Сөйлеу функциялары Тіл арқылы адамдардың өзара қарым-қатынас жасау процесін сөйлеу деп атаймыз.
Сөйлеу дегеніміз –адамдардың тіл арқылы басқа адамдармен қарым-қатынас жасау әрекеті. Бұл қарым-қатынасты әр адам өзінше, бірақ та сол ұлттың қолданып жүрген тіл құралдары арқылы іске асырады. Ал тіл болса осы құралдардың (дыбыс, сөз, сөйлем, осылардың арасындағы байланысы) жүйесі, яғни дыбыс қоры және сөздік қоры сондай-ақ грамматикалық формалар болып табылады. Тіл қоғамдық өндірістің дамуы барысында, адамдардың өзара сөйлесу процесінде пайда болады, сөйтіп адам дайын тілді игереді.
Адамдардың бір коллективте бірігіп еңбек ету процесінде, «бір-біріне бірдеңе айту қажеттігі пайда болған». Адамдар замандастарына сөйлесу арқылы сол кезеңде болып жатқан оқиғаларды баяндап қана қоймай, сондай-ақ ол бүкіл адамзаттың барлық жинақтаған білім қорын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырады. Бала сөйлесуді үйрене отырып, өзі дүниеге келген қоғамның өмірінен тыныс алады. Егерде бала кездейсоқ бір жағдаймен сөзді үйрене алмай қалған кезде, оның ой-өрісі өте төменгі дәрежеде қалған болар еді.
Бөбектер алғаш дүниеге келген жылдары адам қоғамынан бөлек сырт қалып, адамдардың сөйлеген сөздерін мүлдем естімеген жағдайлардың (сирек кездессе де) болғаны бар. Мысалы, туған кезден бастап маймылдар асырап, солардың арасында өскен бірнеше баланың әр кезеңдерде Үндістанда табылған рас. Өй-өрісі жағынан бұл балалар өздерін асырап өсірген маймылдардың дәрежесінде болған. Кейіннен мұндай балалар адамдармен бірге өмір сүргенде олардың ақыл-ойы өте баяу дамыған. Адам өмірінің алғашқы жылдары оның интелектісінің дамуына сөйлеудің (тіпті жалпы әлеуметтік ортаның) қаншама мәні бар екенін осы дәлелдердің өзі көрсетеді.
Ойлау мен сөйлеу, жоғарыда айтылғандай, бір-бірімен тығыз байланысты. Адам ойлағанда, әдетте өз ойын іштей сөз және сөз тізбегі арқылы құрып, іштей сөйлеу деп аталатын түрде береді. Іштей, ең болмаса бір-екі сөзді құрап алмай, бір нәрсені шығынды да ойлап көріңізші, ойлай алмайсыз.
Алайда адамдар өз ойын сөзбен жеткізіп айтып бере алмайтын жағдайлар да болады. Бұдан ол сөзден бөлек бола береді деген ой тумайды. Бұл жерде адам іштей ойлаған сөзін сыртқа шығарып, сол ойын басқа адамға түсінікті етіп кеңінен айтып жеткізуінің қиын екендігі туралы ғана сөз болып отыр.
Сөз сөйлеу тек адам баласына ғана сөз тән. Жануарлар өз өмірі үшін маңызды оқиғаларды (қауіп төнгенде, азық табылғанда) бір-біріне дыбыс сигналы арқылы хабарлайды, сондай-ақ эмоцияларын (үйрену, ашу шақыру, ыза болу сияқты) білдіреді. Бірақ бұл дыбыстаулар бірінші сигнал системасына жатады.
Жануарларды зерттеу арқылы, олардың өзара дыбыстық қатынастары ерекшеліктерін кеңінен аша түсуге болады дегенмен, жануарлар шығарған сигналдар саны қаншама көп болғанмен, бұл сигналдардың адам баласы сөзінен ерекше айырмашылығы бар. Жануарлардың тілі әр алуандығына қарамастан, тек бірінші сигнал системасы болып қана қалмақ.