Тақырыбы: Гидроцефалия кезіндегі сөйлеу тілінің процесстерінің ерекшеліктері

Тексерген:

Орындаған: К.А. Жанкулова

Факультеті: 5В010500-Дефектолгия

Пәні: Логопедия негіздері



Ақтобе, 2019

Гидроцефалия (мишемен) — бас суйек куысында ми-жұлын сұйықтығы көлемінің көбеюі.

Этиологиясы және патогенезі. Жұлын-ми сұйықтығы сорылуының және айналысының бұзылуы немесе оның шамадан артық бөлінуі. Бұның себептері, әдетте, бастың закымдануының немесе нейроинфекцияның салдарынан болған жабыспа үдерісі, сонымен қатар ми ісіктері, мидың туа біткен ауытқулары және онық кабықтарының ауытқулары болып табылады.

Клиникасы. Жаңа туған нәрестелердің гидроцефалиясы кезінде байқалатын белгілер: бастың ұлғаюы, бас сүйек жабындысы көктамыр жүйесінің айқындылығы және көздердің төмен түсуі (батып бара жатқан күн секілді). Бас мөлшері бірте-бірте үлкейіп, алып болуы мүмкін (бас сүйек шеңбері 60 см-ге дейін жетуі және одан да көп).

Бас сүйек жіктері кеңейген, алдыңғы еңбек қатты ұлғайған. Сәбилердің бас сүйегі жұмсақ болатындықтан, гипертензия белгілері сирек байқалады.

Көбіне бас сүйек жүйкесінің сал аурулары кездеседі, әсіресе көру жүйкесінің атрофиясына байланысты көздің көргіштігі төмендейді. Өте ауыр жағдайларда баланың ақыл-есі дамымай қалуы мүмкін.

Ал ересектерде гидроцефалия бас сүйек іші қысымының жоғарылауы белгілерімен сипатталады: бастың ауыруы, құсу, көру жүйесінің іркілген (тоқтаған) шеңберлері, бас айналу. Егер ауру 17-18 жастан кейін пайда болса, бас мөлшері үлкеймейді.

Нақтамалау және ажырата нақтамалау. Науқастың жасына байланысты дамыған гидроцефалия кезінде рентгенограммада бас сүйек өзгерісі көрінеді: ересектерде түрік ершігінің бұзылысы, бас сүйек күмбезі бойынша саусақпен қысудың күшеюі байқалады. Компьютерлік томографияда және вентрикулографияда ми қарыншасының қатты үлкейгендігі және ми заттарының семуі.

Жаңа туған нәрестелердің гидроцефалиясын бастың мешелдік үлкеюінен ажырату керек. Бұған тән белгілер: бас сүйек тіндерінің қалыңдауы және мешел жағдайында қаңқаның типтік өзгерістері.

Ересектерде гидроцефалия кезінде жұлын-ми сұйықтығы айналысының бұзылыстары себебін анықтау, бірінші кезекте дер кезінде ми ісігін ажырата білу керек.



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Мектепке дейінгі және арнаулы білім кафедрасы

Дефектология факультеті

СӨЖ

Тақырыбы: Дислалик балалармен жүргізілетін логопедиялық сабақ жоспарын құрастыру және талдау

Тексерген:

Орындаған: К.А. Жанкулова

Факультеті: 5В010500-Дефектолгия

Пәні: Логопедия негіздері



Ақтобе, 2019

Дисграфия және дислексия-интеллект пен физикалық есту кезінде оқуды және жазуды меңгерудің қабілетсіздігі (немесе қиындығы).

Жазбаша сөйлеудің бұзылуының екі түрі — дислексия және дисграфияның болуы-жазбаша сөйлеудің екі түрі — жазу және оқу болып табылады.

Оқу мен жазу жолы өте қиын болды. Адамдарда тек ой айту ғана емес, оны басқа ұрпақ пен мәдениетке беру үшін сақтау қажеттілігі пайда болды. Ежелгі адамдардың алғашқы сөздері суреттер (жартастағы кескіндеме), сондай — ақ шартты суреттер-пиктограммалар мен идеограммалар болды. Содан кейін уақыт пен орынды үнемдеу үшін бұл "хабарламалар" ең маңызды мәліметтерді қалдырып, қысқарта бастады. Бірте-бірте сурет шартты болып, соңында таңбаға, символға айналды. Символдардан жазбаның екі негізгі тармағы болды — иероглификалық және әріптік ("альфабеттік"). Демек, бір өркениет иконикалық (иероглифтік) хаттың жолымен жүрді, онда иероглиф оны тудырған ұғыммен көрнекі (сурет) байланысты қорғайды, ал басқалары — неиконикалық (әріптік) жолмен, онда мұндай байланыстың жазбаша белгісі жоқ.

Өнертабыс әріптер, одан абстрактной қарағанда, иероглиф, приписывают древнейшему халқына болған этностардың тілінде сақталуы мүмкін. "Ашумен" әріптер адам миы қабығының белгілі жүйке аймақтары ерекше мамандануға ие болды, ол ерекше абстрактілі белгілер — әріптерді есте сақтау және пайдалану қабілетін қамтамасыз етеді.

Сөзден хатқа жол слог арқылы жатты. Енді әріптік болып табылатын жазу түрлері ерте кезеңдерде слог болды. Хат тұтас буынды алмастырды. Әдетте, слог үнсіз әріппен ұсынылды, ал дауысты түсірілді. Кейбір тілдерде мұндай ерекшелік әлі күнге дейін сақталған, мысалы, Иврит. Онда сөздер үнсіз әріптерден тұрады және сөздің мағынасы үшін дауысты қажет ететін жекелеген жерлерде ғана, ол жоғарыға қойылады (жария жасалады).

Неміс хатының теоретигі И. Фридрих слогтың бөлінуі, яғни дауысты үнсізден бөлу күрделі абстрагиялық ойларды талап етті. Ол тілдің үшбұрышты бірлігін — фонеманы түсінуге әкелді. Хат фонетикалық бірлік ретінде сөйлеу дыбысы емес, фонеманың графикалық баламасы болып табылады. Сондықтан оқу мен жазуды меңгеру тілдің фонематикалық жүйесіне бағдар жасауды талап етеді.

Сақтаулы интеллекті бар балалар бар, дәл оқу мен жазуды меңгере алмайды. Оларда теріс емес агнозия және апраксия, арифметика, математика, тарих және т. б. сияқты оқу пәндері жоқ. Әр түрлі пәндер бойынша үлгеріммен және оқу мен жазу бойынша үлгермеушілікпен байланысты диссоциация пайда болады. Бұл ретте мұндай балаларда ауызша сөйлеу қалыпты ғана емес, жазу мен оқуды үйрену қиын емес басқа балалардан да жақсы дамуы мүмкін.

Егер балаға хатқа қарағанда оқуды меңгеру қиын болса, онда дислексияның болуы анықталады. Егер хат қиын болса, онда дисграфия диагнозы қойылады. Жиі сөйлеу дамуының кешеуілдеуі кезінде дислексия және дисграфия да байқалады. Алайда, кейбір жағдайларда олар оқшауланған болуы мүмкін. Оқуға толық қабілетсіздігі Алексия деп аталады, жазуға толық қабілетсіздігі — аграфия.

Шет елдерде дисграфия дислекссіз болмайды деген пікір жеткілікті орныққан болып табылады,сондықтан дислексия терминімен бір мезгілде оқуды бұзу және хатты бұзу болып табылады. Сонымен қатар, басқа да кейбір сөйлеу бұзылыстары, мысалы, дислалия, сондай-ақ дислексия тобына кіреді.



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Мектепке дейінгі және арнаулы білім кафедрасы

Дефектология факультеті

СӨЖ

Тақырыбы: ОНЖ орталықтары және сөйлеу тілінің негізгі бұзылымдары

Тексерген:

Орындаған: К.А. Жанкулова

Факультеті: 5В010500-Дефектолгия

Пәні: Логопедия негіздері



Ақтобе, 2019

Тіл кемістігі деп - сөйлеу қабілетінің психафизиологиялық механиімің бұзылу салдарынан сөйлеушінің сөйлеу тілінің қоршаған ортаға тән мөлшерден ауытқуын айтамыз.

Сөйлеу тілінің бұзылуы төмендегіше сипатталады:

1. Өз бетінше пайда болады, жоғалмайды, қайта бекиді;

2. Сөйлеушінің жас мөлшеріне сәйкес келмейді;

3. Оның ерекшелігіне байланысты нақты логопедиялық ықпал жасауды талап етеді.

4. Баланың одан әрі дамуына кері әсерін жиі тигізеді.

5. Тіл білмейтін – диалектизм тіл кемістігі болып саналмайды.

6.Сөйлеу тілінің психофизиологиялық механизімінің ақаулықтарымен байлаысты.

Бұл ерекшеліктер тіл кемістіктерінің айырмашылығын көрсетеді.

Баланың сөйлеу тілінің бұзылуының себептері:

1. Сөйлеу тілінің ең ауыркемістіктері іштегі нәрестенің 4 апталық пен 4 айлық аралығындағы дамуының бұзылуынан пайда болады. Іштегі нәрестенің дамуының бұзылуына анасының екіқабат кезіндегі таксикоз, вирусты және басқада аурулар әсер етуі мүмкін;

2. Босану кезіндгі жарақаттану және босану кезіндегі балаға ауа жетпеуі;

3. Бала өмірінің алғашқы жылдарындағы әртүрлі аурулар;

4. Бала сүйегінің жарақаттануы;

5. Тұқым қуалаушылық факторлар;

6. Әлеуметтік тұрмыстық жағдайлардың қолайсыздығы.

Осы атап өтілген себептер ерекшеліктеріне қарай табиғи және функциональды болып екіге бөлінеді.

Тілдің табиғи бұзылуының орталықтан пайда болуына алалия, афазия сонымен қатар тіл мүкістіктерінің кейбір түрлері жатады.

Дислалия – есту қабілеті мен сөйлеу мүшелері дұрыс сақталғанда кездесетін тіл дыбыстарының бұзылып айтылуы. Синонимдері: тіл мүкістігі, тілдыбыстарын айту кемістігі, фонетикалық кемістік.

Ринолалия – сөйлеу мүшелерінің анатомиялық – функционалдық кемістіктерінің салдарынан дауыс әуенінің бұзылуы. Синонимдері: мұрыннан сөйлеуі.

Дизартрия – жүйке тамырларының сөйлеу мүшелерінің жұмысын толық қамтамасыз ете алмауына байланысты сөйлеу қабілетнің бұзылуы. Дизартрияның ауыр түрі анартрия деп аталады. Ондай жағдайда адам дыбыс шығару мүмкіншілігінен айрылады

Тұтықпа – сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттерінің тартылу салдарынан сөйлеу ырғағының және сөйлеу жылдамдығының бұзылуы. Тұтықпа органикалық және функционалдық болып екіге бөлінеді.

Брацилалия – сөйлеу тілінің қалыптан тыс баяулауы. Шапшаң сөйлеген кезде өздігіне кідіріп, мүдіріп,тоқтап қалу полтрн деген терминмен белгіленеді.

Дисфония – дауыс шығару мүшелерінің қалыптан тыс өзгеруінен дыбыс шығару қабілетінің бұзылуы немесе мүлдем айта алмауы. Синонимдері: дауыстың бұзылуы, дауыстың шаршағыштығы, қырылдап, сырылдап бәсең шығуы.

Алалия – бас ми қабығындағы тіл аймақтарының жастайынан зақымдануының әсерінен баланың сөйлеу тілінің жетілмеуі немесе мүлдем дамымауы.

Афазия – бұл сөйлеу тілінің толық немесе жартылай жойылуы. Мидың жарақаттануы, мидағы ісіктің салдарынан адам сөйлеу қабілетінен айырылады.

Жазбаша тілдің бұзылуы.

Жазбаша тілдің бұзылуы екі топқа бөлінеді:


  1. Дислексия – оқу процесінің жартылай бұзылуы.

  2. Дисграфия –жазу процесінің жартылай бұзылуы.

Оқу процесі қалыптаспаған жағдайда аграфия деп атайды.

Сөйлеу тілі кемшіліктерінің ең басты белгісін анықтау және оның біріңғай педагогикалық амалды жүзеге асырудағы маңызын жете зерттеу негізіне осы топтастыруды Р.Е.Левина ұсынған. Осы топтастырудағы сөйлеу тілінің бұзылуын екі топқа бөлінеді:



Бірінші топ – қатынас құралының бұзылуы. Оған фонетикалық және фонетика – фонематикалық дамымауы мен жалпы сөйлеу тілінің дамымауы жатады. Сөйлеу тілінің фонетика – фонематикалық дамымауы тіл дыбыстарын айту және қабылдау ақаулықтарының салдарынан әртүрлі тіл кемістіктері бар балалардың ана тілінде сөйлеу жүйесінің бұзылуы.

Екінші топ – қатынас құралының қолдану кезіндегі бұзылуы. Ондай бұзылуға тұтықпа жатады. Сөйлеу тілінің жалпы толық дамымауы тұтықпа мен тіркесіп аралас қосылған кемістікте болуы мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет