Сөйлем мүшелері тұрлаулы мүшелер Сөйлем құрауға негіз болады



Дата04.05.2023
өлшемі165,46 Kb.
#176002
Байланысты:
Сөйлем мүшелері
аку 2, приложение, Заметка 3 июня 2023 г.15 40 55, Question 1, АФО стомат 2016

Сөйлем мүшелері –

сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы, белгілі бір сұраққа жауап беретін және сөйлемдегі басқа сөздермен байланысып тұратын сөздер

Сөйлем мүшелері

тұрлаулы мүшелер

Сөйлем құрауға негіз болады

тұрлаусыз мүшелер

Өздігінен сөйлем құрай алмайтын, тек сөйлемдегі ойды толықтырып тұратын мүшелер

Тұрлаулы мүшелер

бастауыш

Сөйлемде айтылған ойдың иесі болатын мүше.

кім? не? кімдер? нелер?

кімі? несі? кімім? нем?

кіміңіз? неңіз? кіміміз?

неміз? кімдерің? нелерің?

кімдеріңіз? нелеріңіз?

баяндауыш

Сөйлемді тиянақтап тұратын мүше.

Қай сөз табынан болса, сол сөз табының сұрағына жауап береді.

Тұрлаулы мүшелер

бастауыш

Жазда күн өте

ыстық болды.

Достарым осы

жарыста жеңіп

шықты.

Үшеуі сыртқа шықты.

Кеншілер сарайы

адамға лық толы.

баяндауыш

Біз тауға шықтық.

Оның ойы үйге ертерек

жету еді.

Оның алғаны – кітап.

Күн ыстық.

Оның түсі қара торы.

Ауыл мәдениеті өсіп

келеді.

Тұрлаусыз мүшелер

толықтауыш

Сөйлемдегі ойды

толықтырып

тұратын мүше.

кімді? нені?

кімге? неге?

кімде? неде?

кімнен? неден?

кіммен? немен?

пысықтауыш

Сөйлемде іс-қимылдың

түрлі белгісін (мекенін,

мезгілін, т.б.)

анықтайтын мүше.

қайда? қайдан?

қалай қарай? қашан?

қашаннан бері? қалай?

қалайша? қайтіп?

неліктен? не үшін? неге?

не мақсатпен?

қаншалықты?


анықтауыш
Сөйлемде басқа
мүшелердің
сын-сипатын
анықтап
тұратын мүше.
қандай? қай?
кімнің? ненің?
неше? нешінші?
қанша?қайдағы?
қашанғы?

Тұрлаусыз мүшелер

толықтауыш

Атасы балаларын

шақырды.

Досыммен ұзақ

сөйлестім.

Оған көмектесу

керек.

Бестен үшті алса,

екі қалады.

пысықтауыш

Ол қалада тұрады.

Ертең апам келеді.

Олар жоғары

көтерілді.

Батырлар Отан үшін

қаза тапты.

Ол сұраққа ойланбастан

жауап берді.


анықтауыш
Ол – ұзын бойлы
адам.
Біз осы ауылдан
шықтық.
Жазғы демалыста
шетелге барамыз.
Қолында
сары-қызыл гүлдер
бар.
Оныншы сыныпта
біз бұл тақырыптарды
өткен едік.

Толықтауыш мағынасына қарай

тура толықтауыш

Табыс септік тұлғасындағы

толықтауыш

Көлді жел қозғайды,

Ойды сөз қозғайды.

Оны ешкімге көрсетпе.

Мен кітап оқыдым.

жанама толықтауыш

Барыс, жатыс, шығыс, көмектес

септіктері тұлғасындағы толықтауыш

Білімдіден шыққан сөз,

талаптыға болсын кез.

(Абай)

Жақсымен жолдас болсаң,

Жетерсің мұратқа.

Жаманмен жолдас болсаң,

Қаларсың ұятқа.

Пысықтауыш мағынасына қарай

мезгіл

Іс-әрекеттің

мезгілін

білдіреді.

қашан?

қашаннан бері?

Түске дейін

сенбілік

аяқталды.

сын-қимыл

Іс-әрекеттің

жүзеге асу

амалын,

мөлшерін

білдіреді.

қалай?

қалайша?

қайтіп?

Ол жылдам

оқиды.


мекен
Іс-әрекеттің
болу орнын,
мекенін
білдіреді.
қайда? қайдан?
қалай қарай?
Оқушылар
мектепке қарай
кетті.
себеп-салдар
Іс-әрекеттің
себебін
білдіреді.
неліктен?
не үшін? неге?
Амалсыздан
тапсырманы
орындады.
мақсат
Іс-әрекеттің
мақсатын
білдіреді.
неге?
не мақсатпен?
Жұмыс істеу
үшін келді.

Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз


Даланың ақ қары кетіп, көктем келді. Көктемде Наурыз мерекесі тойланады. Наурыз мерекесіне наурыз көже дайындалады. Оған жеті түрлі дәм қосылады.
Мен қазақ халқының ұлттық мерекелерін жақсы білемін. Соның ішінде Наурыз мерекесінің алар орны ерекше. Наурызда барлық ұлттық құндылықтар ұлықталады. Ағайын бір-бірінің жағдайын біледі. Оны көрісу деп атайды. Наурыз мерекесінде ат спорты ерекше назарда болады. Қазақ елінің спорттық ойындары атпен байланысты екені белгілі.

Мен әрқашан да Қазақстанда тұратын адамдарға жанымның жылуын, жүрегімнің отын сыйлауға дайынмын. Мен өз Қазақстанымды қалай жақсы көрмеймін? Мен өз Отанымды қалай мақтан тұтпайын? Ол мені өз құшағына алады, әрдайым жылулық сыйлайды.

Аңға шыққан адамды қасқыр әудем жерден сезеді. Екі арада сезім мен түйсіктің арбасуы басталады. Бір-бірінің мысы арпалысады. Нағыз аңшы қасқырға бір рет қашып құтылуға мүмкіндік береді. Олар да оны түсінеді. Кейде олар да аңшыға мүмкіндік береді. Бір қарағанда тілсіз мақұлық болғанмен, Құдай оған ақыл да, айла да бергеніне еріксіз таңдай қағасың.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет