11 - ші тақырып. Автобус бағдарларының сипаттамасы. Бағдарлардың түрлері. Автобус бағдарының төлқұжаты. Бағдарды ашу және жабудың тәртібі. Автобус бағдарының көрсеткіштері.
Қалаларда автобустарда тасымалдау анық бір маршруттар бойынша ұйымдастырылады. Маршруттардың басы мен соңы жолаушы ағынының күрт өзгеруімен анықталады. Маршруттарды жолаушы жөнелтуші және жолаушы қабылдаушы пункттердің орналасуына қарай жол аралықтарына бөледі.
Автобус маршруттары аумақтық белгілері бойынша қалалық – қала аумағында қатнайтын; қала сыртында – қала аумағында басталып қаладан тыс 50 км-ге дейін қашықтықта қатнайтын маршруттар; қалааралық 50 км-ден артық арақашықтықта екі немесе одан көп қалалар арасында қатнайтын маршруттар.
Жол аралықтары – дегеніміз екі қатар орналасқан аялдау пункттерінің арасындағы қашықтықты айтамыз. Жол аралықтарының ұзындығы 300 – 700 м болуы мүмкін.
Автобустардың аялдау пунктері тұрақты, уақытша және жолаушылар талабы ьойынша.Тұрақты аялдамалар, тұрақты тұрақты жолаушы алмасу болып тұратын пункттарда құралады.
Уақытша аялдамалар – жолаушы алмасу белгілі бір сағат тәулікте немесе белгілі бір жыл мезгілінде болып тұратын жерлерде құрылады. Жолаушылар талабымен аялдау – жолаушы алмасу өте аз, бірак дүркінді болып тұратын жерлерде құрылады, рұқсат етіледі.
Сонғы аялдамалар маршруттардың соңғы пункттерінде құрылды.
Автобус маршруттарын қала жоспарындағы көрінісіне байланыты бірнеше түрге бөлінеді.
1. Диаметрлік – қаланың екі шетін орталық арқылы тұтастырып жатады.
2. Радиальды – қала шетін орталықпен байланыстырып тұрады.
3. Жартылай диаметрлік – орталық арқылы өтетін, екі қала ауданын байланыстырушы маршрут.
4. Айналма маршруттар – қаланың орталық бөлігінде сонымен бірге жеке райондарында ұйымдастырылады.
5. Тангенстік маршруттар қаланың жеке аудандарын байланыстыратын, орталық арқылы өтпейтін маршруттар.
Автобус маршруттарының схемасын есептеуде алдымен, түйіндер және қабырғалардан тұратын қалалық көлік тармағын анықтап аламыз, сонымен бірге пункттер арасындағы жылжулар санын жолаушылар ағынын зерттеу арқылы анықтап аламыз. Автобус маршруттарының оптималдық (тежемді үнемді) критериясы ретінде жолаушылардың тікелей жылжу үшін кеткен уақыты алынады.
E=n∑k=1 n∑f=1Pfk*tок+m∑i=1m∑f=1*Пij/tcij+tnij/ min
мұнда, к =1, 2, 3… n -- автобус маршруттар;
f = 1,2,3… n – маршруттардағы пункттер.
Pfk – жолаушы жаны , k –ші пункттегі автобус күтіп тұрғандар;
tok—k – маршруттағы жолаушының күткен уақыты
m—микрорайондар саны;
Пij – пункттер арасындағы жылжулар;
Автобус рейсі (сапары) – бастапқы және соңғы пункттер арасындағы жол.
Рейс ұзындығы --- маршрут ұзындығы;
Рейс уақыты – қозғалыстағы және аралық аялдамалардағы уақыт жиындысына тең.
tp= tk + taя
Автобустың айналымы: маятниктік маршрут lo = 2lm ; айналма маршрут lo = lm
Айналу уақыты:
tа = tқ + tая + tса
Жолаушы жолының орташа ұзындығы lж.о;
;
Мұнда F –қаланың ауданы , км2 ;
Жолаушы ауысымдылық коэффициенті;
; ήсм=Lм/ lж.о
Жолаушы ауысымдылық коэффициенті;
; ήсм=Lм/ lж.о
7-сурет. Қалалық автобус маршруттарының түрлері
1
1. Диаметрлі
2 2.Радиусты
3. Жартылай диаметрлі
3 4. Айналма
4 5. Тангенстік
5
4
Маршрут бойынша жолаушы ағынының таралу сипатына байланысты автобус рейстері;келесідей болады; жай – барлық алдау пункттерінде жолаушыларды отырғызатын және түсіретін; жартылай экспрес - жолаушыларды отырғызу және түсіру кейбір алдын ала қарастырылған пункттерде орындалады; экспресс - жолаушыларды отырғызу және түсіру тек соңғы аялдамаларда болады; қысқартылған – автобустардың рейсі маршруттың барлық ұзындығында болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |