Сорт деп, селекция тәсілімен алынған морфологиялық, биологиялық және тұқым қуалау ерекшеліктерімен шаруашылыққа құнды белгілері бар мәдени өсімдіктің жиынтығын айтады. Мынадай негізгі шарттарды атап өту қажет: 1) Сорт құрамына кіретін өсімдік топтарының шығу тегінде жалпыламалық бар. Ол бір немесе бірнеше өсімдік тұқымынан көбейтіледі. 2) Өсімдіктің бастапқы тегін көбейте отырып, шыққан тұқым шаруашылық - биологиялық қасиеттері мен морфологиялық белгілері бойынша сұрыптау жолымен алынады. 3) Сорт ашық бір аймақтағы табиғат жағдайында өсірілу үшін шығарылады. Ол бір топырақ - климат аймағында жоғары өнім берсе, екінші аймақта ондай өнім бермеуі мүмкін. 4) Сорт нақты өндірістік жағдайда өсіру үшін жасалады және механикаландыруда қол жеткен деңгейге, егіншілік мәдениетіне сай болуы қажет. 5) Тиісті табиғи және өндірістік жағдайларда сорт тұрақты және жоғары сапалы өнім беруді қамтамасыз етуі тиіс. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттары шығу тегі бойынша жергілікті және селекциялық болып бөлінеді.
Селекциялық сорт деп, селекциялық ғылыми әдістері негізінде ғылыми - зерттеу мекемелерінде шығарылған сорттарды айтады. Олар морфологиялық белгілері мен шаруашылық - биологиялық қасиеттері бойынша біркелкі болуымен ерекшеленеді. Сорт шығару тәсілі бойынша сорт – популяция, линиялық сорт, сорт - клон, буданнан шыққан сорт, мутант сорты болып бөлінеді.
Сорт – популяция айқас және өзін - өзі тозаңдандырудың нәтижесінде жаппай сұрыптау арқылы алынады. Олар тұқым қуалаушылығы жағынан біркелкі емес. Линиялық деп, өздігінен тозаңданатын дақылдарды жеке сұрыптау арқылы алынатын сорттарды айтады. Линиялық сорт – біртекті өсімдіктің көбеюі, сондықтан олар барлық белгілері мен қасиеттері бойынша біркелкі болады.
Селекция терминдері
Бастапқы материал – мәдени немесе жабайы өсімдіктердің немесе жануарлардың бағалы экономикалық қасиеттері немесе экстерьері бар линиялары, сорттары, түрлері, тектері.
Гибридизация (грек тілінен аударғанда «hybris» – будандастыру) – өсімдіктердің немесе жануарлардың әртүрлі тектеріне, сорттарына, тұқымдарына, түрлеріне, тұқымдастарына жататын особьтардың табиғи немесе жасанды айқасуы.
Сорт – адам қолдан жасаған және: а) белгілі бір тұқым қуалаушылық белгілерімен, б) тұқым қуалайтын тұрақты өнімділігімен, б) құрылымдық (морфологиялық) белгілерімен сипатталатын бір текті мәдени өсімдіктердің жиынтығы.
Гетерозис – бірі доминантты, екіншісі рецессивті гендер үшін гомозиготалы инбрентті (таза) сызықтарды кесіп өту арқылы алынған будандардың қуатты дамуы.
Полиплоидия - мутация нәтижесінде хромосомалардың диплоидты немесе гаплоидты жиынтығының бірнеше есе ұлғаюы
Мутагенез өнімділігін арттыру мақсатында мутацияларды жасанды түрде алуға мүмкіндік беретін жоғары сатыдағы өсімдіктер мен микроорганизмдерді іріктеу әдісі.
Биотехнология – тірі организмдер мен биологиялық процестерді өндірісте қолдану. Ағынды суларды биологиялық тазарту, өсімдіктерді биологиялық қорғау, сонымен қатар өнеркәсіптік жағдайларда азық ақуыздарын, аминқышқылдарын синтездеу, бұрын қол жетпеген препараттарды өндіру, жаңа өсімдік сорттарын, жануарлар тұқымдарын, түрлерін жасау. микроорганизмдердің және т.б.- бұл ғылым мен өндірістің жаңа саласының негізгі бағыттары.
Талдау әдістері
Жалпы талдау. Бұл талдау селекция мәселелеріне сәйкес келетін элиталық өсімдіктерді негізгі популяциядан сұрыптауға негізделген. Олардың тұқымдарын біріктіріп, жаңа популяция құрастырады.
Бұл әдісте сұрыпталған өсімдіктердің фенотиптері генотиптеріне сәйкес деп топшылайды. Ондай болжам аутогамдық популяцияларда іске асырылады. Егер моногендік және кейбір жағдайда өте жоғары тұқым қуалайтын полигендік белгілерімен сұрыпталса, кейінгілерге мыналар жатады: вегетация кезеңнің ұзақтығы, гүлдеу мерзімі, өсімдіктер биіктігі, тұқымдардың абсолюттік массасы.
Фенотиппен қайталама (рекурренттік) талдау. Талдаудың бұл әдісі бақыланатын тозаңданудың жоғарғы көрсеткішін – аутогамияны береді. Оны өздігінен стерильсіз немесе инцухт болдырмайтын механизмдері бар өсімдіктерде қолдануға болады.
Жеке талдау. Жалпы талдаудағыдай жеке талдауға бастапқы популяциялардан элиталық өсімдіктер алынады, бірақ дәндерін араластырмайды. Жеке сұрыптаудың негізі осында. Әр элиталық өсімдіктің ұрпағын танаптық жағдайда генотиптік бағалылыққа анықтайды.Элиталық өсімдіктерді сұрыптағанда жіберілген қателіктерді түзету үшін әр ұрпақты бөлек бағалап, генотиптік бағалылығын анықтайды. Жеке талдау жүргізіп сандық, яғни полигендік төмен және орташа тұқым қуалаушылығымен және доминанттық генотиптерімен сұрыптауға болады
Клондық талдау. Жеке өсімдіктен немесе бөлшектерінен алынған вегетативтік ұрпақты клон деп атайды. Егер араларында бір клонның дарақтары болмаса, генотипті біркелкі мутация. Клондық талдау –вегетативті көбейетін өсімдіктерді жеке талдау. Бұл әдіс те генеративті көбейетін түрлердегідей екі кезеңнен тұрады: элиталық өсімдіктерді сұрыптау және вегетативтік ұрпақты (клондарды) сынау. Бұл әдісте элиталық өсімдіктерді бөлуде ерекшеліктер бар.