Сонымен қатар отбасы некеге немесе қаны бір туыстыққа негізделген, ал оның мүшелері тұрмыстың ортақтығымен, өзара жауапкершілікпен және өзара көмек көрсетумен байланысқан шағын топ



бет1/3
Дата29.04.2022
өлшемі23,77 Kb.
#141365
  1   2   3
Байланысты:
әлеуметтану


Әлеуметтік институт- қоғам мүшнлнрінің өмір сүруін ұымдастырылуын реттеп отыруын тарихи қалыптасқан, тұрақты формалары.
Әлеуметтік институттар көмегімен адамдар арасындағы қарым- қатынастар белгілі бір тәртіппен стандартқа келтіріліп, олардың мінез- құлықтарымен іс- әрекеттері реттеліп отырады. Соның нәтижесінде тұтас қоғам өмірі дұрыс ұйымдастырылып, тұрақтылығын қамтамасыз етіп отыр. Әлеуметтік институттың 4 тобы болады:
1.экономикалық институт
2.саяси институт
3.рухани сана институты
4.отбасы институты

Қандай да бір әлеуметтік мұқтаждықтарды қанағаттандыруға арналған мәртебелердің ірі бірлестігі “әлеуметтік институттар” болып табылады.


Арнайы институттармен ұйымдар құра отырып қоғам өзінің өмір сүруінің маңызды салаларымен мәселелерін әлеуметтік өзара қарым қатынас түрлерін нақтылып бекітеді, оны берілген қоғамның әр мүшесі үшін тұрақты және міндетті етеді.
Әлеуметтік институттар негізіне жататын әлеуметтік байланыс “институтциональді” деп аталады. Ал осы байланыстардың тәртіптелген нормативті сипат беру процесі “инститиуттандыру” деп аталады.
Отбасы институты
Отбасы әлеуметтік институт ретінде зерттейтін социологияның негізгі бағыттарының бірі. Негізгі мәселелері отбасының өз қызметтерін орындау, әр түрлі типтегі отбасылардың өмірін, ажырасу себептері мен салдарын және тағы басқа зерттеулер болып табылады.

Отбасы әлеуметтену институты есебінде адам қоғамының қалыптасуымен бірге пайда болды. Отбасының дербестігі болғанымен, бірақ отбасылық қатынастар қоғаммен, оның дамуымен тікелей байланысты.


Отбасы - белгілі бір әлеуметтік нормалар, санкциялар, мінез-құлық, ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастарды реттеушілікпен сипатталатын әлеуметтік институт болып табылады.

Сонымен қатар отбасы - некеге немесе қаны бір туыстыққа негізделген, ал оның мүшелері тұрмыстың ортақтығымен, өзара жауапкершілікпен және өзара көмек көрсетумен байланысқан шағын топ. Неке отбасындағы қатынастарды қалыптастырушы болып саналады.


Некенің маңызды принциптері бар. Олардың қатарына жар таңдау еркіндігі, сұйіспеншілік , өзара сыйластық жатады. Ал оның негiзгi белгiлерi:


а) некелiк немесе оның барлық мүшелерiнiң қандық туыстық байланысы;


б) бiр жердегi бiрге өмiр сүруi;


в) ортақ отбасылық бюджет (қазына).


Бұл жерде заңдық жақтары мiндеттi емес. Басқа да белгiлерi нақты емес: бiрге өмiр сүру қашанға дейiн созылады бiр апта әйтпесе бiрнеше жыл; бұкiл отбасы бюджетiнiң қанша бөлiгiне әрбiр мүше кiредi т.б. Мұндай белгiлер объективтiлеу боп көрiнер едi.


Ұлгiлi отбасы-адамның бақытының маңызды, жақсы бiр бөлiгi. Қоғам сондай мықты, жақсы отбасыға назар аударады. Отбасының құрылуы, некеге тұруы заңмен реттелсе де жетекшi рол атқаратын мораль (адамгершiлiк). Мынаны атап айту керек, некенiң көптеген жақтары оған отыратын адамдардың арымен бақыланады. Ойланып, ақылменен отырған неке-сәттi, жақсы болады, ал ойланбай отырған неке-елiктiргiш болады.


Неке-бұл тарихи келiсiлген, қоғамдық рұқсат етiлген және реттелген әйел мен еркек арасындағы қатынастар, олардың құқығын бiр-бiрiне мiндетiн, балаларына, өз ұрпақтарына, ата-аналарына қатынастарын орнатады. Басқаша айтсақ, неке-ол отбасының дәстұрлi құрылу құралы, оны қоғамдық бақылау қоғамның өзiн өзi сақтауы мен дамуының бiрден бiр қаруы, жолы.


Адамгершiлiкпен некеге тұру реттелiп отырса, айырылысу яғни ажырасу да адамгершiлiкпен жұргiзiледi. Егер ерлi-зайыптылар арасындағы сыйластық, достық, татулық, сұйiспеншiлiк жойылса, отбасы емес, онда некенiңбұзылуы адамгершiлiк боп есептеледi.


Отбасы көптеген қоғамдық ғылымдардың: әлеуметтанудың, құқықтанудың, этнографияның психологияның, демографияның зерттеу обьектісі болып саналады.


Отбасы әлеуметтануы екі бағытта дамып келеді. Оның бірінші бағыты бойынша отбасының тарихы зерттеледі, екінші бағыт әлеуметтік институт ретіндегі қазіргі отбасының қалпын және шағын әлеуметтік топ ретіндегі жағдайын зерттейді .


Әлеуметтану отбасының функцияларына, отбасы саласындағы келеңсіз құбылыстарға (ажырасу санының артуы, жалғыз бастылардың санының өсуі) талдау жасауға да үлкен көңіл аударады.


Отбасының локалдануы - бұл тек туыстық қарым-қатынастармен шектеліп қалмай туыстардың бірлесе өмір сүретіндігін де мойындайды, сондықтан олардың тұрмысында ортақ элементтердің болуы, отбасымүшелерінің экономикалық өзара көмек көрсетуі ұнемі ұшырасып тұрады.


Отбасының құрылымы - бұл оның негізгі элементтерінің тұтастығын қамтамасыз ету тәсілі болып саналады.


2. Отбасындағы билікті бөлу, яғни билікке, лидерлікке ие болу және ондағы міндеттерді бөлу сипатына қарай отбасының екі типі сақталған. Оның біріншісі —дәстүрлі немесе авторитарлық отбасы. Дәстүрлі отбасында мынандай сипаттар тән:


· Ер адам негізгі мәселелер бойынша шешім қабылдаушы болып саналады, оның қожайындығы басым;


· әйелдің ер адамға экономикалық жағынан тәуелділігі;


· отбасындағы міндеттерді бөліп, ер адамның және әйелдің міндеттерінің бекітілуі.


Отбасындағы билікті бөлуге орай қалыптасқан отбасының екінші түрі - згалитарлық немесе демократиялық отбасы. Бұл отбасында:


· ұй шаруасына қатысты міндеттердің отбасы мүшелері арасында тең, әділ бөлінуі;


· ерлі - зайыптылардың тұрмыстық мәселелер бойынша бірлесіп шешім қабылдауы;


· демалыстарын бірге өткізуі, балалар тәрбиесіне бірдей қатысуы тән.


Ерлі-зайыптылардың немесе олардың ата-аналарының, туыстарының алатын орнына қарай отбасылар гемогенді және гетерогенді болады,



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет