Соөж кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары мен олардың ерекшеліктері



бет1/2
Дата28.04.2023
өлшемі45,26 Kb.
#175676
түріКодекс
  1   2
Байланысты:
соөж1



СОӨЖ

Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары мен олардың ерекшеліктері
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру заңды тұлға құрамастан (дара кәсіпкерлік) және заңды тұлға құру (әртүрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы кәсіпорындар) арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес (33-бап) заңды тұлға деп меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйымды айтамыз. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс, сондай-ақ оның өз атауы жазылған мөрі болады.
Еліміздегі барлық заңды тұлғалар екіге бөлінеді: коммерциялық ұйымдар және коммерциялық емес ұйымдар. Мұны келесі суреттен (сурет) көруге болады.

Заңды тұлғалар





Коммерциялық емес ұйымдар

Коммерциялық ұйымдар



Шаруашылық серіктестіктер

  1. Толық серіктестік

  2. Командитті (сенім) серіктестік

  3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

  4. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік

Мекеме





Қоғамдық бірлестік





Тұтыну кооперативі


Өндірістік кооператив


Қоғамдық қорлар


Акционерлік қоғам:

  • Жария компания

  • Ұлттық компания




Діни бірлестік


Мемлекеттік кәсіпорындар:

  1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын

  2. Жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын (қазыналық кәсіпорын)

Коммерциалық емес акционерлік қоғамдар





Шаруашылық серіктестік деп жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне (салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйымдарды айтамыз. Шаруашылық серіктестікті жеке және заңды тұлғалар құра алады. Құрылтайшылар (қатысушылар) серіктестіктің жарғылық капиталына салым ретінде ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқық және өзге де мүлікті енгізе алады.


Елімізде шаруашылық серіктестіктер мынадай ң нысанда құрыла алады:

  1. Толық серіктестік;

  2. Сенім (командитті) серіктестігі;

  3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

  4. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік.

Өндірістік кооператив дегеніміз – азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызметі үшін мүшелік негізде олардың өз еңбегімен қатысуына және мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі. Кооперативтің құрылтайшылары екеуден кем болмауы тиіс. Өндірістік кооператив заңды тұлға мәртебесін иеленеді және міндеттемелері бойынша қосымша (жәрдем беру) жауапты болады.
Өндірістік коопервтивтер мынадай қағидалар негізінде жұмыс жасайды:

  • Мүшелікке кіру мен шығудың еркіндігі;

  • Мүліктік (пайлық) жарна енгізу міндеттелігі;

  • Басқарудың демократиялылығы;

  • Өзара көмек және оның мүшелелері үшін экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету;

  • Өндірістік кооперативтің қызметі туралы ақпаратқа қол жетушілік.

Акционерлік қоғам деп өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлғаны айтады. Ал акция – акционерлік қоғам шығаратын және акционерлік қоғамды басқаруға қатысу, ол бойынша дивиденд және қоғам таратылған жағдайда оның мүлкінің бір бқлігін алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз. Акцияның жай, артықшылықты және «алтын акция» деген түрлері болады.
Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандарының қызмет ету ерекшеліктерін келесі кесте (2-кесте) түрінде көрсетуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет