Сөйлем мүшелері, оның ҚҰрылысы мен түрлері



бет1/3
Дата26.03.2022
өлшемі2,17 Mb.
#136887
  1   2   3
Байланысты:
Намуратова С

Дайындаған:Намуратова Сетара Қабылдаған:Асан назерк Тобы: 1704-19


Тақырып:Сөйлем мүшесі болудың негізгі шарттары
Жоспар:
к
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Сөйлем мүшелері
2.Тұрлаулыжәне тұрлаусыз мүшелер
3.Дара және күрделі бастауыш
Қорытынды
Қай тілдің болмасын синтаксистік категориялары мен морфоло-гиялық категориялары бір-бірімен өзара тығыз байланыста болады. Сөз синтаксистік қызметі мен басқа сөздермен арадағы қатынасын сөйлем құрамында ғана көрсетеді. Кейде сөздің лексикалық мағына-сының өзі де сөйлем құрамы арқылы айқындалады.
Сөйлем белгілі бір ой желісін білдіріп, тыңдаушы жұртқа түсі-нікті болу үшін, ондағы сөздер өз ара берік синтаксистік байланыста тұруы тиіс. Сөйлемдік қоршаудағы әр сөз өзіне лайықты орында тұ-руы және жалғау, шылау сияқты дәнекерлік қызмет атқаратын тұл-ғаларды дұрыс қабылдауы керек. Осы талаптар орындалмаса, сөй-лемдегі сөздер өз ара берік байланыса алмайды да, айтылған ой түсініксіз болады. Демек, айту, тыңдау процесі өз мақсатына жете алмайды.
.
Сөйлем құрамына енген сөздерді өз ара таптастырғанда, оның ролі мен маңызы ескеріледі. Осы тұрғыдан қарағанда
Сөйлем мүшелері
Т
Ұ
Р
Л
А
У
Л
ы
Т
Ұ
Р
Л
А
У
С
Ы
З
Сөйлем мүшелері – сөздердің мағыналық тұрғыдан өзара тіркесуі нәтижесінде синтаксистік қызметте жұмсалатын сөйлемнің дербес бөлшектері. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен мағыналық байланыста болады, сол байланыс негізінде грамматикалық мағынаға ие болған сөздер, сөз тіркестері сөйлем мүшелері қызметін атқарады. Сөйлем мүшелері қызметінде сөйлемнің дұрыс құрылуының, әр сөздің өз орнында жұмсалуы мен ой желісі, стильдік жағынан нақты болуының орны ерекше. Сөйлем мүшелеріүлкен екі топқа бөлінеді:
тұрлаулы мүшелер (бастауыш, баяндауыш);
тұрлаусыз мүшелер (анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш).
СӨЙЛЕМНІҢ ТҰРЛАУЛЫ МҮШЕЛЕРІ
Сөйлемдегі айтылған ойдың негізі, сөйлемдік құрылыстың іргетасы — бастауыш пен б а я н д а у ы ш.
Сөйлем аяқталған ойды білдіре отырып, белгілі бір заңдылықпен тізіледі. Ол ойды көрсетуге қажетті бөліктерден, сөз тіркесінен тұра-ды. Осындай бөліктер сөйлем мүшелері деп аталады. Сөйлемдегі аяқталған ой бастауыш пен баяндауыш арқылы беріледі, Ал, сөйлемнің анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш мүшелері бастауыш пен баяндауыш білдірген негізгі ойды тереңдете, кеңейте түседі. Солай болғандықтан да, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері деп аталады.
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері — бастауыш пен баяндауыш — өзара қиыса байланыса келіп, предикативтік сөз тіркесін құрайды. Предикативтік сөз тіркесі сөйлем атаулының негізі, арқауы, желісі болып есептеледі. Б а я н д а у ы ш дегеніміз бастауыштың тура көрінісі. Бастауыш пен баяндауыштың қосындысы — сөйлем атаулының негізі, қаңқасы, ұйтқысы. Бірақ бастауыш пен баяндауыш өзара бара-бар тепе-тең деуге болмайды. Олардың теңдігі диалектикалық теңдік.Өйткені олар белгілі дәрежеде бір-біріне қарама-қарсы. Баяндауыш бастауышқа бағынады. Бастауыш пен баяндауыш бірлесіп барып айтылған ойды аяқтап тиянақтайды. Сондықтан да олар тұрлаулы мүшелер тобына жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет