анықтауыш Сөйлемде басқа мүшелердің сын-сипатын анықтап тұратын мүше. қандай? қай? кімнің? ненің? неше? нешінші? қанша?қайдағы? қашанғы?
Тұрлаусыз мүшелер
толықтауыш
Атасы балаларын
шақырды.
Досыммен ұзақ
сөйлестім.
Оған көмектесу
керек.
Бестен үшті алса,
екі қалады.
пысықтауыш
Ол қалада тұрады.
Ертең апам келеді.
Олар жоғары
көтерілді.
Батырлар Отан үшін
қаза тапты.
Ол сұраққа ойланбастан
жауап берді.
анықтауыш Ол – ұзын бойлы адам. Біз осы ауылдан шықтық. Жазғы демалыста шетелге барамыз. Қолында сары-қызыл гүлдер бар. Оныншы сыныпта біз бұл тақырыптарды өткен едік.
мекен Іс-әрекеттің болу орнын, мекенін білдіреді. қайда? қайдан? қалай қарай? Оқушылар мектепке қарай кетті. себеп-салдар Іс-әрекеттің себебін білдіреді. неліктен? не үшін? неге? Амалсыздан тапсырманы орындады. мақсат Іс-әрекеттің мақсатын білдіреді. неге? не мақсатпен? Жұмыс істеу үшін келді.
Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз
Даланың ақ қары кетіп, көктем келді. Көктемде Наурыз мерекесі тойланады. Наурыз мерекесіне наурыз көже дайындалады. Оған жеті түрлі дәм қосылады. Мен қазақ халқының ұлттық мерекелерін жақсы білемін. Соның ішінде Наурыз мерекесінің алар орны ерекше. Наурызда барлық ұлттық құндылықтар ұлықталады. Ағайын бір-бірінің жағдайын біледі. Оны көрісу деп атайды. Наурыз мерекесінде ат спорты ерекше назарда болады. Қазақ елінің спорттық ойындары атпен байланысты екені белгілі.
Мен әрқашан да Қазақстанда тұратын адамдарға жанымның жылуын, жүрегімнің отын сыйлауға дайынмын. Мен өз Қазақстанымды қалай жақсы көрмеймін? Мен өз Отанымды қалай мақтан тұтпайын? Ол мені өз құшағына алады, әрдайым жылулық сыйлайды.
Аңға шыққан адамды қасқыр әудем жерден сезеді. Екі арада сезім мен түйсіктің арбасуы басталады. Бір-бірінің мысы арпалысады. Нағыз аңшы қасқырға бір рет қашып құтылуға мүмкіндік береді. Олар да оны түсінеді. Кейде олар да аңшыға мүмкіндік береді. Бір қарағанда тілсіз мақұлық болғанмен, Құдай оған ақыл да, айла да бергеніне еріксіз таңдай қағасың.